User Manual

Индикаторлар
Индикаторлар пайдаланушы үшін маңызды мәліметтерді білдіреді. Индикаторлардың
мағынасы:
Мерзімін ҧзарту таймері
Егер «мерзімін ұзарту таймері» функциясы қосылған болса («Жекелендірілген күйге
келтіру» қара), бағдарлама іске қосылған соң кідіріс уақытына сәйкестендірілген
индикатор жыпылықтай бастайды:
Белгіленген уақыт ӛткен сайын, тиісті индикатордың жыпылықтауы арқылы қалған
уақыт кӛрсетіледі.
Кӛрсетілген кідіріс біткен соң, белгіленген бағдарлама белсендендіріледі.
Циклдің ағымдағы фазасының индикаторлары:
Кір жуу циклі таңдалып, іске қосылған соң, бағдарламаның орындалу жүйелігін
кӛрсететін индикаторлар бірінен кейін бірі жана бастайды:
Жуу
Шайқау
Сығу/Тӛгу
Кептіру
Циклдің соңы
Ескерту: кептіру циклі аяқталған соң, КЕПТІРУ тұтқасын «күйіне келтіру қажет.
Қосымша функция тҥймелері мен тиісті индикаторлар
Функция таңдағанда тиісті түйме жанады.