User Manual
17Қазақша Фрезерлеу үстелі JRT-117
• Бағыттауышты (1) үстелдегі
саңылаулармен (2) біріктіріңіз.
Бағыттауыштағы үлкен дөңгелек
саңылау (3) үстелдің артқы жағына
бағытталу керек.
• Ұзын шаршы жастықшалы
бұрандаманың (4) көмегімен
бағыттауышты үстелдегі саңылау (2)
мен бағыттауыштың оң жағындағы
саңылауы (5) арқылы бекітіңіз.
Бұрандаманы тегіс тығырықпен (6)
жəне бөгеткіш сомынмен (7) бекітіңіз.
• Қысқа шаршы жастықшалы
бұрандаманың (8) көмегімен
бағыттауышты үстелдің сол жағынан
бекітіңіз. Бұрандаманы
тегіс тығырық
пен бөгеткіш сомын арқылы бекітіңіз.
Қозғалмалы тілімшенің
бағыттауышқа бекітілуі
Сур. 6
• Бір қозғалмалы тілімшені (1)
бағыттауыштың алдыңғы жағының
бойына (2) орналастырыңыз,
бағыттауыш пен тілімшедегі
бұрандамаларға арналған
саңылауларын біріктіріңіз.
• Тілімшені бағыттауышқа
бұрандамалармен (3) жапсырып, тегіс
тығырық (4) пен бөгеткіш сомын (5)
арқылы бұрандамаларды бекітіңіз.
• Екінші қозғалмалы тілімшені
бекіту үшін 1 жəне 2 қадамдарын
қайталаңыз.
Корпустың бағыттауышқа
бекітілуі (сур. 7)
• Корпус фрезаның кескіш жиегін
бүлінулерден сақтайды. Корпус
бағыттауштың тіреуіне бекітіледі. Егер
корпус бағыттауышқа дұрыс бекітілсе,
ол еркін қозғалады.
• Корпус тұтқасын (1) қолдаушы базаға
(2) орнатыңыз.
• Корпустағы жəне қолдаушы базадағы
саңылауларды (3) біріктіріңіз.
• Штифттің (4) көмегімен корпус
тұтқасын қолдаушы базаға бекітіңіз.
Сур. 7
Фрезерді үстелге бекіту
• Фрезер үстелдің төмен жағына
біріктіріледі жəне төрт бұрандамамен
бекітіледі. Фрезердің сымы
ауыстырғыш блогындағы розеткаға
қосылады. Егер барлығы дұрыс орна-
тылса, айыстырғыш арқылы фрезерді
қосуға жəне өшіруге болады.
Фрезерді үстелге бекіту
• Фрезаның тілімшесінде (3) орнатылған
пластикалық қорғағыш тілімшенің
(2) төрт винтін (1) бұрап шығарыңыз.
(Сур. 8)
Сур.8
• Сорып шығару құрылғысының қосылу
құралы станокқа орнатылмағанына көз
жеткізіңіз (Сур. 9).
Сур.9
Назар аударыңыз!
Фрезерді орнатқан кезде сорып шығару
құрылғысының қосылу құралын іске
қоспаңыз.
Ескерту
• Толығырақ ақпаратты алу үшін
фрезерді жинақтау жəне пайдалану
нұсқауын қараңыз.
• Фрезердегі бұрандамаға арналған
4 саңылауы (4) жəне үстелдегі
бұрандама саңылаулары (5) бір-біріне
келетіндей етіп, фрезерді үстелдің
астына орналастырыңыз. Фрезер
үстелге алдыңғы жағымен орналасуын
қадағалаңыз (Сур. 10)
Сур.10
• Фрезерді бүркіншегі тегіс 4 Philips®
винттерімен (6) бекітіңіз. Жинақтауды
жалғастырудың алдында, фрезер
берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
• Алдыңғы оң аяқтағы сөндіргіштің
өшірілгендігіне көз жеткізіңіз.
• Фрезердің қуат көзі сымын
ауыстырғыш блогының артқы
жағындағы розеткаға (7) сұғыңыз.
Жұмысқа кедергі келтірмейтіндей етіп,
сымды бекітіңіз (Сур. 11).
Сур.11
Үстел ендірмесін орнату (сур. 12)
• Үстелмен бірге 3 ендірме жеткізіледі,
əр ендірменің бұрандамаға арналған
диаметрі əр түрлі саңылаулары бар.
Үстел ендірмесін аустырыңыз, қажет
болса, ендірме көлемін фрезерге
келтіріңіз. Фрезердің кескіш жиегі үстел
ендірмесімен жанаспау керек.
Назар аударыңыз!
Диаметрі үстел ендірмесінің
саңылауынан немесе фрезердің ауы-
стырмалы негізінен артық фрезаларды
қолданбаңыз.
• Үстел ендірмесінің (1) саңылау
диаметрі (2) Сіз орнатайын деп жатқан
фрезаның диаметрінен артық болатын
ендірмені таңдаңыз.
• Үстел ендірмесін үстелдегі фрезаға
арналған саңылау айналасындағы
тікбұрышты ойығымен (3) біріктіріңіз.
• Ендірмені бекіту үшін, оны жайлап
жəне бірқалыпты басып қалыңыз.