User Manual
18Фрезерлеу үстелі JRT-1 Қазақша18
Сур.12
Жинақтағы бұрыш астында
фрезерлеуге арналған тіреуіш
• Шектегіштер бекітуші тақтайшаның
саңылауларына орнатылып, бөгеткіш
сомын көмегімен белгілі күйінде
бекітіледі. Тіреуіштің төмен жағында
орналасқан кішігірім штырь бекітуші
тақтайшадағы бұратылусыз саңылауға
үйлесімді.
Бұрыш астында фрезерлеуге
арналған тіреуішті құрастыру:
(сур.13 жəне 14)
• Бекітуші тілімшеден (2) бөгеткіш со-
мынды (1) бұрап алып тастаңыз.
• Тіреуіштің алдыңғы жағын (3) бекітуші
тілімшедегі шектейтін жалаушаның (4)
астына итеріп жіберіңіз.
• Тіреуіш негізіндегі саңылауға (6)
кішкентай штифтті (5) орнатыңыз.
• Бөгеткіш бұрандаманы бұрап тастаңыз
(7).
• Үстелдегі жырашыққа (9) бекітуші
тақтайшамен (8) жинақталған тіреуішті
орнатыңыз. Бекітуші тақтайша
жырашыққа еркін ену керек.
Сур.13
Сур.14
Бұрыш астында фрезерлеуге
арналған тіреуішті реттеу
• Фрезерлеу бұрышын өзгерту үшін
тіреуіштегі бөгеткіш сомынды босатып,
тіреуішті қажетті бұрышта орнатыңыз.
Содан кейін бөгеткіш сомынды бұрап
тастаңыз
7. Жұмысқа дайындық
• Сіз үстел аяғындағы сөндіргішті
қолдана отырып жұмыс істей аласыз.
Фрезерлеу үстеліндегі сөндіргіштің
бұғаттауышы бар.
• Егер бұғаттаушы орнатылмаса, станок
іске қосылмайды. Бұғаттауышты
сөндіргіш блогына енгізіңіз немесе,
қажет болса, бұғаттауышты шығарып
тастаңыз.
Фрезерді өшіру (Сур.15)
• Бұғаттауыш сөндіргіш блогында
орналасқанына жəне сөндіргіш
«ВЫКЛ» күйінде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
• Фрезер сөндіргіші «ВЫКЛ» күйінде
екеніне көз жеткізіңіз. «О» күйіне
келтіру үшін сөндіргішті басыңыз.
• Фрезерді сөндіргіш блогының артқы
жағындағы розеткаға (2) қосыңыз.
• Қуат көзі сымын жұмысқа кедергі
келтірмейтіндей бекітіңіз.
• Станоктың қуат көзі сымын желіге
қосыңыз
Сур.15
Назар аударыңыз!
Фрезер мен фрезерлеу үстелінің
өткізгіш сымдары жұмысқа кедергі
келтірмеуін қадағалаңыз. Егер
əлдеқандай өткізгіш сымы бөгет бол-
са, фрезерлеу үстелінің сөндіргішін
басыңыз. Өткізгіш сымдары бүлінбес
үшін, фрезерді сөндіріп, оларды алып
тастаңыз.
Фрезаны іске қосу (Сур.16)
Сур.16
• Сөндіргіштің бұғаттауышы
орнатылғанына жəне станок сөндіргіші
«OFF» күйінде екеніне көз жеткізіңіз.
• Фрезер сөндіргіші (1) «OFF» күйінде
екеніне көз жеткізіңіз.
• Фрезердің сөндіргіш блогындағы
розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
• Станоктың желіге қосылғандығына көз
жеткізіңіз.
• Фрезерді қосыңыз.
• Станокты қосыңыз.
• Станокты өшіру үшін сөндіргішті
басыңыз.
Пайдаланудың негізгі ережелері
• Сіз өңдейтін материал мен фрезер-
леу түріне байланысты, станоктың
қандай функциялары қажет болатыны
анықталады.
• Дайындаманы өңдеу үшін Сізге қандай
құралдар керек екендігін анықтап
алыңыз.
Сур.17
• Фрезаны фрезерге салып,
фрезерлеудің биіктігін реттеп алыңыз.
Фрезаны шпиндельде бекіту үшін кілтті
қолданыңыз.
• Қажетті қосалқы бөлшектерін
(бағыттауышты, бағыттаушы штифт
жəне т.б.) бекітіп жəне орнатып
алыңыз.
• Дайындаманы жұмыс алдын-
да бекітуге келетіндей етіп,
бағыттауышты реттеңіз, жəне дай-
ындама өңделгеннен кейін түсіп
қалмайтындай қылып, жүк түсіретін
үстелді орнатыңыз.
•
Фрезердің жəне фрезерлеу үстелінің
барлық бекітулерін тексеріңіз. Барлық
қорғаныс құралдары орнатылғанына
көз жеткізіңіз.