User Manual
20 Радиалды бұрғылау станогы JDR-34 / JDR-34F Қазақша20
• Бірқалыпты уақыт аралығы өткен сай-
ын аз мөлшердегі маймен майлаңыз:
- шпиндельдің оймакілтек жетек білігін
-шпиндель пинолінің тісті ілінісін.
• Сүргілеу пышақтары, дайындама
қозғалысы жетегінің резеңкеленген
біліктері, тегіс, полисыналы, сыналы
жəне басқа белдіктер, сонымен қатар
станок құрылымында қолданылатын
шынжырлар тез тозатын бөлшектерге
(шығыс материалдар) жататынын
жəне оларды жүйелі түрде ауыстырып
тұру қажеттігін ескеріңіз.
• Ондай бөлшектерге кепіл жүрмейді.
• Қорғаныс қаптамалары, станок
құрылымында қолданылатын пластик
жəне алюминийден жасалған жеке
бөлшектер сақтандырғыш функциясын
атқарады.
• Ондай бөлшектер кепіл бойынша ауы-
стырылмайды.
• Электрқозғалтқышты іске қосу мен
жөндеуді тек рұқсаты бар білікті электр
маманы жасау керек.
• Бірқалыпты уақыт аралығы сайын
станокты тазартып отырыңыз.
• Бұзылған
сақтандырғыш құралдарды
дереу ауыстырыңыз.
• Электр жабдықтауды қосу мен
жөндеуді тек білікті мамандарға
жүргізуге болады.
8. Ақауларды жою
Мотор жұмыс істемейді
• Тоқ жоқ – Жалғаушы өткізніш сымдар
мен сақтандырғышты тексеру.
• Мотор, сөндіргіш немесе кабель ақауы
– электршіні шақырту.
Бұрғылау қысқысы шешілмейді
• Шпиндель конустық жақтауы мен
бұрғылау қысқысының түйіспелі
беткейлерінен кір мен майды алып
тастау керек.
Станоктың дірілі қатты
• Белдік дұрыс тартылмаған – белдік
тартылысын тексеріңіз.
• Шпиндель пинолі құрғақ – шпиндель
пинолін майлаңыз.
• Шпиндельдің белдік шкиві босап
кеткен – шпиндель сомынын бұрап
тастаңыз.
• Мотордың белдік шкиві босап кеткен –
бұрандалы штифтті бұрап тастаңыз.
• Бұрғы мұқалып қалды – бұрғыны
қайраңыз.
Бұрғы қызып кетеді
• Айналымдар саны дұрыс таңдалмады
– қате айналымдар санын азайтыңыз
• Бұрғы жырашықтары қиқыммен бітеліп
қалды – бұрғының кері жүрісін жиірек
жүргізіңіз.
• Бұрғы мұқалып қалды – бұрғыны
қайраңыз.
• Бұрғы берісі тым кіші – берісті
ұлғайтыңыз.
Бұрғылау кезінде саңылау
ауытқуы
• Бұрғы симметриялы қайралған жоқ –
бұрғыны дұрыстап қайраңыз.
• Бұрғылау нүктесі жылжып кеткен –
центрлейтін бұрғыны қолданыңыз.
• Майысқан бұрғы – жаңа бұрғыны
орнатыңыз.
• Бұрғы қате қысылған – бұрғыны қайта
қысыңыз.
9. Қосымша құралдар
Артикул Сипаттамасы
GR08420 DSA/2-1 өтпелі төлке МК-2/МК-1
GR07706 G-16/M2 Дорн В16/МК-2
VR3302075 16S Дəл нəзік тез қыспалы қысқы 3-16
мм/В16
VR3303079 16Н Бұрғылау қысқысы 1-16 мм/В16
10000391 Станокқа арналған тұғырық JDR-34
10000371 Іскенже
• Жабдықтардың барлық түрін
www.jettools.ru сайтынан немесе
тізімдемеден қараңыз.
10. Қоршаған ортаны қорғау
• Қоршаған ортаны қорғаңыз.
• Станок құрамындағы құнды материал-
дар қайта қалпына келтірілу немесе
кəдеге жаратылуы мүмкін. Өтінеміз,
станокты арнайы жерлерде кəдеге
жаратыңыз.