User Manual

18Ағаш жону станогы JWL-1440L Қазақша18
7.3 Кесетін кескішті пайдалану
Кескіштің негізгі қызметі: қажетті
тереңдікте түзу сызық бойынша ара-
лау жасау немесе беткі қабатты алып
тастау.
Сəйкесінше, осы құрал өте тар
(1,6 мм), оның формасының
арқасында тесіктерді жиектері қызып
кеспейтіндей етіп жасауға болады.
Егер де Сіз кескішті ажарлау үшін
қолданып жатсаңыз да жұмыс кезінде
кескіш қызып кетпес үшін үзілістер
жасап
тұру керек.
Жарты шеңбер қашаумен жəне
жиектері қайырылған қашаулармен
салыстырғанда кескішті дайындама
айналу бағытына қарама қарсы ұстап
тұрған жөн.
Егер дайндама ұзындығы үлкен бол-
маса, оны артқы орталықпен қыспауға
болады.
Кескішті жай ғана дайындаманың
бұрышына береді (сыдыру үшін),
ортылықтың осі бойынша қояды (ажар-
лау үшін).
7.4 Шеттері дөңгеленген
қашауларды қолдану
Бұл құрал таза өңдеу үшін, жиектер
мен V-тəріздес кесінді жасау үішн,
немесе жалпақтықты қайрау үшін
қолданылады.
Қашауды дұрыс пайдаланса, онда
ол беткі қабатты керемет өңдеуге
мүмкіндік береді.
Тазарту үшін бұл қашауды өте аз
уақыт пайдаланса да жеткілікті, олай
жасамаса ол тез өтпей қалады.
Тазарта өңдеу үшін қашауды кескіш
жиегімен
қол қозғалысы бағытында
кескішін жоғары қаратып ұстаңыз.
Қашауды дəл дайындама үстінен ол
беткі қабатты алып бастағанға дейін
артқа тарта отырып ұстап тұрыңыз,
содан соң жұмысты жалғастыру үшін
тұтқаны өз қалпына орнатыңыз.
Қашаудың алдыңғы жағын артқы жағы
секілді үлкен емес қалыңдықтың бетін
алып тастау үшін қолдануға болады.
Саңылауды алдын ала
дайындап
қоймай тұрып өте терең аралау
жасамаңыз,олай болмаған жағдайда
қашаудың кескіш жиегі қызып кетеді.
7.5 Дөңесті шығару
Бөлшектің төртбұрышты бөлігі, айна-
лып тұрған бөлігінің немесе бөлшектің
соңы дөңес бола алады.
Дөңестердің көпшілігі жұмыс остік
сызығына перпендикуляр орналасады,
дегенмен дөңес кез келген бұрышта
орналаса алады.
Біріншіден, дөңестің орналасқан
жерін оны айналып тұрған дайында-
ма үстінен ұстап тұрып қарындашпен
белгілеңіз.
Содан кейін дөңестің сыртқы жағынан
0,8 мм ара қашықтықта кескіштің
көмегімен нақты кесінді жасаңыз.
• 1,6 мм ге дейінгі шекте тереңдікке
кесінді жасаңыз, яғни сыртқы жақтың
жұмыс істеуіне қажетті тереңдікті
жасаңыз.
Егер де дөңес кіші болса, онда нақты
кесінді жасау үшін қашаудың ең үлкен
шегін қолданыңыз
.
• 3,2 мм ден үлкен кесінді жасамаңыз.
7.6 Жинақты жону
Шеткі жақтарды қарындашпен
белгілеңіз. Сосын жарты шеңбер
қашаудың көмегімен шеткі жақтарды
3,2 мм ге дейін өңдеңіз.
Егер жинақ кең болу керек болса, онда
нақты кесінділер өңдеу сызбасын
белгілеу үшін жасалады.
Нақты кесінділер өңделген кезде, беткі
қабатты екі рет алып тастап, екі жақтан
орталықтың бағытында бір реттен
алып тастап жинақты аяқтауға
болады.
Əр кесіндінің басында жарты шеңбер
қашауды жүздің екі жағы бас бармақ
пен сұқ саусақтың арасында кескіштің
тұтқасында орналасатындай, қиық
жиегі артқа қаратып жəне тұтқасын
жоғары қаратып ұстаңыз.
Жүзді қиық жиегі жұмыс осіне 90°
бұрышта болатындай етіп ұстаңыз
жəне олар бейнеленген сызыққа жа-
насып жəне жұмыс осін көрсетіп тұруы
керек.
7.7 V-тəріздес кесіндіні жону
• V – тəріздес жырашықты қашаудың
алдыңғы жəне артқы жағынан жонуға
болады.
Егер қашаудың алдыңғы жағын жона-
тын болса, онда əрекеттер ернемекті
жонғандағы əрекеттермен бірдей,
оған қоса, қашау фасканың қажетті
жағымен кесіндіге қарай бұрылады.
Кішкене қабаттарының бетін алды-
мен бірінші жағынан, сосын келесі
жағынан, жырашықты біртіндеп қажетті
тереңдік пен еніне дейін үлкейте
отырып алыңыз.
Егер сіз қашаудың артқы жағын
қолдансаңыз, қашау кескішті тірек
ретінде қолдана отырып бөлшектің
ішінде айналады.
Қалған кезде жону қалпы мен беткі
қабатты алып тастау реті бірдей.
Егер Сіз қашаудың алдыңғы жағын
қолданатын болсаңыз, жонудың ең
шеткі жағында жүзеге асырылғаны
маңызды.
Егер Сіз терең жыра жасамақ
болсаңыз, онда
жұмыс терізек жүру
үшін, əр сызықтың ортасына нақты
кесінді жасаңыз.
• V – тəріздес жырашықтарды сонымен
қатар V – тəріздес қашаумен жəне үш
қырлы қашаумен істеуге болады.
7.8 Үлгінің орналасуы
Жұмыс ыңғайлы болуы үшін алдымен
үлгі жасаған жөн.
Үлгіні шпиндель үлгілері секілді етіп
орналастыруға болады.
Үлгілерді өңделетін бөлшектерге
қарама қарсы орналастыруға болады.
Шеткі нүктелерді анықтау үшін
аймақтарды Сіз айналып тұрған
бөлшекте циркуль қолдану арқылы
жылдам белгілей аласыз.
7.9 Үлгіні орындау
Ең алдымен қаншалықты ағаш
қабатын ала аласыз соншасын
алыңыз.
Дайындама ортасын ең үлкен
кескішпен бұрғылаңыз.
Абай болыңыз, кескіш ене алатын
тереңдікті алдын ала анықтаңыз.
Жартылай шеңбер қашаудың
көмегімен қиқымдарды алып тастаңыз.
Содан соң дəл осылай 3,2 мм ді
бөлшектің ең соңғы өлшеміне дейін
алыңыз.
Дөңгелектің өңдеу жұмысы жиегін
дөңгеленген
қашау немесе жартылай
шеңбердің көмегімен аяқтаңыз.
Жалпақ қырғыштың көмегімен
тереңдіктің түбін тегістеңіз.
Кескіш тірегін айналып тұрған
бөлшекке неғұрлым жақын
орналастыруға тырысыңыз.
7.10 Дайындаманы планшайбаға
бекіту
Сіз дайындаманы планшайбаға 4
(8) бұрама шегенің көмегімен бекіте
аласыз.
Ескерту
Дайындаманың екі орталық арасына
немесе планшайбаға берік бекітілгенін
үнемі тексеріп отырыңыз.
Планшайба айналысы кезінде бекіткіш
бұрандамалар кескішке жанаспайты-
нына көз жеткізіңіз.
7.11 Планшайбаның айналуы
Егер кескіш екі орталық арасына
бекітілмесе, онда дайындаманы
белгілеу үшін планшайба қажет.