Instruction for Use

26
KZ
Ақаулықтарды жою
Пісіргіш панель жұмыс істемей қалып не нашар істеуі мүмкін. Қызмет
көрсету орталығына хабарласу алдында өзіңіз орындай алатын
әрекеттерді қарастырайық. Алдымен, энергия мен газбен жабдықтау
жүйесінде ажыраулардың жоқ, әсіресе панельдің газ шүмектері ашық
екендігіне көз жеткізіңіз.
Жанарғы жанбайды немесе жалын әркелкі.
Төмендегілерге көз жеткізіңіз:
Жанарғының газ шығару саңылаулары бітелмеген.
Жанарғының барлық жылжымалы бөлшектері дұрыс орнатылған.
Панельдің жанында өтпе жел жоқ.
Қауіпсіздік құрылғысы бар нұсқаларда жалын өшеді.
Төмендегілерге көз жеткізіңіз:
Тұтқаны шегіне дейін бастыңыз.
Тұтқаны қауіпсіздік құрылғысын белсендіру үшін жеткілікті уақыт ішінде
шегіне дейін бастыңыз.
Сақтандырғыш орналасқан жердегі газ шығару саңылаулары
бұғатталмаған.
Жанарғы минималды күйде жанбайды.
Төмендегілерге көз жеткізіңіз:
Газ шығару саңылаулары бітелмеген.
Панельдің жанында өтпе жел жоқ.
Минималды мән реттеуі қате.
Ыдыстар тұрақсыз.
Төмендегілерге көз жеткізіңіз:
Ыдыстың түбі толығымен тегіс.
Ыдыс жанарғыда не электрлік плитада ортаға келтірілген.
Торлар аударылмаған.