Instruction for Use

78
KZ
Қосымша кептіру
Ыдыс-аяқтың кебу деңгейін жақсарту үшін ҚОСЫМША
КЕПТІРУ түймесін басыңыз; индикатор шамы жанады.
Қайтадан басылса, опциядан бас тартылады.
Соңғы шаю кезіндегі жоғарырақ температура мен ұзағырақ
кептіру кезеңі кебу деңгейін жақсартады.
ҚОСЫМША КЕПТІРУ опциясы жуу циклының
мерзімін ұзартады.
Кешіктіріп бастау
Жуу циклының басталу уақытын 3, 6 немесе 9 сағатқа
кешіктіруге болады:
1: Қажетті жуу циклы мен кез келген басқа опцияларды
таңдағаннан кейін КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймесін басыңыз,
индикатор шамы жанады.
2: Кешіктіріп бастау түймесін бірнеше рет басып, қажетті
кешіктіру уақытын таңдаңыз. Жуу кезеңі (3 сағат), кептіру
кезеңі (6 сағат) және «соңы» (9 сағат) индикатор шамдары
бірінен кейін бірі жанады.
Кешіктіріп бастау түймесі тағы бір рет басылса, опцияның
таңдалуы доғарылып, индикатор шамы сөнеді.
3. Таңдау үдерісінен кейін Бастау/Тоқтата тұру түймесі
басылса, кері санақ басталады. Таңдалған кешіктіру
кезеңінің индикатор шамы жыпылықтайды және Бастау/
Тоқтата тұру түймесі жыпылықтауды тоқтатады (шам
тұрақты түрде жанады).
3. Уақыт аяқталғаннан кейін, КЕШІКТІРІП БАСТАУ
индикатор шамы өшеді де, жуу циклы басталады.
Жуу циклы басталғаннан кейін Кешіктіріп бастау
функциясын орнату мүмкін емес.
Жуу опциялары*
Жуу циклы таңдалып, Бастау/Тоқтата тұру түймесі
басылғанға дейін ғана ОПЦИЯЛАРДЫ орнатуға,
өзгертуге немесе қайта орнатуға болады.
Орнатылған жуу циклының түрімен үйлесімді опцияларды
ғана таңдауға болады. Опция таңдалған жуу циклына
сәйкес келмесе
(Жуу циклдарының кестесін қараңыз)
,
тиісті таңба 3 рет жылдам жыпылықтайды.
Басқа опциямен (бұрын таңдалған) үйлесімді емес опция
таңдалса, ол 3 рет жыпылықтап өшеді, ал ең соңғы
таңдалған опция жанып тұра береді.
Қателесіп орнатылған опцияны таңдаудан бас тарту үшін
тиісті түймені тағы бір рет басыңыз.
Бірнеше функциясы бар таблеткалар*
(таблеткалар)
Бұл опция жуу және кептіру нәтижелерін оңтайландырады.
Бірнеше функциясы бар таблеткаларды қолданған кезде,
БІРНЕШЕ ФУНКЦИЯСЫ БАР ТАБЛЕТКАЛАР түймесін
басыңыз; тиісті индикатор жанады. Түйме қайтадан
басылса, опциядан бас тартылады.
«Бірнеше функциясы бар таблеткалар» опциясы
жуу циклының мерзімін ұзартады.
Таблеткаларды тек осы опциясы бар үлгілерде
қолданған жөн және бірнеше функциясы бар
таблеткалардың қолданылуы көрсетілмеген жуу
циклдарымен қолдану дұрыс емес
(Опциялар кестесін
қараңыз)
.
Арнайы жуу циклдары
мен опциялары
Ескертпелер:
«Fast/Жылдам» және «Тез 30'» циклдарын қолданған кезде,
оңтайлы нәтижеге ыдыс-аяқтың белгіленген мөлшерін жуу
арқылы қол жеткізуге болады.
* Эко жуу циклы EN-50242 ережесіне сай келеді. Дегенмен,
басқа жуу циклдарына қарағанда көбірек уақыт қажет етеді,
азырақ қуат жұмсайды және қоршаған ортаға зияны азырақ
болады.
Сынақ зертханаларына арналған ескертпе: салыстырмалы
EN сынақ жағдайлары үшін төмендегі мекенжайға электрондық
хат жіберіңіз: ASSISTENZA_EN_LVS@indesitcompany.com
Жартылай жүктеу
Жуылатын ыдыс көп болмаса, су, ток пен жуғыш затты
үнемдеу үшін жартылай жүктеу циклын қолдануға болады.
Жуу циклын таңдап, ЖАРТЫЛАЙ ЖҮКТЕУ түймесін
басыңыз: индикатор шамы жанады.
Бұл опциядан бас тарту үшін ЖАРТЫЛАЙ ЖҮКТЕУ түймесін
баыңыз.
Жуғыш зат мөлшерін екі есе азайтуды ұмытпаңыз.
* Тек кейбір үлгілерде бар.