Instruction for Use

KZ
81
Арнайы жуу циклдары
мен опциялары
Жуу опциялары*
Жуу циклы таңдалып, Бастау/Тоқтата тұру түймесі
басылғанға дейін ғана ОПЦИЯЛАРДЫ орнатуға, өзгертуге
немесе қайта орнатуға болады.
Орнатылған жуу циклының түрімен үйлесімді опцияларды
ғана таңдауға болады. Опция таңдалған жуу циклына сәйкес
келмесе
(Жуу циклдарының кестесін қараңыз)
, тиісті таңба/
диод 3 рет жылдам жыпылықтайды.
Басқа опциямен (бұрын таңдалған) үйлесімді емес опция
таңдалса, ол 3 рет жыпылықтап өшеді, ал ең соңғы таңдалған
опция жанып тұра береді.
Қателесіп орнатылған опцияны таңдаудан бас тарту үшін
тиісті түймені тағы бір рет басыңыз.
Ескертпелер:
«Sixty» және «Express/Тез» циклдарын қолданған кезде,
оңтайлы нәтижеге ыдыс-аяқтың белгіленген мөлшерін жуу
арқылы қол жеткізуге болады.
Тұтынуды одан әрі азайту үшін ыдыс жуу машинасын тек
толтырып жұмыс істетіңіз.
Сынақ зертханаларына арналған ескертпе: салыстырмалы
EN сынақ жағдайлары үшін төмендегі мекенжайға электрондық
хат жіберіңіз: assistenza_en_lvs@indesitcompany.com
Жартылай жүктеу
Жуылатын ыдыс көп болмаса, су, ток пен жуғыш
затты үнемдеу үшін жартылай жүктеу циклын
қолдануға болады. Жуу циклын таңдап, ЖАРТЫЛАЙ ЖҮКТЕУ
түймесін басыңыз; индикатор шамы жанады.
Бұл опциядан бас тарту үшін ЖАРТЫЛАЙ ЖҮКТЕУ түймесін
қайта басыңыз.
Жуғыш зат мөлшерін екі есе азайтуды ұмытпаңыз.
Бірнеше функциясы бар таблеткалар*
(таблеткалар)
Бұл опция жуу және кептіру нәтижелерін оңтайландырады.
Бірнеше функциясы бар таблеткаларды қолданған кезде,
БІРНЕШЕ ФУНКЦИЯСЫ БАР ТАБЛЕТКАЛАР түймесін
басыңыз; тиісті таңба жанады. Түйме қайтадан басылса,
опциядан бас тартылады.
«Бірнеше функциясы бар таблеткалар» опциясы жуу
циклының мерзімін ұзартады.
Таблеткаларды тек осы опциясы бар үлгілерде
қолданған жөн және бірнеше функциясы бар
таблеткалардың қолданылуы көрсетілмеген жуу
циклдарымен қолдану дұрыс емес.
Кешіктіріп бастау
Циклдың басталу уақытын 1 24 сағат аралығындағы
бір мерзімге кешіктіруге болады:
1. Қажетті жуу циклы мен кез келген басқа опцияларды
таңдап, КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймесін басыңыз. Индикатор
шамы жанады. Жуу циклы басталатын уақытты таңдау үшін
дәл сол түймені қолданыңыз (h01, h02 және т.б.)
2. Кері санақты қосу үшін ҚОСУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесінің
көмегімен таңдауды растаңыз.
3. Уақыт аяқталғаннан кейін, КЕШІКТІРІП БАСТАУ индикатор
шамы өшеді де, жуу циклы басталады.
КЕШІКТІРІП БАСТАУ опциясын алып тастау үшін КЕШІКТІРІП
БАСТАУ түймесін ӨШІРУЛІ мәтіні көрсетілгенше басып
тұрыңыз.
Жуу циклы басталғаннан кейін Кешіктіріп бастау
функциясын орнату мүмкін емес.
* Тек кейбір үлгілерде бар.