User Guide - Windows 7

10 Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure
Start
Computer Setup пайдалану
Computer Setup немесе Basic Input/Output System (BIOS) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс
құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы
байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері,
компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup құралына өзгертулер енгізу кезінде сақ болыңыз. Қателер компьютердің
жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Computer Setup утилитасын бастау
ЕСКЕРТПЕ: Қосымша драйверлі USB қолдауы іске қосылған болса, USB портына жалғанған сыртқы
пернетақтаны немесе тінтуірді Computer Setup утилитасында пайдалануға болады.
Computer Setup бастау үшін, мына әрекеттер орындаңыз:
Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз.
Пернетақталары бар компьютерлер немесе планшеттер:
Компьютерді қосыңыз немесе қайта іске қосыңыз және НР логотипі пайда болған кезде
Computer Setup құралына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
Пернетақтасыз планшеттер:
Планшетті өшіріңіз. Іске қосу мәзірі көрсетілгенше қуат түймесін дыбыс деңгейін азайту
түймесімен бірге басып, Computer Setup құралына кіру үшін F10 пернесін түртіңіз.
Computer Setup утилитасында жылжу және таңдау
Мәзірді немесе мәзір пәрменін таңдау үшін, tab пернесін және пернетақтаның көрсеткі пернелерін
пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз немесе пәрменді таңдау үшін меңзегіш
құрылғыны пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Пернетақтасы жоқ планшеттерде таңдау үшін саусағыңызды пайдалануға болады.
Жоғары не төмен жылжу үшін экранның жоғары оң жақ бұрышындағы жоғары не төмен
көрсеткілерді басыңыз немесе пернетақтадағы жоғары не төмен көрсеткі пернелерін басыңыз.
Ашық тұрған тілқатысу терезесін жабу және басты Computer Setup экранына оралу үшін, esc
пернесін басыңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
60 10-тарау Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start