User Manual
16 Радиалды бұрғылау станогы JDR-34 / JDR-34F Қазақша16
тазарту, тазалау, майлау, кепіл мерзімі
аралығында ақылы қызмет болып табы-
лады.
1.10 Баптау, реттеу, ретке келтіру жəне
техникалық қызмет көрсету сатып алу-
шымен жүзеге асады.
1.11 Қызмет мерзімі аяқталған соң
жабдықты профилактикалық тексеру
үшін қызмет көрсету орталығына бару
ұсынылады.
• Бұл кепіл тікелей немесе жанама
бұзылыс, елемеушілік, кездейсоқ
бұзылулар, біліксіз жөндеу, жеткіліксіз
техникалық қызмет көрсету, сонымен
қатар табиғи тозу салдарынан пайда
болған ақауларға қатысы жоқ.
• JET кепілі алғашқы сатып алушыға
сатылған күнінен басталады.
• JET жөнделген өнімді қайтарады неме-
се оны тегін ауыстырады.
• Егер ақауы жоқ болса немесе оның
себепкерлері JET кепіл көлеміне
кірмесе, онда өнімді сақтау жəне қайта
жөнелту шығындарын тапсырушы өз
мойнына алады.
• JET қажет жағдайда бөлшектер мен
керек-жарақтарды өзгертуге құқылы
2. Қауіпсіздік
2.1 Белгілеуге сай пайдалану
• Осы радиалды бұрғылау станогы
тек қана ағаш жəне кесу арқылы
өңделетін помирерлі материалдар мен
металлдарға арналған.
• Басқа материалдарды өңдеуге бол-
майды немесе ерекше жағдайларда
станок өндіруші өкілінен кеңес
алғаннан кейін өңдеуге болады.
Назар аударыңыз!
• Магнийді кесумен өңдеуге тыйым
салынады – өрт қаупі жоғары!
• Белгілеуге сай пайдалануға өндіруші
беретін пайдалану мен техникалық
қызмет көрсету нұсқауларын ұстану да
жатады.
• Станок қызмет көрсету жұмыстарын
оның жұмысы мен техникалық қызмет
көрсетумен таныс жəне болуы мүмкін
қатерлермен ескертілген тұлғаларға
жүргізуге болады.
• Заңмен белгіленген минималды жас
мөлшерін де ұстану қажет
.
• Станокты тек техникалық жарамды
күйінде ғана қолданыңыз.
• Пайдалану нұсқаулығындағы
қауіпсіздік техникасы ережелері мен
Сіздің елдегі ерекше белгілеулермен
қатар ағаш жəне металл өңдейтін ста-
ноктар жұмысының жалпы техникалық
ережелерін де ескеру керек.
• Осы ережелерден əрбір ауытқу
бұрыс қолданыс деп танылады, жəне
өндіруші бұлардың салдарынан болған
бұзылуларға жауапты емес.
• Пайдаланушы ғана жауапты.
Жалпы ережелер
Барлық нұсқаулар мен
ережелерді оқыңыз
2.2 Қауіпсіздік техникасы
бойынша жалпы ережелер
• Ағаш жəне металл өңдейтін станок-
тар біліксіз ұсталғанда белгілі қауіп
төндіреді.
• Сондықтан қауіпсіз жұмыс үшін
қауіпсіздік техникасы ережелері мен
төмендегі нұсқауларды ұстану қажет.
• Станокты құрастыру мен онда жұмыс
істеуді бастамай тұрып Сіз пайдалану
нұсқаулығын толық оқып жəне зерттеп
шығыңыз.
• Пайдалану нұсқаулығын лас пен
ылғалдын қорғай отырып, станок
маңайында сақтаңыз
жəне кейін
станоктың жаңа иесіне беріңіз.
• Станокта ешқандай өзгертулер,
қосымшалар мен қайта құру шарала-
рын жасауға болмайды.
• Күн сайын станокты қосар алдында
мінсіз жұмыс пен қажетті қорғаныс
құралдарының бар болуын тексеріңіз.
• Станок пен қорғаныс құралдарында
анықталған кемшіліктер жайында
хабарландырып, оларды уəкілетті
қызметкерлер көмегімен жою керек.
• Мұндай жағдайларда станокта
ешқандай жұмыс жүргізбеңіз, желілік
штекерді ажырату арқылы станокты
қауіпсіздендіріңіз.
• Ұзын шаштарды қорғау үшін бас киім
немесе шашқа арналған торқапшықты
кию керек.
• Тығыз жабысып тұратын киім киіңіз.
• Əшекейлерді, сақиналарды жəне қол
сағаттарды шешіп тастаңыз.
• Қорғаныс аяқ киімін киіп жүріңіз,
ешуақытта серуендеуге арналған не-
месе жеңіл аяқ киім кимеңіз.
• Нұсқауларға
сəйкес жұмысқа
белгіленген жеке қорғаныс заттарын
қолданыңыз.
• Станокта жұмыс жасағанда қолғап
кимеңіз.
• Жұмыс барысында қорғаныс
көзілдіріктерін тағу қажет.
• Станок оның қызмет көрсету мен
дайындамалардың бағытына жеткілікті
орын қалатындай етіп орнатылу керек.
• Жақсы жарықтандырылуын
қадағалаңыз.
• Станок қатты жəне тегіс негіздемеде
берік тұруын қадағалаңыз.
• Жұмыс барысында электр өткізгіш
сымы бөгет
болмауын, жəне оған
шалынып қалу мүмкіндігі болмауын
қадағалаңыз.
• Жұмыс орнын бөгде дайындамалар
мен басқа заттардан бос ұстаңыз.
• Жұмыс істеп тұрған станокқа қол
сұқпаңыз.
• Зейінді болыңыз.
• Жұмысқа ұқыпты болыңыз.
• Алкоголь жəне есірткі сияқты
психотроптық заттардың ықпалында
ешқашан станокпен жұмыс
жасамаңыз.
• Дəрі-дəрмектер де Сіздің əрекетіңізге
зиянды əсер ете
алатынын ескеріңіз.
• Қауіпті аймақтан бөгде тұлғаларды,
əсіресе балаларды алшақтатыңыз.
• Жұмыс істеп тұрған станокты қараусыз
қалдырмаңыз. Жұмыс орнынан кетер
алдында станокты сөндіріңіз.
• Жанғыш сұйықтықтар мен газдардың
жанында станокты қолданбаңыз.
• Өрт жайлы хабарлау мен отпен
күресу мүмкіндіктерін ескеріңіз, мыса-
лы өртке қарсы қалқанда орналасқан
өртсөндіргіштер арқылы.
• Станокты ылғалды бөлмеде
қолданбаңыз
жəне жаңбыр əсеріне
түсірмеңіз.
• Өңдеу алдында дайындамадан
шегелер мен бөгде заттарды алып
тастаңыз.
• Тек қана жақсы қайралған аспаппен
жұмыс жасаңыз.
• Үстел бетінде берік жататын дайында-
маны ғана өңдеңіз.
• Ешуақытта бұрғылау қысқысының
немесе жетек белдігінің қорғаныс
қоршауы ашық қалпында жұмыс
істемеңіз.
• Станокты іске қосар алдында
бұрғылау қысқысының кілті мен
басқа
құралдарды алып тастаңыз.
• Дайындаманың минималды жəне
максималды өлшемдері белгілеулерін
ұстану қажет.
• Қиқымдар мен дайындама бөліктерін
тек станок тоқтап тұрған кезде ғана
алу керек.
• Станоктың үстіне шықпаңыз.
• Станоктың электр құрылғысында
жұмыстарды тек білікті электр маман-
дарына жүргізуге рұқсат етіледі.
• Бүлінген желілік кабельді шұғыл түрде
ауыстырыңыз.
• Қайта баптау, реттеу
жəне таза-
лау жұмыстарын тек қана станок
тоқтатылған жəне желілік штекер
ажыратылған қалпында ғана жүргізіңіз.
• Саусақтарыңызды айналмалы
бұрғылау құралынан жеткілікті
алшақта ұстаңыз, дайындама не-
месе Сіздің қолыңыз сырғанап кету
мүмкіндігін ескеріңіз.