User Guide - Windows 7

ЕСКЕРТПЕ: Егер компьютер желіге қосылған болса, бағдарламалардың жаңартуларын, әсіресе
жүйенің BIOS жаңартуларын орнатпас бұрын желілік әкімшімен байланысыңыз.
BIOS нұсқасын орнату іс реттері әртүрлі екен. Жүктеп алу үрдісі аяқталғаннан кейін экранда
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз. Нұсқаулар экранға шығарылмаған жағдайда мына
қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Компьютер тармақтарын таңдаңыз.
2. Тағайындалған қатты дискіні таңдаңыз. Әдетте жергілікті диск (C:) тағайындалған қатты диск
болып табылады.
3. Бұрын жазылған қатты диск жолын пайдаланып, жаңарту файлын қамтитын қалтаны ашыңыз.
4. .exe кеңейтімі бар файлды екі рет басыңыз (мысалы, файл атауы.exe).
BIOS орнатылуы басталады.
5. Экрандағы нұсқауларды орындау арқылы орнатуды аяқтаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Орнату сәтті аяқталды сияқты хабар экранға шығарылғаннан кейін жүктелген файлды
қатты дискіден жоюға болады.
f9 пернесінің көмегімен жүктеу тәртібін өзгерту
Ағымдағы бастау процедурасы үшін жүктеу құрылғысын динамикалық түрде таңдауға мына
әрекеттерді орындаңыз:
1. Boot Device Options (Жүктеу құрылғысының опциялары) мәзіріне кіріңіз:
Пернетақталары бар компьютерлер немесе планшеттер:
Компьютерді қосыңыз не қайта іске қосыңыз және HP логотипі көрінгенде Boot Device
Options (Жүктеу құрылғысының опциялары) мәзіріне кіру үшін f9 пернесін басыңыз.
Пернетақтасыз планшеттер:
Планшетті өшіріңіз. Іске қосу мәзірі көрсетілгенше қуат түймесін дыбыс деңгейін азайту
түймесімен бірге басып, Boot Device Options (Жүктеу құрылғысының опциялары)
мәзіріне кіру үшін F9 пернесін түртіңіз.
2. Жүктеу құрылғысын таңдап, enter пернесін басыңыз.
TPM BIOS параметрлері (тек таңдаулы өнімдерде)
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бұл жүйеде Trusted Platform Module (TPM) функционалдығын қосудан бұрын
TPM модулін мақсатты пайдалану жергілікті заңдарға, реттеулер мен саясаттарға сәйкес келетінін
тексеріңіз және қажет болса, мақұлдаулар не лицензиялар алынуы керек. Жоғарыда көрсетілген
талаптарға қайшы келетін TPM пайдалану барысындағы сәйкессіздіктер үшін толық жауапкершілікті
өз мойныңызға аласыз. HP компания кез келген қатысты міндеттемелерге жауапты емес.
TPM модулі компьютер үшін қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. TPM параметрлерін Computer
Setup (BIOS) утилитасында өзгертуге болады.
ЕСКЕРТПЕ: TPM параметрін Hidden (Жасырын) күйіне өзгертсеңіз, TPM операциялық жүйеде
көрінбейді.
TPM BIOS параметрлері (тек таңдаулы өнімдерде) 63