Instruction for Use

31
KZ
Сақтық шаралары жəне кеңестер
! Осы аспап халықаралық қауіпсіздік стандарттарына
сəйкес жобаланды жəне өндірілді. Келесі ескертулер
қауіпсіздікті сақтау мақсатында ұсынылды жəне
оларды зейін қойып оқыған жөн.
Осы аспап Еуропалық экономикалық
бірлестіктің мынадай директиваларына сай
келеді:
- 12/12/06 ж. 2006/95/EEC (төмен кернеу) жəне одан
кейінгі түзетулер;
- 15/12/04 ж. 2004/108/EEC (электрмагниттік үйлесімдік)
жəне одан кейінгі түзетулер;
22/07/93 ж. 93/68/EEC жəне одан кейінгі түзетулер
.
- 1275/2008 күту тəртібі / сөндірілген күйі.
Қауіпсіздіктің жалпы талаптары
! Желпуіш грильден кейінгі ауа жинағышына ештеңе
бөгет жасамайтындығына көз жеткізіңіз. Пісіру тақтасы
үшін аспапта пайдаланылатын электрондық құрамдас
бөліктерді салқындатуға арналған жеткілікті желдетуді
қамтамасыз ету қажет.
! Индукцияық пісіру тақтасын біз кіріктірілген
тоңазытқыштың үстіне (жылыту) немесе ыдыс жуғыш
машинаның үстіне (діріл) орналастырмауыңызға
кеңес береміз. Сонымен бірге, электрондық құрамдас
бөліктерді желдету үшін орын жеткіліксіз.
Аспап тұрмыстық орынжайдың ішінде тұрмыстық
пайдалану үшін жобаланды жəне коммерциялық
немесе өнеркəсіптік қолдану үшін арналмаған.
Аспапты далада, территорияда іліп орналастыруға
рұқсат етілмейді. Аспапты
жаңбыр мен найзағай тиіп
кетуі мүмкін жерледе қалдыру өте қауіпті.
Аспапқа ылғал немесе дымқыл қодарыңызды,
тигізбеңіз сондай-ақ егер аяқ киімсіз болсаңыз,
қолдарыңызды тигізбеңіз.
Осы буклетте баяндалған нұсқаулыққа сəйкес,
аспапты ересек адамдар ғана пайдалана алады.
Пісіру тақтасын жұмыс беткі қабат немесе бөлу
тақтайы ретінде пайдаланбаңыз.
Əйнекті-керамикалық тақта механикалық
соққылардың ісеріне төзімді, алайда оны өткір
затпен, мысалы, жұмыс құралымен соққан кезде ол
жарылып кетуі (немесе сынып кетуі) мүмкін. Егер
мұндай жайт орын алса, аспапты тез арада сөндіріңіз
жəне сервистік орталықпен байланысыңыз.
Басқа электр аспаптарының күш шоғырсымдары
пісіру тақтасының ыстық элементтеріне
тимейтіндігіне көз жеткізіңіз.
Сөндіргеннен кейін кем дегенде отыз минут
бойы
пісіру аймақтары біраз ыстық болып тұратындығын
естен шығармаңыз. Индикаторлық шам Сізге
қалдықтық жылудың бар екендігі туралы есксертеді
(Қолданысқа енгізу жəне пайдалануды қараңыз).
Балқып кетуі мүмкін заттарды, мысалы, пластикті
жəне алюминий заттарын, сондай-ақ құрамында
қант көп заттарды пісіру тақтасынан алшақ
ұстаған жөн. Полимерлік таспаны жəне алюминий
фольгасы мен
қаптамасын пайдаланған кезде
ерекше сақ болыңыз: егер оларды суымаған беткі
қабатқа қойсаңыз, бұл пісіру тақтасының күрделі
зақымдалуына əкеп соғуы мүмкін.
Кездейсоқ күйіп қалуды болдырмау үшін кастрөлдің/
табаның тұтқасы пісіру тақтасының ортасына қарай
бұрылып тұрғандығын үнемі тексерген жөн.
Аспапты электр желісінен ажыратқан кезде əрдайым
ашаны розеткадан алып шығыңыз; шоғырсымнан
тартпаңыз.
Аспапты электр желісінен ажыратпай, оны
тазартпаңыз немесе техникалық қызмет көрсетпеңіз.
Аспапты дене дамуы, сенсорлық немесе ақыл-ой
мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар (соның ішінде
балалар) немесе осы аспаппен таныс емес
тəжірибесіз адамдар пайдаланбау керек. Ең
болмағанда, бұл адамдар олардың қауіпсіздігі үшін
жауап беретін басқа адамдардың қарауында болу
керек немесе осы аспапты пайдалану
жөнінде
алдын-ала нұсқаулық алу керек .
Электрондық кардиоынталандырғышы немесе
басқа да белсенді имплантанттары бар адамдардың
назарына:
Пісіру тақтасы электрмагниттік кедергілер жөніндегі
барлық қолданыстағы стандарттарға спй келеді.
Демек, Сіздің индукциялық пісіру тақтаңыз да
заңнамалық талаптарға қатаң түрде сай келеді
(89/336/CEE директивалары). Ол пайдаланылатын
басқа электр жабдығына кедергі келтірмейтіндей
етіп жобаланған, алайда
, сол басқа аспап та
заңнамалық талаптарға сай болу керек.
Сіздің индукциялық пісіру тақтаңыз қысқа уақыт
əрекет ететін магниттік өрістерді жасайды.
Индукциялық пісіру тақтасы Сіздің
кардиоынталандырғышыңызға кедергі келтірмеу
үшін соңғысы барлық қолданыстағы нормативтік
талаптарға сай болу керек.
Бұған қатысты біз өз өніміміздің сəйкестігін ғана
кепілдей аламыз. Кардиоынталандырғышыңыздың
сəйкестігі немесе сəйкессіздігінің
кез-келген ықтимал
жағдайларына қатысты кардиоынталандырғыштың
өндірушісімен немесе Өз дəрігеріңізбен кеңесуді
ұсынамыз.
Балаларға құралман ойнауға рұқсат етпеңіз
Пісіру тақтасына металл заттарды (пышақ, қасық,
табаның қақпағы жəне т.б.) қоймаңыз, себебі олар
қатты қызып кетуі мүмкін.
Аспап сыртқы таймерді немесе жеке аралық
басқару жүйесін пайдалануға арналмаған.
Қолданыстан алып тастау
Қаптама материалдарын кəдеге жаратқан кезде:
қаптама материалды екінші рет қолдану үшін
жергілікті заңнаманы сақтаңыз.
Пайдаланылған электрлік жəне электрондық
жабдыққа (WEEE) қатысты 2002/96/EC Еуропалық
директивасы тұрмыстық аспаптарды қатты
тұрмыстық қалдықтарды кəдімгі өңдеу сатысын
пайдалану арқылы кəдеге жаратпаған жөн екендігі
туралы айтады. Қайталап пайадалану құнын
оңтайландыру жəне материалдарды машинаның
ішінде өңдеу мақсатында, сонымен бірге
қоршаған ортаға жəне адамдардың денсаулығына
əлеуетті залал келтіруіне кедергі жасай отырып,
пайдаланылған аспаптарды жекелеп жинаған
жөн. Аспаптың иесіне қалдықтарды жекелеп
жинауға қатысты міндеттемелер туралы есіне салу
мақсатында сызылған қоқыс контейнерінің белгісі
барлық өнімдерде келтіріледі.
Пайдаланылған тұрмыстық аспаптарды тиісті түрде
жекелеп жиынау туралы қосымша ақпарат алу
үшін олардың иелері коммуналдық қызметтердің
провайдерлерімен немесе жергілікті дилерлермен
байланыса алады.