User Manual

12Шеткі жақтары тікенді ара JSMS-10L Қазақша12
Нұсқауда маңызды мəліметке на-
зар аудару үшін келесідей белгілер
қолданылған:
Назар аударыңыз!
Қауіп туралы ескерту
Ескерту
Маңызды қосымша мəлімет
Жалпы ережелер
Барлық нұсқаулар мен
ережелерді оқыңыз
1. Жалпы ережелер
Станок ағаш жəне оған ұқсас матери-
алдардан, сондай-ақ қатты полимерлі
материалдардан жасалған өнімдерді
аралауға арналған.
Металл өнімдерін аралауға болмайды.
Басқа материалдарды өңдеуге
болмайды, немесе тек компания
өкілдерімен кеңескеннен кейін ғана
жүзеге асыруға болады.
Қолдану нұсқаулығында жазылған
қауіпсіздік техникасы бойынша ереже-
лермен қатар Сіздің еліңіздің ерекше
ұйғарымдарымен бірге ағаш
өңдеу
станоктарында жұмыс жасау бойын-
ша жалпы қабылданған техникалық
ережелерді де назарға алу қажет.
Қолдану барысында осы ережелерден
əрбір ауытқушылық дұрыс қолданбау
ретінде қарастырылады жəне осының
нəтижесінде болған зақымдануларға
сатушы жауап бермейді.
Станокта ешқандай да техникалық
өзгертулер жасауға болмайды.
Жауапкершілік тек қолданушының
мойнына жүктеледі.
Станок тек техникалық жөнделген
қалпында
қолданылсын.Станокты тек
оның жұмысы, техникалық қызмет
көрсетуі жəне мүмкін болар қауіп
қатерлер туралы ескертілген тұлғалар
қолдануға рұқсат етіледі.
Станоктан қорғау автоматы мен
электр қуаттандырушы көзіне дейінгі
жалғастырушы кабель (немесе
ұзартқыш) 3х1,5мм²-тан кем болмауы
керек (неғұрлым мыстан жасалған,
үш талшықты, əр талшықтың қимасы
1,5мм² кем емес болғаны абзал).
Бұл станок жеке (тұрмыстық)
қолдануға арналған, яғни өзінің
құрылымдық ерекшеліктері мен
техникалық сипаттамалары бойынша
станок өндірістік қолданысқа жарамай-
ды.
Егер сіз қорапты ашқан сəтте тасы-
малдау барысында пайда болған
қандай да бір ақауларды байқасаңыз,
бұл жайында жедел сатушыға
мəлімдеңіз.
Станокты іске қоспаңыз!!
2. Жеткізілім жиынтығы
1. Шеткі жақты дискілі ара -1 д.
2. Шаң жинайтын қап – 1 д.
3. Дайындамаға арналған қысқыш – 1д.
4.Үстелдің ұзартқышы – 2 д.
5. Ұзындық шектегіші – 1 д.
6. 13 мм жинақтау кілті – 1 д.
7. Аралау дискісі 1 д.
8. Қолдану нұсқаулығы
9. Бөлшектер тізімі
3. Техникалық сипаттамалар
Аралау дискісінің өлшемі 254х2,8х30 мм
Бос жүрістегі айналымдар саны 4500 айн./мин
Араланған тіліктің ең үлкен биіктігі 90/45, 90мм/42мм
Араланған бөліктің ең үлкен ені 90/45, 305мм/215мм
Аралау дискісінің көлбеуі 0-45
Үстелдің оңға/солға бұрылысы 45/45
Сорып алатын құрылғыны қосу Д30/40мм
Араның салмағы 1 8кг
Қуаттану кернеуі 220 В~1 L/N / 50 Гц
Қозғалтқыштың күш қуаты 1500 Вт
Жұмыс тоғы 6,5 А
Жалғастырушы сым (Н07 RN-F) 2х1,5 мм²
Қорғаныс құрылғысы 10 А
Ескерту
Осы нұсқаулықтың спецификациясы
жалпы ақпарат болып табылады.
Өндіруші станоктар құрылымына
өзгерістер енгізуге құқылы, бұл оның
техникалық сипаттамаларына, оның
стандартты жиынтығына, қосымша
заттары мен сыртқы түрінің өзгеруіне
алып келеді.
Құрылғыны баптау, реттеу, орнату
жəне техникалық қызмет көрсетуді
сатып алушы жүргізеді.
4. Қауіпсіздік техникасы
бойынша жалпы ережелер
Қауіпсіздік техникасына өндіруші
берген қолдану нұсқаулығы мен
техникалық қызмет көрсету бойынша
ережелерді сақтау жатады.
Нұсқаулықты əрдайым ылғал
мен кірлеуден сақтаңыз, басқа
қолданушыларға беріңіз.
Күн сайын араны іске қоспас бұрын
барлық қорғау құрылғыларының
қызметін тексеріңіз.
Араның немесе қорғау
құрылғыларының айқын болған
ақауларын осы саланың
мамандарының көмегімен шеттетіңіз.
Мұндай жағдайларда
станокты
қоспаңыз, оны электр желісінен
ажыратыңыз.
Нұсқаулыққа сəйкес жеке қорғаныс
құралдарын қолданыңыз.
Осы станокта жұмыс істегенде
қауіпсіздік үшін екі қолды бірдей
қолданған жөн.
Дене тығыз болатын киім киіңіз,
əшекейлерді, жүзіктер мен
қолсағаттарды шешіп қойыңыз.
Аралау дискісімен жұмыс істегенде
Құрметті сатып алушы!
Сіздің бізге білдірген сеніміңізге жəне
JET маркасының станогын сатып
алғаныңызға үлкен рахмет!
Осы нұсқаулықты құрастыру барысын-
да Сіздің станокты тез арада игеруіңіз
бен онымен қауіпсіз жұмыс істей
алу мүмкіндігіңізге көп көңіл бөлінді.
Өтінеміз, нұсқаулықты зерттеу мен
сақтауға байланысты бірқатар ереже-
лерге назар аударыңыз.
Станокты іске қоспас бұрын осы
нұсқаулықты толық əрі
мұқият оқып
шығыңыз, əсіресе қауіпсіздік тех-
никасына аса назар аударыңыз.
Бұл нұсқаулық осында сипатталған
станокқа ұқсас құрылғымен жұмыс
істеу бойынша базалық білімі мен
дағдысы бар тұлғаларға есептеліп
құрастырылған.
Егер Сіз ешқашан мұндай құрылғымен
жұмыс істемеген болсаңыз, осын-
дай тəжірибесі бар тұлғалардан
көмек сұраңыз. Осы станокпен бірге
берілетін барлық құжаттаманы,
кейіннен
қарау мүмкіндігі үшін сақтап
қойыңыз. Сонымен қатар кепілдемелік
шағымдар түсіруге мүмкіндік беретін
чекті (сатып алу түбіртегі) де сақтап
қойыңыз.
Станокты қайта сату немесе оны
уақытша жалға беру жағдайында оны-
мен бірге жеткен барлық құжаттаманы
бірге беріңіз.
Қолдану нұсқаулығында келтірілген
ережелердің сақталмауынан болған
кез-келген зақым үшін өнім шығарушы
жауап
бермейді
Мазмұны
1. Жалпы ережелер
2. Жеткізілім жиынтығы
3. Техникалық сипаттамалар
4. Техникалық қауіпсіздік
бойынша жалпы ережелер
5. Станоктың сипаттамасы
6. Тасымалдау жəне қолданысқа
қосу
7. Жұмыс
8. Ретке келтіру мен баптау
бойынша жұмыстар
9. Техникалық қызмет көрсету
10. Ақауларды түзету
11. Жеткізілетін қосымша заттар
Бөлшектеу
Бөлшектердің тізімі
Электр сызбасы