Instruction for Use

24
KZ
Құралдың сипаттамасы
Басқару тақтасы
Бұл нұсқаулықтағы басқару тақтасы мысал ретінде ғана
берілген: дəл құралдағы тақтадай болмауы мүмкін.
Сенсорлы басқару тақтасын қолданғанда:
Қолғап кимеңіз
Саусағыңыз таза болу керек
Əйнекті біркелкі сипаңыз
1 INCREASE POWER/ TIME (ҚУАТ/УАҚЫТ КӨБЕЙТУ)
түймешігі - қуат пен уақытты басқарады
2 INCREASE POWER/ TIME (ҚУАТ/УАҚЫТ КӨБЕЙТУ)
түймешігі - қуат пен уақытты басқарады
3 COOKING ZONE SELECTOR (ПІСІРУ АЙМАҒЫН
ТАҢДАҒЫШ) түймешігі қалаған пісіру аймағын
таңдау үшін пайдаланылады
4 ON/OFF (ҚОСУ/ӨШІРУ) түймесі құралды қосады
жəне өшіреді.
5 CONTROL PANEL LOCK (БАСҚАРУ ТАҚТАСЫН
ҚҰЛЫПТАУ) түймесі плита параметрлерінің
байқаусызда өзгеріп кетуінен сақтайды жəне
басқару
тақтасының құлыпталып тұрғанын көрсетеді
6 HEATER DISPLAY (ЖЫЛЫТҚЫШ ДИСПЛЕЙІ)-
таңдалған пісіру аймағын, қуат деңгейін, пісірудің
алдын ала орнатылған уақытын, белсендірілген
күшейткіш функциясын көрсетеді.
! Басқару тақтасының функциялары туралы толық
ақпаратты "Іске қосу жəне пайдалану" бөлімінен
қараңыз.
!Бұл өнім күту режимінде тұтынылатын қуат
шектеуіне қатысты соңғы Еуропалық директиваға
сəйкес келеді. Қалған жылу индикаторлық шамдары өшіп,
желдеткіш (бар болса) тоқтағаннан кейін 2 минут
ішінде ешқандай əрекет жасалмаса,
құрал автоматты түрде өшу режиміне ауысады.
ON/OFF (ҚОСУ/ӨШІРУ) түймесі басылғаннан кейін,
құрал жұмыс режиміне кіреді.
! Плитадағы қыздырғыштар/пісіру аймақтарының
санына байланысты COOKING ZONE SELECTOR
BUTTONS (
ПІСІРУ АЙМАҒЫН ТАҢДАУ ТҮЙМЕШІКТЕРІ)
... . жəне .. .. арасында ауысып тұруы мүмкін.
Орнату
!
Жаңа құралды қолданбас бұрын, осы нұсқаулықты
мұқият оқып шығыңыз. Онда құралды қауіпсіз
пайдалану, орнату жəне техникалық қызмет туралы
маңызды ақпарат берілген.
!
Пайдалану туралы нұсқауларды кейін анықтама
ретінде қарау үшін сақтап қойыңыз. Құрал басқа
адамға ауысқан жағдайда, осы нұсқаулар да берілу
керек.
Орналастыру
!
Қаптама материалдарының барлығын балалардың
қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Тұншығу қаупі бар
(Сақтық шаралары мен кеңестерді қараңыз).
!
Құрал берілген нұсқауларға сəйкес білікті маманмен
орнатылу керек. Дұрыс орнатылмаса, адамдар мен
жануарларға зиян келтіруі немесе мүлікті зақымдауы
мүмкін.
Кірістірілген құрал
Құралдың жұмысына кедергі келтірмейтін қолайлы
орынды таңдаңыз.
Құрал орнатылатын жиһаз беті 100°C
температурасына дейін төзетін материалдан болуы
керек.
Құрал пештің үстіне орнатылатын болса, пеш
механикалық салқындатып желдету жүйесімен
жабдықталған болуы
керек.
Плитаны ыдыс жуғыш машинаның үстіне
орнатпаңыз: басқа шешімі болмаса, екі құралдың
арасына су өткізбейтін қабат қойылу керек.
Желдету жүйесі
Желдету жүйесінің жұмысы дұрыс істеп, айналадағы
беттер қызып кетпеуі үшін, плитаны былай орналастыру
керек:
артқы тақтадан немесе кез келген тік беттен кемінде
40 мм қашықтықта;
орнатылатын кеңістік пен астындағы бөлік
арасындағы қашықтық кемінде 20 мм болу керек;
Құралдың жанындағы жəне плитадан жоғары тұрған
шкафтар сөреден кемінде 600 мм қашықтықта тұру
керек.
Бекіту
Құралды орналасу деңгейі
бірқалыпты сақталып тұратын
бетке орнату керек. Дұрыс бекітпегеннен болған
зақымдар сөренің жұмысына əсер етуі мүмкін.
Бекіту ілгектеріне арналған бұрандалардың ұзындығын
таңдағанда,
қойылатын беттің қалыңдығы ескерілу
керек:
қалыңдығы — 3,5 мм: 9,5 мм бұрандалар
1
234
56