Instruction for Use

KZ
Күтім және техникалық
қызмет көрсету
Құрылғыны өшіру
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын
құрылғыны токтан ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау
!
Қырғыш немесе таттандыратын тазартқыш
заттарды (мысалы, барбекю жасайтын құралдар
мен пештерді тазалауға арналған спрейлер), дақ
кетіргіштерді, тат кетіргіштерді, ұнтақ тазартқыш
заттарды немесе қырғыш беттері бар губкаларды
пайдаланбаңыз: олар құрылғы беттерін біржола
сызып тастауы мүмкін.
!
Құрылғыны ешқашан бу тазартқышымен немесе
шаңсорғышпен тазаламаңыз.
• Әдетте, плитаны дымқыл губкамен жуып, сорғыш
ас үй сүлгісімен құрғату жеткілікті.
• Плита өте кір болса, оны арнайы шыны
керамиканы тазалау затымен ысқылап, одан кейін
жақсылап шайыңыз да, кептіріңіз.
• Тағам қалдықтары мен кірді арнайы қырғышпен
кетіруге болады. Мұны мүмкіндік туа салып
орындаңыз, жабысып қалмауы үшін плитаның
салқындауын күтпеңіз. Жақсы нәтижеге қол
жеткізу үшін, керамикалық шыныны тазалауға
арналған жіңішке тот баспайтын болат сымнан
жасалған губканы сабынды суға малып,
қолданыңыз.
• Егер плита үстінде пластикалық немесе
құрамында қант бар заттар байқаусыз ерітілсе,
ллита беті әлі ыстық кезде оларды қырғышпен
дереу алып тастаңыз.
• Тазалағаннан кейін, плитаны арнайы қорғағыш
күтім өнімімен өңдеуге болады: бұл өнім
қалдыратын көзге көрінбейтін үлдір плитаның
бетін пісіру кезінде таматын тамшылардан
қорғайды. Бұл қызмет көрсету жұмыстарын
құрылғы жылы (ыстық емес) немесе салқын кезде
орындау керек.
• Құрылғыны таза сумен шайып, жақсылап кептіруді
ұмытпаңыз: қалдықтар кейін пісірген кезде
жабысып, қатып қалуы мүмкін.
Тот баспайтын болаттан жасалған қаңқа *
Тот баспайтын болатқа оның бетінде ұзақ уақыт
тұрған қаттылығы жоғары су немесе құрамында
фосфор бар тазалағыш заттар дақ түсіруі мүмкін.
Тазалағаннан кейін, бетті жақсылап шайып,
кептірген жөн. Бетке су төгілсе, оны тез әрі
жақсылап кептіріңіз.
!
Кейбір плиталарда тот баспайтын болатқа ұқсас
алюминийден жасалған жақтау болады. Алюминийге
қолдануға келмейтін ешбір тазалағыш немесе май
жоятын өнімдерді пайдаланбаңыз.
Плитаны бөлшектеу
Плитаны бөлшектеу қажет болса:
1. Әр жағында туралау серіппелерін ұстап тұрған
бұрандаларды босатыңыз.
2. Әр бұрышында бекіту ілмектерін ұстап тұрған
бұрандаларды босатыңыз.
3. Плитаны орнату қуысынан шығарып алыңыз.
!
Құрылғыны өз басыңызбен жөндеуге тырыспаңыз.
Құрылғы бұзылса, қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
*
Тек кейбір модельдерде болады.
23