Instruction for Use
• Кір жуып болған соң, барабанда жағымсыз иіс болмауы үшін жəне көгеріп кетпеу
үшін машинаның есігін əрдайым жартылай ашып қойыңыз.
Сорғышты тазалау
Кір жуғыш машинаның өз тазалайтын су төгу сорғышы болады, оны тазалап немесе
ерекше күтіммен ұстау керек. Бірақ кейбір ұсақ заттар (тиындар, түймелер т.б.)
сорғышқа түсіп кетуі мүмкін
. Оларды алып тастау үшін сорғышта сүзгіш
орналастырылған, ол панелдің алдыңғы төмен жағында жабық тұрады.
! Кір жуу циклі аяқталғанына көз жеткізіп, жабдықты желіден ажыратыңыз.
Барабан мен машинаның артындағы заттарды алу:
1. Кір жуғыш машинаның алдыңғы панелін екі қолыңызбен тартып шешіп алыңыз
(сур. қара).
2. Фильтрдің қақпағын сағат тіліне кері қарай бұрап ашыңыз (сур. қара). Сорғыштан
аздап су ағуы мүмкін, бұл қалыпты жағдай.
3. фильтрді ішінен жақсылап тазалап алыңыз.
4. қақпақты кері бұраңыз;
5. алдыңғы панельді орнына қойыңыз, ілмек тиісті тесігіне кіргеніне көз жеткізіңіз.
Су құятын шлангіні тексеру
Шлангіні жылына кемінде бір рет тексеріп тұрыңыз. Су аға бастаған жағдайда немесе
зақымданса, шлангіні ауыстырыңыз. Машина жұмыс істеп тұрғанда су қысымында
тұрған зақымданған шлангі
оқыстан жарылып кетуі мүмкін.