Instruction for Use

KZ
79
Индикатор шамдары
Индикатор шамдары маңызды ақпаратты береді.
Олар мына жағдайларды білдіруі мүмкін:
Кешіктіріп бастау
КЕШІКТІРУ ТАЙМЕРІ функциясы қосылған болса
(«Жекешелендіру» тарауын қараңыз), жуу циклы
басталғаннан кейін таңдалған кешіктіру мерзіміне
сәйкес келетін индикатор шамы жыпылықтай бастайды:
Уақыт өте, қалған кешіктіру уақыты көрсетіледі және
тиісті индикатор шамы жыпылықтайды:
Орнатылған кешіктіру уақыты өткеннен кейін,
жыпылықтаған индикатор шамы сөнеді де, таңдалған
жуу циклы басталады.
Жуу циклы кезеңінің индикатор шамдары
Қажетті жуу циклы таңдалып, басталғаннан кейін,
индикатор шамдары бірінен кейін бірі жанып, циклдың
қай кезеңі орындалып жатқанын білдіреді.
Функция түймелері және оларға сәйкес келетін
индикатор шамдары
Функция таңдалған кезде, оған сәйкес келетін
индикатор шамы жанады.
Таңдалған функция бағдарламаланған жуу циклымен
үйлесімді болмаса, тиісті индикатор шамы жыпылықтайды
және функция қосылмайды.
Бұрын таңдалған функциямен үйлесімді емес функция
таңдалса, тек ең соңғы таңдау белсенді болады.
Есік құлыптаулы индикатор шамы
Бұл индикатор шамы жанса, демек кездейсоқ ашылуға
жол бермеу үшін құрылғы есігі құлыпталған; кез келген
зақымды болдырмау үшін, құрылғы есігін ашпас
бұрын индикатор шамының сөнуін күтіңізү(3 минуттай
күтесіз).
Ескертпе: КЕШІКТІРУ ТАЙМЕРІ функциясы іске
қосылған болса, есікті ашу мүмкін болмайды; оны ашу
керек болса, БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін басу
арқылы құрылғыны тоқтатып қойыңыз.
! БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ индикатор шамы (қызғылт
сары) функцияның индикатор шамымен бірге жылдам
жыпылықтап тұрса, демек ақаулық орын алған
(«Ақаулықтарды жою» тарауын қараңыз).
Жуу циклын бастау
1. ҚОСУ / ӨШІРУ батырмасын басып, кір жуғыш машинаны қосыңыз. Барлық индикаторлар бірнеше секундқа
қосылып, қайта өшеді, ал ҚОСУ / ПАУЗА индикаторы өшіп-жана бастайды.
2. Кір бұйымдарды салып, машинаның есігін жабыңыз.
3. ПРОГРАММАЛАРДЫ таңдау тұтқасының көмегімен қажетті программаны таңдаңыз.
4. Кір жуу температурасын таңдаңыз (қара.: «Персонализацияланған бейімдеулер»).
5. Сығу жылдамдығын беріңіз (қара.: «Персонализацияланған бейімдеулер»).
6. Бөлгішке жуғыш құралды және қоспаларды (қара.: «Кір жуғыш заттар және кір бұйымдардың типтері»).
7. Қажетті қосымша функцияларды қосыңыз.
8. ҚОСУ / ПАУЗА батырмасын басып, программаны іске қосыңыз, сәйкес индикатор жасыл түспен жанады.
Іске қосуды тоқтату үшін ҚОСУ / ПАУЗА батырмасын басып, жаңа циклді таңдаңыз.
9. Программа аяқталғаннан кейін индикаторы жанады. ЛЮКТІ ТОСҚАУЫЛҒА ҚОЮ индикаторы өшкеннен
кейін люкті ашуға болады (3 минуттай күтесіз). Бұйымдарды шығарып, барабанды кептіру үшін люктің қақпағын
жартылай ашық қалдырыңыз. ҚОСУ / ӨШІРУ батырмасын басып, кір жуғыш машинаны өшіріңіз.
Жуу
Шаю
Сығу
Суды ағызу
Жуу циклының соңы