User Manual

KZ
59
Тоңазытқыш мүмкіндіктерін толық
пайдалану
• Температураны реттеу үшін ТОҢАЗЫТҚЫШ ЖҰМЫСЫ
тұтқасын пайдаланыңыз (Сипаттама бөлімін қараңыз).
Температураны жылдам төмендету үшін SUPER
COOL (АСА САЛҚЫН) (жылдам салқындату) түймесін
басыңыз. Мысалы, тоңазытқышқа жаңадан көптеген зат
салсаңыз, ішкі температура сәл өсуі мүмкін. Бұл функция
температураны оңтайлы деңгейге жеткенше уақытша
төмендету арқылы азық-түлікті жылдам салқындатады.
Камераға салқын немесе жылы тағамдарды салыңыз,
ыстық тағам салмаңыз (Сақтандырулар мен кеңестер
бөлімін қараңыз).
Пісірілген тағамдар пісірілмеген тағамдардан ұзақ
сақталмайтынын есте сақтаңыз.
Сұйық заттарды ашық ыдыста сақтамаңыз. Әйтпесе,
тоңазытқыш ішіндегі ылғалдылық өсіп, конденсация
түзіледі.
Тағамға қатысты гигиена
1. Тағамды сатып алғаннан кейін, тоңазытқыш ішіне
бактерия немесе кір әкелуі мүмкін қағаз, картон я басқа
орауыштардан жасалған сыртқы қаптаманы алып
тастаңыз.
2. Тағамдарды бір-біріне тигізбей, микроб немесе бактерия
таралуына, сондай-ақ өткір иістердің тоңазытқыш ішіне
сіңіп кетуіне жол бермеу үшін тағамдарды ораңыз
(әсіресе, тез бұзылатын және иісі өткір тағамдар).
3. Тағамдарды ауа айналымына кедергі жасамайтын түрде
сақтаңыз.
4. Тоңазытқыш ішін таза ұстаңыз, бірақ тотықтандырғыш
немесе абразивтік өнімдерді қолданбаңыз.
5. Жарамдылық мерзімі аяқталған тағамдарды
тоңазытқыштан шығарып отырыңыз.
6. Тағам дұрыс сақталуы үшін тез бұзылатын заттарды
(жұмсақ сырлар, шикі балық, ет, т.б.) тоңазытқыш
камерасының ең салқын жерінде, яғни салат бөлігінен
сәл жоғары, температура индикаторы орналасқан жерде
сақтау керек.
Мұздатқыш мүмкіндіктерін толық
пайдалану
• Температураны реттеу үшін МҰЗДАТҚЫШ ЖҰМЫСЫ
тұтқасын пайдаланыңыз (Сипаттама бөлімін қараңыз).
Жіби бастаған немесе жібіген тағамды қайта
мұздатпаңыз. Бұл тағамдарды пісіріп, жеп қойған жөн (24
сағат ішінде).
Мұздатылатын жаңа тағам жібітілген тағамға тимеуі тиіс.
Жаңа тағамды МҰЗДАТҚЫШ және САҚТАУ бөлігінде
сақтау керек, себебі ол жерде температура -18 °С-тан
төмен болады, яғни тағам жылдам мұздатылады.
Тығынмен немесе ауа кірмейтіндей жабылған, ішінде
сұйықтық бар шыны бөтелкелерді мұздатқышқа
салмаңыз, себебі олар сынып кетуі мүмкін.
Бір күнде мұздатуға болатын тағам мөлшері тоңазытқыш
камерасының төменгі сол жағындағы техникалық
сипаттар тақтасында көрсетілген (мысалы: кг/24 сағат: 4).
Мұздату (мұздатқыш қосылып тұрған болса): жылдам
мұздату SUPER FREEZE түймесін басыңыз (тиісті сары
индикатор шамы жанады), одан кейін тағамды салып,
есікті жабыңыз. Функция 24 сағаттан кейін немесе
оңтайлы температураға жеткенде (индикатор шамы
сөнеді) автоматты түрде өшіріледі;
! Мұздатқыш камерада ауа айналымына кедергі жасамау
үшін ауа кіретін тесіктерді тағаммен немесе ыдыстармен
жаппаған жөн.
! Мұздату кезінде есікті ашпаңыз.
! Ток өшіп қалса немесе ақаулық болса, мұздатқыш есігін
ашпаңыз. Осылайша, мұздатқыш ішінде температура бір
қалыпта болып, тағамдардың кем дегенде 9-14 сағат бойы
сақталуы қамтамасыз етіледі.
Техникалық қызмет және
күтіп ұстау
Құрылғыны өшіру
Тазалау және жөндеу кезінде құрылғыны токтан ажырату керек:
1. МҰЗДАТҚЫШ ЖҰМЫСЫ тұтқасын қалпына
орнатыңыз.
2. айырды розеткадан суырып алыңыз
! Бұл процедура орындалмаса, дабыс берілуі мүмкін. Бұл
дабыл ақаулықтың бар екенін білдірмейді. Әдеттегі жұмысты
қалпына келтіру үшін МҰЗДАТҚЫШ ЖҰМЫСЫ тұтқасын
қажетті мәнге орнату жеткілікті. Құрылғыны ажырату үшін 1-
және 2-қадамдарды орындаңыз.
Бұйымды тазалау
• Бұйымның ішкі және сыртқы бетін, сонымен қатар каучук
төсемдерін тазалау үшін ас содасы немесе бейтарап
сабын салынған жылу суға малынған губканы пайдалану
керек. Еріткіш заттарды, түрпі, хлор және аммиак
қосылған заттарды пайдалануға болмайды.
• Алынатын заттарды сабынды ыстық суға немесе ыдыс
жууға арналған құрал құйылған суға жібітіп қою керек.
Осыдан кейін оларды шайып, мұқият құрғату керек.
• Тоңазытқыштың артқы қабырғасына шаң тұрып қалуы
мүмкін, оны орташа қуатпен жұмыс істейтін шаңсорғыш
көмегімен сорып алуға болады. Бұл ретте тоңазытқышты
жуар алдында розеткадан ажыратып алу керек.
Сүңгі және жағымсыз иістерді
болдырмау бойынша іс-әрекеттер
• Осы бұйым гигиеналық материалдардан жасалған,
олардың
иісі болмайды. Осы сипаттарды сақтау үшін азық-
түліктерді
мұқият салып бетін жауып қою керек. Осы процедура
арқылы сүңгіні болдырмауға жағдай жасайсыз.
• егер сіз ұзақ уақыт бұйымыңызды өшіріп қойсаңыз, онда
бұйымтың ішкі бетін тиісті түрде тазалау керек және
есіктерін ашық күйде қалдырып кету керек.
l иіс сүзгісін ауыстыру
Сүзгіні қосқаннан бері шамамен 6-8 ай өткеннен кейін
ауыстыру қажет. Бұл мерзім сақталған тағам түріне қарай
әр түрлі болуы мүмкін. Жаңа сүзгі сатып алуға болатын
жер туралы мәліметті Көмек көрсету орталығынан алыңыз
(Көмек бөлімін қараңыз). Сүзгіні ауыстыру үшін нұсқауларды
орындаңыз (A және B сызбаларын қараңыз).
