User Manual
17Қазақша Тарелка-лента тəріздес ажарлау JSG-6417
• Ағаш кесетін станоктарды кəсіби
білікпен қолданбаса қандай да бір
қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан олар-
ды сенімді түрде қолдану үшін тиісті
қауіпсіздік техникасының ережелері
мен келесі ережелерді сақтау қажет.
• Станокты құру мен жұмыс істемес
бұрын нұсқаулықтың мазмұнын оқып
шығып, оны түсініп алыңыз.
• Нұсқаулықты ылғал мен
ластан
қорғалған жерде станоктың қасында
сақтаңыз жəне келесі тұтынушыға
беріңіз.
• Станокта қандай да бір өзгертулер
жасауға жəне оған қандай да бір
құрылғыларды ілуге немесе бабын
бұзуға болмайды.
• Станокпен жұмыс жасамас бұрын күн
сайын қорғаныш тетіктер мен олардың
қызметін тексеріңіз.
• Табылған ақаулар жайында тиісті
тұлғаларға хабарлау жəне солардың
көмегімен ақауды
түзету керек. Одан
басқа жағдайларда станокпен жұмыс
істеуге тыйым салынады, оны электр
желісінен суырып тастаңыз.
• Жұмыс кезінде шашыңыз кедергі
келтірмеуі үшін тор немесе бас киім
киіп алыңыз.
• Жабысып тұратын киім киген дұрыс
жəне жұмыс алдында барлық
əшекейлер, сақина мен қолсағаттарды
шешкен жөн.
• Қауіпсіз аяқ киім киіңіз. Демалысқа
арналған жəне
жеңіл аяқ киім киюге
тыйым салынады.
• Нұсқаулықта талап етілген жеке
қорғаныс құралдарын қолданған жөн.
• Станокпен жұмыс істеу кезінде қолғап
киюге тыйым салынады.
• Станокпен жұмыс істеу барысында
қорғаныс көзілдіріктерін қолдану керек.
• Станокты қызмет көрсету мен матери-
алды енгізуге орын жеткілікті болатын-
дай етіп орнату керек.
• Жұмыс аймағын дұрыс
жарықтандырыңыз.
• Станок ұшып кетуден сақталған жəне
үстелдің қатты жəне тегіс бетінде
мықты орнатылуын қадағалаңыз.
• Электр желісі жұмыс процессіне
кедергі келтірмеуін қадағалаңыз.
• Жұмыс аймағында керек емес дайын-
дамалар жəне т.б. жатпағаны абзал.
• Жұмыс істеп тұрған станоктың қандай
да бөлігін ешқашан ұстап алуға тыры-
спау керек.
• Мұқият əрі жұмысыңызды ғана
ойлап
тұрыңыз. Ұқыпты болыңыз.
• Егер сіз ішімдік немесе дəрі
қабылдаған болсаңыз, станокта
жұмыс істемеңіз. Дəрілердің сіздің
мінез құлқыңызға əсер ететінін есте
сақтаңыз.
• Жұмыс аймағынан балалар мен бөтен
адамдарды алшақ ұстаңыз.
• Қосулы станокты қараусыз
қалдырмаңыз. Жұмыс аймағынан
кетер алдында оны үнемі сөндіріп
кетіңіз.
• Станокты тұтанғыш сұйықтық пен газ
жанында қолданбаңыз. Өрт туралы ха-
барлама мен өрт сөндіру əдістерімен
танысыңыз, өрт сөндіргіш құралдың
орны мен жұмыс істеу қағидаларын
зерделеңіз.
• Станокты ылғалды ортада жəне
жаңбырдың астында пайдаланбаңыз.
• Өңдеу алдында дайындамадан
шегелер мен басқа да заттарды алып
тастаңыз.
• Əрдайым жақсы қайралған құралмен
жұмыс істеңіз.
• Дайындама үстел үстінде еш қауіп
төндірмейтіндей боп орналасуы керек.
• Бұрғылау қысқыларының қақпақтары
ашық тұрған кезде ешқашан жұмыс
жасамаңыз.
• Дайындаманың ең үлкен жəне ең кіші
өлшемдерін ұстап тұрған жөн.
•
Қиқым, ағаш қоқымдары мен дайында-
ма бөлігін тек станокты сөндіріп барып
алып тастаңыз.
• Станотың үстіне аяқпен шықпаңыз.
• Электр құрылғысын қосу жəне жөндеу
тек білікті электриктермен жасалуы
тиіс.
• Зақымдалған ұзартқышты дереу ауы-
стыру керек.
• Орнату, монтаждау жəне тазарту
бойынша барлық жұмыстар тек станок
электр желісінен ажыратылғаннан
кейін іске асырылуы керек
.
4.1 Назар аударыңыз:
қауіп
• Станокты ережелерге сай қолданған
күннің өзінде кейбір қауіптер
сақталады.
• Ротационды бұрғымен жарақаттану
қаупі.
• Ұшып кеткен дайындамалардан
жарақаттану қаупі
• Шу мен пайда болатын шаңның қаупі.
• Міндетті түрде жеке қорғаныс
құралдарымен қамтылған жөн, мыса-
лы қорғаныс көзілдірігі, естуді қорғау
құралдары, шаңнан қорғайтын тетіктер
секілді жеке қорғаныс заттарын
пайдаланыңыз. Сəйкес тартқышты
орнату қажет.
• Электр желісіне дұрыс қосылмау мен
зақымдалған сым тоқ соғу зардабына
əкелуі мүмкін.
5. Қораптан алып шығу
1-суретті қараңыз.
• Тасымалдау кезінде зақымдануы
мүмкін бұйымдарды мұқият тексеріңіз.
• Ақаулар табылған жағдайда
шағымдарды жеткізіп берген
компанияға түсірген жөн.
• Жиынтық толықтығын тексеру керек.
Жетпей тұрған компоненттер жайлы
сатушыға айту керек.
• Станок жиналған күйінде жеткізіліп
беріледі. Ажарлау станогымен бірге
жеткізілетін қосымша компоненттер
бір жерде жатуы керек жəне олар құру
алдында ескерілуі тиіс:
A -
Тарелкалы-ленталы ажарлау стано-
гы
B - Жиынтықтағы бұрыштық тірек
C - Артқы тірек
D - Үстел
E - Штифт
F - Тығырығы бар тұтқасап.
Сур. 1
Суретте келесі компоненттер
көрсетілмеген:
• Ажарлау дискісі,
• тұтқасап (2),
• аяқша (4),
• орнатқыш кронштейн (4),
• ішкі алты қырымен бірге бұрандама
M6x16 (2),
• алты қырлы басы бар бұрандама
M6x16 (4),
• бөгеткіш тығырық M6 (2),
• жалпақ тығырық M6 (6),
• алты қырлы сомын M6(4),
• алты қырлы кілт 3 жəне 5 мм жəне со-
мын кілті 13 мм
6. Құру
2-суретті қараңыз
Назар аударыңыз!
• Кейбір компоненттер жетіспеген кезде
құрылғыны жинауға тыйым салынады.
• Компоненттерді ауыстыру үшін осы
нұсқаулықты қолдану керек.
Ескертпе!
• Толық жиналып болмайынша станокты
қолдануға тыйым салынады.
• Осы нұсқаулық толық оқылып,