Instruction for Use

KZ
76
! Жаңа құрылғымен жұмысты бастамастан бұрын
осы пайдалану нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз.
Мұнда құрылғыны қауіпсіз қолдану, орнату және оны
күту туралы маңызды ақпараттар қамтылған.
! Келешекте анықтама ретінде қарау үшін пайдалану
нұсқаулығын сақтап қойыңыз. Оны құрылғының кез
келген жаңа иесіне беріңіз.

! Орау материалдарын балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз. Тыныс тарылу немесе тұншығып
қалу қаупін туғызуы мүмкін. (Сақтандырулар мен
кеңестер бөлімін қараңыз).
! Құрылғыны нұсқауларға сәйкес арнайы біліктілігі бар
маман орнатуға тиіс. Құрылғы дұрыс орнатылмаған
жағдайда, адамдар мен жануарлар өміріне қауіп
төндіруі немесе мүлікті зақымдауы мүмкін.

Құрылғының дұрыс жұмыс жасайтынын тексеру үшін
қолайлы шкафты қолданыңыз.
Пешке жақын қабырғалар ыстыққа төзімді
материалдан жасалған болуы қажет.
Сыртқы қабығы бар шкафтарды жинағанда 100°C
температураға төзетін желімдер қолданылуы қажет.
пешті ас үй үстелінің астына (сызбаны қараңыз)
немесе ас үй жиһазының ішіне орнату үшін
шкафтың өлшемдері төмендегідей болуы қажет:
! Құрылғы орнатылған кезде кез келген электрлі
заттардан алыс болуы қажет.
Негізгі деректер кестесінде берілген пайдалану
ортасының көрсеткіштері осы орнату түрі үшін
есептелген.

Лайықты желдетудің орнатылғанын тексеру үшін
шкафтың артқы қабырғасын алып тастау қажет.
Пешті екі ағаш тақтайға немесе кемінде 45 x 560 мм
ашық тұрған тегіс жерде орналастыру ұсынылады
(сызбаны қараңыз).

Пештің есігін ашып, 4 бұрандалы бекіткішті сыртқы
жақтаудың 4 тесігіне кіргізіп, құрылғыны шкафқа
бекітіңіз.
! Құрылғының қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз
ететін барлық бөліктері арнайы құралдардың
көмегімен ғана алынуы тиіс.

595 мм.
595 мм.
24 mm.
545 мм.
5 мм.
567 мм.
23 мм.
593 мм.
45 мм.
558 мм.
547 мм мин.
560 мм.
45 мм.