User Manual

20Фрезерлеу үстелі JRT-1 Қазақша20
8. Техникалық қызмет көрсету
Назар аударыңыз!
Сервис жұмыстарын жүргізбес бұрын
міндетті түрде станокты сөндіріңіз.
Техникалық қызмет көрсету бойынша
нұсқаулар.
Станок ұзақ уақыт бойы қызмет істеуі
үшін станоктың техникалық жағдайын
қадағалау қажет.
Жұмыс бастамай жатып, фрезерлеу
үстелі, фрезер, сөндіргіштер жəне
сымдардың бүлінулері бар-жоқтығын
үнемі тексеру керек.
Əсіресе ескірген бөлшектерді мұқият
тексеріңіз.
Бекітуші
бұрандамалардың босап
кетпеуін, реттелудің жаңылыспауын
бақылаңыз.
Сонымен қатар, қозғалмалы
бөлшектердің қысылып қалмауын
тексеріңіз.
Егер станок тым қатты дірілдесе не-
месе шуласа, дереу станокты өшіріп,
жұмысыңызды жалғастырмай тұрып,
бүлінуді жойыңыз.
Станокты жарамсыз күйінде
қолданбаңыз
Ескерту
Техникалық қызмет көрсету бойынша
ақпаратты жəне нұсқауларды пайдала-
ну нұсқаулығынан қараңыз.
Назар аударыңыз!
Бүлінулерді жою үшін тек қана
қосалқы бөлшектердің түпнұсқаларын
қолданыңыз. Жасанды қосалқы
бөлшектерді қолдану үстелдің
бұзылуына алып келуі мүмкін.
Тазарту
Фрезер мен фрезерлеу үстелін
тазалау үшін тек қылшақ пен
дымқыл шүберекті қолданыңыз.
Тазалау құралдары мен еріткіштер
пластикалық жəне оқшауланған
бөлшектерге теріс əрекет етеді.
Пластикалық бөлшетер үшін
еріткіштерді қолданбаңыз. Мұндау
тазартудың арқасында, нəтижесінде
пластикалық бөлшектердің көбі жұмыс
барысында бұзылады.
Назар аударыңыз!
Жандану мен токсиндармен улануды
болдырмау үшін, фрезерлеу үстелі мен
фрезаны тазарту үшін бензин, скипи-
дар, ацетон, лак еріткішін жəне тағы
басқа еріткіштерді қолданбаңыз.
9. Жеткізілетін жабдықтар
Тек қана қосалқы бөлшектердің
түпнұсқаларын қолданыңыз. Жасанды
қосалқы бөлшектерді қолдану үстелдің
бұзылуына алып келуі мүмкін. Барлық
сервис жұмыстарын жəне техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын тек білікті
қызметкер атқару қажет.
Жабдықтардың барлық түрін
www.jettools.ru сайтынан немесе
тізімдемеден қараңыз.