User Manual
14Ағаш жону станогы JWL-1443 Қазақша
Нұсқауда маңызды мəліметке на-
зар аудару үшін келесідей белгілер
қолданылған:
Назар аударыңыз!
Қауіп туралы ескерту
Ескерту
Маңызды қосымша мəлімет
Жалпы ережелер
Барлық нұсқаулар мен
ережелерді оқыңыз
1. Қауіпсіздік техникасы
1.1 Дұрыс пайдалану
• Станок тек ағашты өңдеуге арналып
құрастырылған. Оны басқа мақсатта
қолдануға тыйым салынады, кейбір
жағдайларды бұл тек өндірушімен
кеңескеннен кейін ғана рұқсат етіледі.
• Станокты дұрыс пайдалану үшін осы
нұсқаулықтың ережелерін сақтаған
жөн.
• Станокты тек оның жұмысы,
техникалық қызмет көрсетуі жəне
мүмкін болар қауіп қатерлері туралы
хабардар тұлғалар ғана пайдалануға
рұқсат
бар
• Станокты пайдалануға бекітілген жас
мөлшеріндегі тұлғалардан жас адам-
дар жіберілмейді.
• Станокты тек техникалық дұрыс
жағдайында пайдалану керек.
• Станокпен жұмыс кезінде барлық
қорғаныс құрылғылары мен қақпақтар
орнатылуы керек.
• Осы нұсқаулықта қамтылған қауіпсіздік
бойынша талаптарға жəне мемлекеттік
ережелерге қосымша ағаш өңдеу
станоктармен жұмысқа қатысты
жалпы қабылданған ережелермен де
танысқан жөн.
• Тауарды дұрыс пайдаланбаған
жағдайда өндіруші жауапкершіліктен
бас тартады жəне оны тек
пайдаланушыға жүктейді.
1.2 Негізгі қауіпсіздік ережелері
• Ағаш жонатын станоктар белгіленуі
бойынша қолданылмаса қауіпті болуы
мүмкін. Сондықтан қауіпсіздік техни-
касы бойынша жалпы ережелерді,
сонымен қатар төмендегі ережелерді
сақтаған жөн.
• Жинауды немесе станокта жұмыс
істеуді бастамас бұрын нұсқаулықтың
мазмұнын оқып ұғынып алыңыз.
• Нұсқаулықты сұйықтық пен ластану-
дан қорғалған станокқа жақын жерде
сақтаңыз, нұсқаулықты станоктың
жаңа иесіне беріңіз.
• Станокта кез келген өзгерту жасауға
тыйым салынады.
• Күн сайын станокпен жұмысты баста-
мас бұрын қорғаныс құрылғыларының
бар болуын жəне жұмысын тексеріңіз.
Басқа жағдайда құрылғымен жұмыс
істеуге тыйым салынады, оны электр
желісінен ажыратыңыз.
• Жеңдері кең киімдеріңізді шешіңіз,
ұзын шашыңызды жинап тастаңыз.
• Жұмыс алдында галстукты,
сақиналар, қолсағаттар жəне басқа
да əшекейлерді
шешіңіз, жеңіңізді
шынтақтан жоғары түріңіз.
• Қауіпсіз аяқ киім киіңіз, шлепка мен
сандалик киюге тыйым салынады.
• Əрқашан тек рұқсат берілген киім
киіңіз.
• Станокпен жұмыс істеген кезде қолғап
киюге тыйым салынады.
• Əрқашан қорғаныс көзілдірігін киіңіз.
• Станокты дайындаманы орнату мен
қауіпсіз жұмыс істеуге жеткілікті орын
қалатындай етіп орнатыңыз.
• Станоктың жұмыс
істеу аймағы жақсы
жарықтанған болуы керек.
• Станок жабық тұрғынжайда жұмыс
істеуге арналған жəне тегіс, мықты əрі
қатты бетке орнатылуы керек.
• Электр қоректің сымы жұмыс пен
адамдардың қозғалысына кедергі
келтірмейтініне көз жеткізіңіз. Станок
жанындағы еденді таза ұстаңыздар,
оның үстінде кесінділер, майлар мен
жағылып қалған заттар болмауы керек.
• Мұқият болыңыз!
• Өте
абай болыңыз. Шектен шықпаңыз.
• Егер шаршасаңыз станокта жұмыс
істемеңіз.
• Егер сіз есірткі, алкоголь неме-
се кез келген дəрі-дəрмектерді
қабылдаған болсаңыз станокта жұмыс
істемеңіз. Дəрі-дəрмектер сіздің мінез
құлқыңызға əсер етуі мүмкін екендігін
естен шығармаңыз.
• Егер станок толық тоқтамаса не-
месе ол жұмыс істеп тұрса оның
ішкі бөлшектеріне қол
сұғуға тыйым
салынады.
• Жұмыс істеп тұрған станокты қараусыз
қалдыруға болмайды. Жұмыс орнынан
кетпес бұрын құрылғыны сөндіріңіз.
• Балалар мен бөтен адамдарды жұмыс
аймағынан қауіпсіз ара қашықтықта
ұстаңыз.
• Станокты тез тұтанатын сұйықтық пен
газдың жанында қолданбаңыз. Өрт
туралы дабыл қағу жəне өрт сөндіру
əдістерімен танысыңыз, мысалы, өрт
сөндіру құралының жұмыс қағидасы
мен орналасқан орнын зерделеңіз.
• Станокты ылғалды ортада
пайдаланбаңыз жəне оны жаңбырдың
астына қалдырмаңыз.
• Ағаш жаңқалары өрт қауіпті жəне олар
денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін.
Кейбір тропикалық ағаштардың не-
Құрметті сатып алушы,
• JET маркасының құрылғысын сатып
алып бізге білдірген сеніміңіз үшін көп
рахмет !
• Осы нұсқаулық JWL-1443 станогының
тұтынушылары мен иелеріне арналып
құру, жұмыс істеу жəне техникалық
қызмет көрсету кезіндегі қауіпсіздікті
қамтамасыз ету үшін жасалды.
• Осы нұсқаулық пен қосымша
құжаттардың ақпаратын мұқият оқып
ұғынып алыңыз.
• Станоктың ең жоғарғы өнімділігі мен
қолдану мерзімінің ұзақтығы үшін
нұсқаулықпен мұқият танысуды жəне
оның ережелерін қатаң сақтауды
ұсынамыз.
Мазмұны
1. Қауіпсіздік техникасы
• Дұрыс пайдалану
• Негізгі қауіпсіздік ережелері
• Басқа қауіп
2. Станоктың техникалық
сипаттамасы
• Техникалық сипаттамалар
• Дыбыс деңгейі
• Жеткізілетін жиынтық
• Станоктың сипаттамасы
3. Тасымалдау жəне іске қосу
• Тасымалдау жəне орнату
• Жинау
• Электр желісіне қосу
• Шаң аулағыш құрылғы
• Іске қосу
4. Станокпен жұмыс істеу
• Дұрыс жұмыс жағдайы
• Токарлық кескіштер таңдау
• Айналым санын таңдау
• Орталықтар арасындағы қайраулар
• Тостаған мен тəрелкелерді қайрау
• Ажарлау мен сіңдіру
5. Орнату мен баптау
• Айналым санын өлшеу
• Алдыңғы тұғырды бұру мен оқшаулау
• Қысқыш құрылғыларын монтаждау
• Тірекке арналған құрылғы
• Артқы тұғыр құрылғысы
6. Техникалық қызмет көрсету
жəне тексеру
• Қысқыш эксцентрикті реттеу
• Белбеу мен мойынтіректі ауыстыру
7. Ақауларды жою
8. Бөлшектер