User Manual

16Фрезерлеу үстелі JRT-1 Қазақша16
қорғау үшін өткізгіш сымның
ұзартқышын жерге қосу керек.
6. Құрастыру жəне реттеу
6.1. Орауын шешу (сур. 1)
Сур.1
Назар аударыңыз!
Егер қандай болса да бөлшегі бүлінген
болса, фрезерлеу үстеліне оны
бекітпеңіз.
1 - үстел қақпағы
2 - үстел аяқтары (3)
3 - үстелдің ауыстырып қостырғышы
бар аяғы (1)
4 - бағыттауыштың панелі (2)
5 - бағыттауыш (ішінара жинаулы)
6 - ауыстырып қостырғыш блогы
7 - қорғаныс қаптамасы
8 - бұрыш астында фрезерлеуге
арналған тіреуіш
9 - бекітуші бұрандама
10 - бекітуші тақтайша
11 - үстел ендірмесі 1 1/4'' (32 мм)
12 - үстел ендірмесі 1 7/8'' (47 мм)
13 - үстел ендірмесі 2 1/8'' (55 мм)
14 - бағыттаушы штифт
15 - штифт
16 - шаршы жастықшалы бұрандама (1
үлкен, 1 орташа, 4 кішкентай)
17 - бұрандамаларға арналған тегіс
тығырықтар (6)
18 - бөгеткіш сомындар (2 үлкен, 4
кішкентай)
19 - орнатқыш бұрандамалар (16)
20 - бөгеткіш тығырықтар (16)
21 - тегіс тығырықтар (16)
22 - PH 2 бұрандамалары
23 - ұсақ бекітуші винт
24 - алты қырлы кілт (5 мм)
25 - фрезер кілті
26 - сорып шығару құрылғысын іске
қосуға арналған аспап
6.2 Жинақтау
Жұмысты бастамай тұрып, фрезерді
жинақтау керек. Станок ішінара
бөлшектендіріліп жеткізіледі.
Аяқтарды үстелге бекіту (сур. 2
жəне 3).
Сур. 2
Алдыңғы оң аяқта ауыстырып
қосқыштқа арналған тікбұрышты
ойығы бар.
Қалған аяқтары бірдей, оларды кез
келген жерге орнатуға болады. Үстелді
жинақтағаннан кейін сөндіргіш алдын-
да болады, бұл оператор үшін өте
ыңғайлы.
Үстелді қажетті жерге логотип жағын
(1) өзіңізге қаратып қойыңыз.
Ойығы бар аяқты (2) сол жақтағы
бұрыш үстінен орналастырыңыз, аяқ
ойықшаларын үстелдегі бұрандалы
саңылаулармен біріктіріңіз.
Əр бұрандалы саңылауға тегіс
тығырық (3), бөгеткіш тығырық (4)
жəне орнатушы бұрандама арқылы
аяқты бекітіңіз.
Барлық төрт аяқтың ойықшаларын
үстелдегі сəйкес бұрандалы
саңылаулармен біріктіріңіз.
Аяқтарды үстелге тегіс тығырықтармен
жəне бөгеткіш бұрандамалармен
бекітіңіз.
Барлық бұрандамалар жақсы
бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Фрезерді жұмыс бетінің оң жағына
орнатыңыз.
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ: станокты
жинақтамай жəне орнатпағанша, оны
розеткаға қоспаңыз.
Сөндіруші блогының алдыңғы аяққа
бекітілуі.
Ауыстырып қосқыштың блогы алдыңғы
оң аяқтың ойығына сұғылады. Қуат
көзінің сымы мен қос оқшауланған
розетка айыстырғыш блогының артқы
жағында орналасқан
Сур.3
Ескерту
Егер үстелді жинақтағаннан кейін
ауыстырғышқа арналған ойық
алдыңғы оң аяқта болмай қалса,
аяқтардың орнын аустырыңыз.
Ауыстырып қосқышты орнату:
Сур.4
Ауыстырғыш блогын (1) алдыңғы оң
аяқ ойығына (2) сұғыңыз.
Ауыстырғыш блогының үсті мен
астындағы бұрандамаларға
арналған саңылауларды аяқтағы екə
саңылаумен біріктіріңіз.
Ауыстырғыш блогын екі PH 3
бұрандамасымен аяққа бұрап
тастаңыз.
Ескерту
Ауыстырғыштың бұғаттаушысы бар,
ол ауыстырғышты тексермей тұрып
орнатылуы керек.
Үстелдің негізге бекітілуі (опция)
Барлық аяқтың астында саңылаулары
бар, соның арқасында оларды сəйкес
негізге орнатуға болады. Негізі станок
салмағын көтеру үшін түзу жəне берік
болу керек. Оған қоса, дірілді тоқтату
үшін негіз орнықты болу керек.
Қажетті негізді таңдап, сəйкес
бекітулерді қолданыңыз.
Құрастырылымдағы үстелдің
жинақтаушылары
Фрезерлеу үстелінің жинақтауына
корпусы бар қозғалмалы бағыттауыш,
бұрыш астында фрезерлеуге арналған
бағыттауыш, үстелдің бірнеше
ендірмелері жəне қорғағыш бөгеткіш
штифт жатады.
Үстелге бағыттауышты орнату
Сур.5
Үстелде пластикалық бағыттауышты
орнату үшін екі саңылау бар.
Станокты артқы жағын қабырғаға
қаратып қойыңыз.