Instruction for Use

22
KZ
Әртүрлі газ түрлеріне күйге келтіру
Бұйым негізгісінен ерекшеленетін газ түріне қарай күйге келтіріледі
(қақпақтағы күйге келтіру этикетінде көрсетілген). Конфорка
форсункаларын келесі тәртіпте ауыстыру қажет:
1. Пісіру панеліндегі торды алыңыз және жанарғыны өз ұяшығынан
алыңыз;
2. Форсункаларды 7 мм кілттің көмегімен бұрап (сур.қара), оларды жаңа
газ түрлеріне есептелген форсункаларға ауыстырыңыз (Жанарғы
және форсунка сипаттамасы кестесіне қара);
3. Калған жерлеріне басқа жабдықтарын жоғарыда көрсетілген тәртіпке
керісінше қарай қойып шығыңыз.
4. Операцияны аяқтағаннан кейін тестілеудің ескі этикеткасын осы
пайдаланылатын газ түріне сәйкес келетін жаңасына ауыстырыңыз.
Этикетканы біздің Техникалық Қызмет көрсету орталықтарын
тапсырыс бере аласыздар.
Конфоркадағы бастапқы ауаны реттеу
Конфоркалар бастапқы ауаны реттеуді қажет етпейді.
Минималды ауаны реттеу
1. Тұтқаны әлсіз жалын позициясына бұрыңыз;
2. Тұтқаны шешіп алып, тұтқа шегесінің
ішінде немесе оның жанында орналасқан
реттеу бұрандасын жалын кіші бірақ тұрақты
болғанша реттеңіз.
3. Жалынды қажетті төмен параметрге реттегеннен кейін, оттық жанып
тұрғанда тұтқа позициясын бірнеше мәрте ең төменгіден ең жоғарыға
және қарама-қарсы жылдам ауыстырып, жалын өшіп қалмайтынын
тексеріңіз.
4. Кейбір құрылғыларда қауіпсіз құралымен (терможұппен) жабдықталған.
Оттықтар әлсіз жалын параметріне орнатылғанда құрылғы жұмыс
істемесе, осы әлсіз жалын параметрін реттеу бұрандасының
көмегімен арттырыңыз.
5. Реттеу жасалғаннан кейін айналып өту клапандарындағы тығындарды
сургучпен немесе оған ұқсас затпен қайтадан жабу қажет.
! Құрылғы сұйық газға жалғанған болса, реттеу бұрандасы мүмкін
болғанша мықты бекітілуі керек.
! Бұл рәсім аяқталғаннан кейін, ескі техникалық деректер жапсырмасын
енді пайдаланылатын газ түрін көрсететін жапсырмамен алмастырыңыз.
Жапсырмаларды біздің кез келген Қызмет көрсету орталығымыздан
алуға болады.
! Қолданылған газ қысымы ұсынылған қысымнан өзгеше (немесе
сәл өзгеше) болса, кіріс құбырға тиісті қысым реттегіші бекітілуі керек
(ағымдағы ұлттық ережелерге сәйкес).