Instruction for Use

24
KZ
Қосылған ЕСКЕ САЛҒЫШ белгішесі мерзім орнатылғанын
білдіреді; кері санау дереу басталады.
БАҒДАРЛАМАЛАР тұтқасының көмегімен қажетті тағам
дайындау режимін таңдаңыз.
Орнатылған мерзімді көру үшін УАҚЫТТЫ ОРНАТУ
тұтқасын басып, жіберіңіз; тілдер мен белгішелер қалған
минуттерді көрсетеді.
Орнатылған уақыт соңында 1 минут бойы ЕСКЕ
САЛҒЫШ белгішесі жыпылықтап және дыбыстық сигнал
беріліп тұрады (оны өшіру үшін тұтқаны аздап басыңыз).
БАҒДАРЛАМАЛАР тұтқасын «0» позициясына бұраңыз.
! Параметрден бас тарту үшін УАҚЫТТЫ ОРНАТУ
тұтқасын 3 секунд басып тұрыңыз: бағдарламалаудан
бас тартылып, ЕСКЕ САЛҒЫШ белгішесі өшеді.
Тағам дайындау режимдері
! Төмендегілерден басқа тағам дайындау режимдерінің
барлығына 60°C пен МАКС аралығында кез келген
температура мәні орнатылуы мүмкін
ГРИЛЬ (кеңес: тек МАКС деңгейін орнатыңыз)
ГРАТИН (кеңес: 200°C-тан асырмаңыз).
/ TRADITIONAL OVEN (ДАҒДЫЛЫ ПЕШ)
режимі
Үстіңгі және астыңғы қыздыру э лементтері қосылады.
Тағам дайындаудың дағдылы режимін пайдаланғанда тек
бір тағам дайындау тартпасын пайдаланған дұрыс, бірден
көп тартпа қолданылғанда пеш ішіндегі температура
бірдей болмауы мүмкін.
/
MULTI-COOKING (КӨП ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ)
режимі
Барлық қыздыру элементтері (үстіңгі және астыңғы)
және желдеткіш қосылады. Пештің қызуы тұрақты
болатындықтан ауа тағамды біркелкі қызартып пісіреді.
Бір уақытта ең көбі екі тартпаны пайдалануға болады.
/ PIZZA (ПИЦЦА) режимі
Қыздыру элементтері (төменгі және айналмалы)
және желдеткіш іске қосылады. Бұл қосынды, әсіресе
астыңғы элементке байланысты, жоғары мөлшерде
жылу шығарып, пешті жылдам қыздырады. Бір
уақытта бірден көп тартпа қолданылатын болса, тағам
дайындау үрдісінің ортасында табақтардың орындарын
алмастырыңыз.
/ GRILL (ГРИЛЬ) режимі
Үстіңгі қыздыру элементі іске қосылады. Грильдің аса
жоғары әрі тіке температурасы ет пен қақталған етті
жұмсақ түрде қалдыру үшін нәрін ішінде ұстай отырып,
олардың бетін қызартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ,
жоғары бет температурасын қажет ететін тағамдарға
грильді пайдаланған абзал: бифштекс, сиыр еті,
қабырға стейкі, белдеме, гамбургерлер және т.б...
Кейбір мысалдар “Тағам дайындау бойынша кеңес”
параграфында берілген. Осы режимде ас пісіргенде
пештің есігін әрқашанда жабық ұстаңыз.
/ GRATIN (ГРАТИН) режимі
Астыңғы және айналмалы қыздыру элементтері мен
желдеткіш қосылады. Осы мүмкіндіктердің жиыны
пештегі ауаның күшейтілген айналымы арқылы қыздыру
элементтерінің бір бағытқа жылылық бөлуінің тиімділігін
арттырады. Бұл тағамды күйіп кетуден сақтауға
көмектеседі және жылудың тағамның ішкі жағына енуіне
мүмкіндік береді. Бұл режим пайдаланылғанда пештің
есігі әрдайым жабық тұруы қажет.
/ BAKING (ПІСІРУ) режимі
Артқы қыздыру элементі мен желдеткіш іске қосылады
да, жылудың бүкіл пешке жұмсақ әрі біркелкі түрде
таралуын қамтамасыз етеді. Бұл режим температураға
сезімтал болатын және көтерілуді қажет ететін торт
сияқты тағамдарды және ұннан жасалған бәліштерді
үш тартпада бірдей жасауға арналған.
Гриль істігі *
Гриль істігін іске қосу үшін (сызбаны қараңыз) төмендегі
әрекеттерді орындаңыз:
1. Тұтқалы табаны
бірінші позицияға
орналастырыңыз;
2. Гриль тірегін үшінші
позицияға орналастырып,
істікті пештің артқы
қабырғасындағы тесікке
кіргізіңіз;
3. / немесе
/ режимдерін таңдау үшін тұтқаны
пайдаланып гриль функциясын қосыңыз.
Тағам дайындау бойынша кеңес
! Желдеткіш көмегімен тағам дайындау барысында
тартпаларды бірінші және бесінші позицияларға
орналастырмаңыз. Шамадан тыс жылу температураға
сезімтал тағамдарды күйдіріп жіберуі мүмкін.
! GRILL (ГРИЛЬ) және GRATIN (ГРАТИН) режимдерінде
тағамның қалдықтарын (май сияқты) жинау үшін тұтқалы
табаны бірінші позицияға орналастырыңыз.
* Тек белгілі бір модельдерде бар.