Instruction for Use

29
KZ
Құралды пайдалану бойынша тəжірибелік
кеңестер
! Индукция принципіне сəйкес келетін материалдардан
жасалған ыдыстарды пайдаланыңыз (ферромагниттік
материал). Əсіресе мына материалдардан жасалған
ыдыстар сəйкес келеді: шойын, қапталған болат
немесе индукцияға бейімделген арнайы тат баспайтын
болат. Ыдыстың сəйкес келуін сынау үшін магнитті
қолданыңыз.
Сондай-ақ плитаны ең тиімді түрде пайдалану үшін:
Пісіру аймағына толық тиіп тұратын түбі тегіс əрі қалың
ыдыстарды пайдаланыңыз.
Берілетін жылуды толық пайдалану үшін, диаметрі
қызу бетін толық жауып тұруға жететін ыдыстарды
таңдаңыз.
Ыдыстың түбі əрдайым таза жəне құрғақ болуы керек,
сонда пісіру аймақтары мен ыдыстың қолданылу
мерзімі де ұзарады, тиімділігі де артады.
Газ плиталарында қолданылған ыдыстарды
пайдаланбаған жөн:: газ плиталарындағы жылу
концентрациясы ыдыстың негізін зақымдап, ол электр
плитасына толық тиіп тұрмауы мүмкін.
Сақтандыру құрылғылары
Ыдыс сенсоры
Əр пісіру аймағының ыдыс сенсоры бар. Қызу бөлігіне
пісіру аймағына сəйкес келетін өлшемді ыдыс қойылған
жағдайда ғана ол қыза бастайды.
Дисплейде "u" таңбасы көрсетіледі,
егер пісіру аймағын таңдағаннан кейін, ыдыс
қыздырғышқа қойылмаса немесе:
ыдыс сəйкес келмесе;
ыдыстың диаметрі тым кішкене.
Ыдыс қызу бөлігінен алынды.
Қыздыру аймағына 10 секунд бойы ыдыс қойылмаса,
ескерту
сигналы беріледі.
Қыздыру аймағына 60 секунд бойы ыдыс қойылмаса,
қыздырғыш
өшеді.
Шамадан тыс қызудан қорғау
Электрондық элементтер шамадан тыс қызып кетсе, қуат
деңгейін білдіретін сан жыпылықтап, дисплейде "c"
таңбасы көрсетіледі. Температура қажетті деңгейге
жеткенде, бұл хабар жоғалады жəне плитаны қолдана
беруге болады.
Қауіпсіздік қосқышы
Құралдың белгілі бір уақыт деңгейінде белгілі бір уақыт
бойы істеп тұрғаннан кейін пісіру аймақтарын автоматты
түрде өшіретін қауіпсіздік қосқышы бар. Қауіпсіздік
қосқышы іске қосылғанда, дисплейде "0" көрсетіледі.
Мысалы: оң жақ артқы қызу бөлігі 5 мəніне орнатылған
жəне үздіксіз 5 сағат бойы жұмыс істегеннен кейін
өшеді, ал алдыңғы қызу бөлігі 2 мəніне орнатылған
жəне 8 сағаттан кейін өшеді.
Бір немесе бірнеше түйме 10 секунд бойы қосылып
тұрса, сенсорлы тақта өшеді.
Түймелер қосулы болғанда, 10
секунд сайын ескерту сигналы беріледі.
Барлық қыздырғыштар 10 секунд бойы нөлдік
деңгейде тұрса, плита өшеді.
Дабылды сенсорлы тақтаның кез келген пернесін
басу арқылы тоқтатуға болады.
Басқару тақтасын құлыптау
Плита қосылып тұрғанда, параметрлер байқаусызда
өзгеріп кетпеуі үшін (балалармен, тазалау барысында,
т.б.), пештің басқару құралдарын құлыптап қоюға болады.
Басқару тақтасын құлыптау үшін, түймесін басыңыз:
- белгіше жанып, дыбыстық сигнал беріледі.
Басқару құралдарын пайдалану үшін (мысалы, пісіру
процесін аяқтау үшін), бұл функцияны өшіру керек.
Бірнеше секундқа
түймесін басыңыз, белгіше
сөніп, құлыптау функциясы өшеді.
Таңдалған пісіру аймағындағы барлық түймелер
құлыпталады:
плита өшірілсе;
басқару тақтасы қосылса;
плитада қате орын алса.
Плитаны өшіру
Құралды өшіру үшін, түймесін басыңызжалғыз
ыдыс сенсорына сенім артпаңыз.
Басқару тақтасының құлыптаулы болса, плитаны
қайтадан қосқаннан кейін де оның құлпы шешілмейді.
Плитаны қайтадан қосу үшін, алдымен құлыптау
функциясын өшіру керек.
*