Instruction for Use

KZ
79
! Құрылғыны алғаш рет пайдаланғанда оны бос
күйінде есігін жауып, ең жоғарғы температурада
кемінде жарты сағаттай қыздырыңыз. Пешті
өшіріп, оның есігін ашпастан бұрын бөлменің
жақсы желдетілгенін тексеріңіз. Өндіру кезінде
қолданылған қорғағыш заттардың жанып кетуіне
байланысты жеңіл жағымсыз иіс шығуы мүмкін.

1. РЕТТЕУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам
дайындау режимін таңдаңыз.
2. ТЕРМОСТАТ тұтқасы көмегімен қажетті
температураны таңдаңыз. Тағам дайындау
режимдері және ұсынылған тағам дайындау
температуралары туралы мәліметті “Тағам
дайындау бойынша кеңестер” кестесінен қараңыз
(Тағам дайындау режимдері бөлімін қараңыз).
3. Алдын ала қыздыру аяқталғанда, ТЕРМОСТАТ
индикатор шамы жанады: тағамды пешке салыңыз.
4. Тағам дайындау барысында төмендегі нәрселерді
орындауға болады:
- РЕТТЕУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам
дайындау режимін өзгерту.
- THERMOSTAT (ТЕРМОСТАТ) тұтқасын бұрау
арқылы температураны өзгерту.
- РЕТТЕУ тұтқасын “0” позициясына бұрап, тағам
дайындау үрдісін тоқтату.
! Эмальді қабат зақымдануының алдын алу үшін
ешқашан пештің астыңғы жағына зат қоймаңыз.
! Әрқашан асхана ыдыстарын берілген тартпа(лар)
ға қойыңыз.

Пештің сыртқы температурасын салқындату үшін
кейбір модельдер басқару тақтасы мен пеш есігінің
арасына жел айдайтын салқындату желдеткішімен
жабдықталады.
! Пісіріп болғаннан кейін де пеш толық
салқындағанға дейін желдеткіш қосулы тұрады.

РЕТТЕУ тұтқасымен
функциясы таңдалған
уақытта ол жұмысын жалғастырады. Тағам
дайындау режимі таңдалғанда ол қосылып тұрады.

1. Дыбыс сигналын орнату үшін ТАЙМЕР тұтқасын
сағат тілі бойынша бір толық айналымға бұраңыз.
2. Қажетті уақытты орнату үшін тұтқаны сағат тіліне
қарсы бұраңыз: тұтқада көрсетілген минутты басқару
тақтасындағы индикатормен теңестіріңіз.
3. Таймер минуттық режимде жұмыс істейді:
таңдалған уақыт біткенде дыбыс сигналы естіледі.
! Таймер пешті қоспайды және өшірмейді.

* Тек белгілі бір модельдерде