Instruction for Use

Перделер: орап, жастық тысқа немесе тор қапшыққа салыңыз. Барабанның жартысынан
асырмай, бөлек жуыңыз. Сықпайтын, 7 бағдарламаны таңдаңыз.
Жүн\қауырсын: үйрек немесе қаз жүнді кірлерді кір жуғыш машинада жууға болады.
Оларды теріс қаратып алыңыз да салмағы 2-3 кг. аспайтындай етіп барабанға салыңыз.
Күтіммен жуу режимін пайдаланып, шаюды 1-2 рет қайталаңыз.
Кенеп аяқ киімдерді алдын
ала бір тазартып алып, қатты маталармен немесе
джинсалармен бірге жуыңыз, егер түстері сай келсе. Ақ заттармен бірге жумаңыз .
Жүн: Жақсы нəтижеге жету үшін 1 кг аспайтын кір салыңыз жəне жүн заттарды жууға
арналған арнайы сұйық құралдарды пайдаланыңыз.
! Қолмен жууға арналған кір жуу ұралдарын пайдаланбаңыз. Одан пайда болатын өте көп
көлемдегі
көбік кірдің сапасын нашарлатып, кір жуғыш машинаны бұзуы мүмкін.
Қызмет көрсету жəне күтіп ұстау
! Кір жуғыш машина халықаралық қауіпсіздік нормаларына сай жобаланып, жасалған.
Осы сіздің қауіпсіздігіңізді сақтау мақсатында жасалған, алдын алуды мұқият оқып
шығыңыз.
Жалпы қауіпсіздік ережелері
Үйде пайдалану үшін. Бұл бұйым кəсіби түрде пайдалануға арналмаған, тұрмыстық
электр заты болып саналады. Оның функцияларын модификациялауға рұқсат
етілмейді.
Кір жуғыш машинаны осы нұсқаулықта
берілген нұсқамаларды сақтайтын, тек
үлкен адамдар ғана қолдануы тиіс.
Жұмыс істеп тұрған машинаға, қолыңыз немесе аяғыңыз су болса жақындамаңыз;
жалаңаяқ жүріп жабдықты пайдаланбаңыз.
Розеткадан вилканы ажырату үшін қосылып тұрған кабельді тартпаңыз; вилканы
ұстап тартыңыз.
Машина жұмыс істеп тұрғанда жуу құралын бөлгішті ашпаңыз.
Төгіліп жатқан су ұстамаңыз, оның
температурасы жоғары болуы мүмкін.
Машина тоқтап қалған жағдайда, есік үш минуттан соң ғана ашылады. Осы
аралықта есікті ашпаңыз (ал жұмыс істеп тұрғанда мүлдем ашпаңыз): бұл тежеу
механизміне зақым келтіруі мүмкін.
Ақау болған кез келген жағдайда машинаны жөндеу мақсатында оның ішкі жағына
тиіспеңіз.
Балалар кір жуғыш машинаға жақындамауын
қадағалаңыз.
Кір жуу кезінде машинаның есігі ысып кетуі мүмкін.
Егер машинаны жылжыту керек болса, оны екі немесе үш адам болып, болып
жылжытыңыздар. Машинаны жалғыз көтермеңізжабдық өтеу ауыр.
Кір жуғыш машинаға кірді салар алдында, барабанның бос екендігін анықтап
алыңыз.
Қайта өңдеу
Орам материалын жою: орам материалдарын
қайта өңдеу бойынша қолданыстағы
талаптарды сақтаңыз.