Instruction for Use

KZ
43
Дисплей
Дисплей құрылғыны бағдарламалаған кезде пайдалы және өте көп ақпарат береді.
A аймағында мыналар көрсетіледі: белгіше мен таңдалған бағдарлама, жуу және кептіру кезеңдері, сондай-ақ
циклдің аяқталуына дейін қалған уақыт.
B аймағында DIRECT INJECTION опциясына байланысты екі қарқындылық деңгейі болады.
Қолдануға болатын функциялардың тиісті индикатор шамдары C аймағында көрсетіледі.
КЕШІКТІРІП БАСТАУ функциясы орнатылған болса, D аймағында таңдалған бағдарламаның басталуына дейін
қалған уақыт көрсетіледі.
E жолы ең көп сығу жылдамдығының мәнін көрсетеді (ол таңдалған жуу циклына байланысты болады);
Бағдарламада сығу циклі болмаса, аймақта күңгірт “--” таңбасы көрсетіледі.
F аймағында орнатылған бағдарламаға қарай таңдауға болатын температура мәні көрсетіледі; бағдарламаның
температурасын таңдау мүмкін болмаса, аймақта күңгірт “--” таңбасы көрсетіледі.
Есік құлыптаулы таңбасы
Таңба жанып тұрса, ол кір жуғыш машина есігінің кездейсоқ ашылуына жол бермеу үшін оның құлыпталғанын
білдіреді Кез келген зақымдалудың алдын алу үшін құрылғы есігін ашпас бұрын таңбаның өздігінен өшуін күтіңіз.
Ескертпе: КЕШІКТІРІП БАСТАУ функциясы іске қосылған болса, есікті ашу мүмкін болмайды; оны ашу керек
болса, БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін басу арқылы құрылғыны тоқтатып қойыңыз.
! Құрылғы алғаш рет қосылғанда, сізден тілді таңдау сұралады және тілді таңдау мәзірі автоматты түрде
көрсетіледі.
Қажетті тілді таңдау үшін X және Y түймелерін басыңыз; таңдауды растау үшін Z түймесін басыңыз.
Тілді өзгерту үшін құрылғыны өшіріңіз де, дыбыс сигналы естілгенше G, H, I түймелерін бір уақытта басыңыз: тілді
таңдау мәзірі қайтадан көрсетіледі.
! Әдепкі мәні бойынша ең жоғарғы мәнге орнатылатын дисплей жарықтығын өзгерту үшін, құрылғыны өшіріп,
сигнал берілгенше G, L және M түймелерін бірге басып тұрыңыз. Қажетті жарықтық деңгейін таңдау үшін, X және
Y түймелерін басыңыз, одан кейін Z түймесін басып растаңыз.
! Жуу циклінің барысында немесе КЕШІКТІРІП БАСТАУ опциясы қосылған жағдайда, пайдаланушы дисплейді
1 минуттан астам уақыт қолданбаса, ЭКРАН ҚОРҒАУЫШЫ қосылады. Алдыңғы терезеге оралу үшін, кез келген
түймені бассаңыз болғаны.
2:55
90°
1200
-- h
--
COTONE
H
G
Y
X Z
I
L M
A
B
C
C
D
E
C
F