Instruction for Use

KZ
57
Орнату
! Тоңазытқышты тоққа қоспас бұрын, алдымен
нұсқаулықтармен мұқият танысып алыңыз. Оларда
тоңазытқышты пайдалану, орнату және күтіп ұстау жөнінде
маңызды ақпараттар болады.
! Бұл нұсқаулықты сақтаңыз, өйткені болашақта пайдалану
барысында ол сізге қажет болады.
Орнату және қосу
Орнату
1.Тоңазытқышты құрғақ және жақсы желдетілетін бөлмеге
орналастырыңыз.
2.Артқы бетінде орналасқан желдеткіш тесіктерді бекітпеңіз:
компрессор және конденсатор өзінен жылу бөледі және
жақсы қызмет атқару үшін желдетіліп тұруды талап етеді, ол
тоңазытқыштың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және
электр қуатын тұтунуды азайтады.
3.Тоңазытқышты жылу көзінен алысырақ орналастырыңыз
(күн сәулесінің тура түсуінен сақтаңыз, сонымен қатар
электр ас үй пешіне жақын орналастырмаңыз).
Электр желісіне жалғау
Тоңазытқышты тасымалдағаннан кейін тік күйінде орналастырыңыз
және электр тогына қоспас бұрын кем дегенде 3 сағаттай күтіңіз.
Тоңазытқышты электр тогына қоспас бұрын, мыналарды тексеріп
алыңыз:
розетка заңға сәйкес жерге тұйықталып тұруы керек;
розетка тоңазытқыш камерасының ішіндегі төменгі оң жақ
бетінде орналасқан ақпараттық кестеде көрсетілген
бұйымның максималдық қуатына сәйкес келуі керек
(мысалы: 150 Ватт);
тораптың кернеуі астыңғы сол жақ шетінде орналасқан
ақпараттық кестеде көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі керек
(мысалы: 220-240 Вольт)
розетка бұйымның вилкасына сәйкес келуі керек.
сәйкес келмеген жағдайда, вилканы білікті маманның көмегімен
ауыстыру керек («Қолдау» бөлімін қара); ұзартқыш пен көп көзді
тоқты пайдалануға болмайды.
! Тоңазытқыш үнемі розеткаға оңай қол жеткізе алатындай етіп
орналасуы керек.
! Кабель майысқан немесе мыжылған күйде болмауы керек.
! Кабельдің дұрыс орналасуы үнемі тексеріліп тұруы керек,
және қажет болған жағдайда тек уәкілетті техник көмегімен
ауыстырылуы керек («Қолдау» бөлімін қара).
! Жоғарыда аталған техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамаған
жағдайда өндіруші ешқандай жауапкершілік көтермейді.
Қосу
Бұйымды пайдалануға іске қосу
Құрылғыны тасымалдағаннан кейін, құрылғы тиісті түрде
жұмыс істеуіне көз жеткізу үшін оны тік күйде қойыңыз және
қуат көзіне қосудан бұрын ең кемінде 3 сағат күтіңіз.
• Тоңазытқышқа азық-түлік салудан бұрын оның ішкі жағын
жылы сумен және содамен тазалаңыз.
• Құрылғы моторды қорғауды басқару жүйесімен
жабдықталған, бұл жүйе тоңазытқыш қосылғаннан кейін
компрессорды шамамен 8 минуттан кейін іске қосады. Оған
қоса, компрессор қуат көзі ерікті немесе еріксіз (жарықтың
сөнуі) өшірілген сайын іске қосылады.
Мұздатқыш камерасы
Құрылғы қосылған кезде мұздатқыш камерасы өзінің
әдепкі мәніне -18°C орнатылады. Камераның салқындату
үрдісін жылдамдату үшін біз SUPER FREEZE функциясын
(мұздатқыштың күй жолағы орнатылған мәнді көрсетуін
жалғастырады) орнатуды ұсынамыз; камераның ішкі жағы
қолайлы температураға жеткен кезде, функция өшіріледі
және азық-түлікті ішіне салуға болады.
Тоңазытқыш камерасы
Құрылғы қосылған кезде тоңазытқыш камерасы өзінің әдепкі
мәніне +5C орнатылады.
Камераның салқындату үрдісін жылдамдату үшін біз SUPER
COOL функциясын (тоңазытқыштың күй жолағы орнатылған
мәнді көрсетуін жалғастырады) орнатуды ұсынамыз.
Бірнеше сағаттан кейін жеткілікті салқындайды, сөйтіп, ішіне
азық-түлікті салуға болады.
Дисплейді қалай басқаруға болады
Температураны белгілеу:
Егер құрал қосылса, тоңазытқыш пен мұздатқыштың
дисплейі осы уақытта белгіленген температураны көрсетіп
тұрса, оларды өзгерту үшін тек камерадағы өзіңізге қажетті
температураны белгілеп түймені бассаңыз жетіп жатыр.
температураға қатысты түймені басқан сайын температура
1 ° С градусқа азаяды немесе көбейеді. Тоңазытқыш
камерасына қажет болатын температура мағынасы: +12°
С, +7° С, +6° С, +5° С, +4° С, +3° С, +2° С; мұздатқыш
камерасында қойылатын температура: -18° С, -19° С, -20° С,
-21° С, -22° С, -24° С, -26°С.
Тоңазытқыш камерасы үшін температура +5°C мәніне және
мұздатқыш камерасы үшін -18°C мәніне автоматты түрде
орнатылады (бұл стандартты азық сақтау мәндері болып
табылады).
“ECO” функциясы белсенді болған кезде, құрылғы
температураларды тоңазытқыштың ішкі және сыртқы
жағдайына сәйкес автоматты түрде реттейді; бұл
функцияның іске қосылғанын “AUTO” мәтіні арқылы білуге
болады.
«ECO» функциясын стандартты сақтау мәндерінен
басқа температураларда іске қосқан кезде, «ECO»
түймешігін функция іске қосылған бойда басу және
- және + түймешіктері арқылы жаңа температуралар
орнату барысында басып тұру керек. Осы жағдайларда,
температура тоңазытқыш камерасы үшін 4°C, 5°C және 6°C
және мұздатқыш камерасы үшін -18°C, -19°C және -20°C
мәніне орнатылуы мүмкін.
HOLIDAY функциясы белсенді болған кезде, температура
реттелмеуі мүмкін, дегенмен құрылғы өздігінен автоматты
түрде реттейді, сөйтіп, жағдайға қарай қолайлы параметр
пайдаланылады: тоңазытқыш камерасы үшін +12°C және
мұздатқыш камерасы үшін -18°C. Бұл функция “AUTO” мәтіні
арқылы көрсетіледі.
Функцияларды іске қосу және өшіру үшін жай ғана тиісті
түймешіктерді басыңыз және функцияның күйін тиісті LED
индикаторының қосылуы немесе өшірілуі арқылы білуге
болады.
Бірнеше функциялар (SUPER COOL, SUPER FREEZE,
BOTTLE CHILL, ECO) басқа функциялармен (HOLIDAY,...)
үйлесімді емес; өнімді ең жақсы жолмен пайдалану үшін
көмектесетін алдын ала орнатылған кезектілік бар екенін
есте сақтаңыз.
BOTTLE CHILL функциясы аяқталған кезде, тиісті LED
индикаторының жыпылықтауын тоқтату және дыбыс
сигналын басу үшін BOTTLE CHILL түймешігін басыңыз. Бұл
жыпылықтау және дыбыс сигналы функцияның аяқталғанын
және бөтелкені мұздатқыш камерасынан алып тастау
керектігін білдіреді.