Instruction for Use

KZ
Сақтандырулар мен кеңестер
!
Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік
стандарттарына сай жасақталып, дайындалған.
Төмендегі ескертулер қауіпсіздік ережелерін ескерту
мақсатында берілген және оны мұқият оқып шығу
қажет.
Құрылғыны пайдалану бойынша
кеңестер
Плита көмегімен жақсы нәтиже алу үшін:
• Пісіру аймағына толық жабысу үшін асты тегіс
табаны пайдаланыңыз.
• Қызуды толық пайдалану үшін ыстық қабатты
толық жабатындай диаметрі үлкен табаны
пайдаланыңыз.
• Пісіру аймақтары ғана емес, сонымен қатар
ыдыстың дұрыс қойылуы және төзімді болуын
қамтамасыз ету үшін ыдыстың табаны құрғақ әрі
таза болуын тексеріңіз.
• Газ оттығында пайдаланылатын ыдысты
пайдаланбаңыз: газ оттығындағы қызу табаның
қалпының бұзылып, оның бетке толық тимеуіне
себеп болады.
• Пісіру аймағын ыдыссыз қалдырмаңыз. Себебі
ол қызып ең жоғарғы температурасына жеткенде
плитаға зақым келуі мүмкін.
Жалпы қауіпсіздік
• Құрылғы үйде қолдануға арналған, оны
коммерциялық немесе өндірістік тұрғыда
қолдануға болмайды.
• Жабық жер болса да, құрылғыны сыртта
қолданбау қажет. Құрылғыны қорғаусыз жаңбыр
мен боранда қалдыру аса қауіпті.
• Құрылғыны жалаң аяқ немесе ылғал не дымқыл
қолмен, аяқпен түртпеңіз.
Құрылғыны кітапшада берілген нұсқауларға
сай, тек ересек адамдар ғана тағам дайындау
мақсатында пайдалануы тиіс. Құрылғыны
басқа түрде пайдалану (мысалы, бөлмені
жылыту үшін) дұрыс емес әрі қауіпті.
Құрылғыны тиісті, дұрыс және саналы түрде
пайдаланбау нәтижесінде пайда болған кез
келген зақымға өндіруші жауапты болмайды.
• Шыны керамикалық плита соққыларға шыдамды,
бірақ ол қатты істік затпен ұрғанда жарылып (тіпті
сынып) кетуі мүмкін. Егер мұндай жағдай болса,
құрылғыны дереу электр тоғынан суырып қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Плита беті шатынаған болса, тоқ соғудың алдын
алу үшін құрылғыны өшіріңіз.
• Басқа электр құрылғыларының электр кабельдері
плитаның ыстық бөліктеріне жақындамайтынына
көз жеткізіңіз.
• Пісіру аймақтары сөндірілгеннен кейін кемінде
отыз минут салыстырмалы түрде ыстық
болатынын есте сақтаңыз. Қалдық қызу бар
болған кезде индикатор шамы ескерту береді («Қосу
және пайдалану» бөлімін қараңыз).
• Еритін заттарды плитадан алыс ұстаңыз, мысалы
пластмасса, алюминий немесе құрамында
көп қанты бар өнімдер. Пластикалық үлдірді,
алюминий фольгасын немесе қаптамаларды
қолданғанда аса мұқият болыңыз:
егер оларды әлі ыстық беттерге қойсаңыз, олар
плитаны қатты зақымдауы мүмкін.
• Байқаусыздықтан күйіп қалмау үшін табалардың
тұтқаларын әрдайым плитаның ортасына қарай
бұрып қойыңыз.
• Құрылғыны өшіргенде розеткадан әрдайым
айырғышты ұстап тартыңыз, кабельден тартып
суырмаңыз.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратпай ешқашан
тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын
жасамаңыз.
• Металл заттарды (пышақтар, қасықтар, таба
қақпақтары, т.б.) конфоркаға қоймаңыз, себебі
олар қызып кетуі мүмкін.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Құрылғыны физикалық, сезімталдық және
психикалық қабілеттері төмен адамдар (балалар
да кіреді), тәжірибесіз немесе өнімнен хабары
жоқ кез келген адамның қолданбауы тиіс.
Мұндай адамдарға, кем дегенде, қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін біреулер жетекші болуы керек
немесе құрылғының жұмысына қатысты кіріспе
нұсқаулары берілуі тиіс.
22