User Manual
10Сору құрылғысы DC-2300 Қазақша
1. Техникалық қауіпсіздігі
1.1 Дұрыс пайдалану
• Сору құрылғысы тек ағаш өңдеу
кезіндегі пайда болатын шаңды сору
үшін ғана құрастырылған. Оны басқа
мақсаттарға пайдалануға болмай-
ды, тек кейбір жағдайларда ғана
өндірушімен ақылдасқаннан кейін ғана
рұқсат етіледі.
• Сұйықтықтар, металл жоңқалары мен
ұнтақтар, винттар, шыны, пластик
жəне тастар сияқты материалдар сору
құрылғысының кез келген бөлігімен
жанасса, өртенуі немесе бұзылуы
мүмкін.
• Тауар дымқыл ортада жұмыс істеуге
арналмаған.
• Сору құрылғысын өрт қауіптілігі
жоғары жерлерде пайдаланбаңыз.
• Дұрыс жұмыс үшін, берілген нұсқауға
қоса пайдалану жəне қызмет көрсету
бойынша барлық ережелерді ұстану
керек.
• Сору құрылғысының жұмысы мен
техника қауіпсіздігі жəне мүмкін
қауіптілігімен таныс қызметкерлер ғана
оны басқаруы керек. Минималды жас
көлемі талаптары
сақталу керек.
• Сору құрылғысы толығымен дұрыс
жағдайда ғана жұмыс істеуі керек.
• Сору құрылғысын электр көзіне
қоспастан бұрын ,оның барлық
қорғаныс механизмдері мен кожухы
орнатылғандығына көз жеткізіңіз.
• Берілген нұсқаудағы қауіпсіздік талап-
тарына қоса жалпы белгіленген ағаш
өңдеу кезіндегі жаңқа жинауға қатысты
техникалық ережелерімен танысу
керек.
• Тауарды дұрыс пайдаланбаған кезде,
өндіруші
жауапкершіліктен бас тартып,
оны пайдаланушыға береді.
1.2 Негізгі техника қауіпсіздігі
• Сору құрылғысын жинау мен жұмыс
істеу алдында нұсқауды мұқият оқып
ақпараттарды түсініп алыңыз
• Нұсқауды балшық пен сұйықтықтан
қорғалған жерде құрылғының жанында
сақтаңыз, құрылғының жаңа иесіне
беріңіз.
• Сору құрылғысына кез-келген өзгеріс
енгізуге тыйым салынған.
• Сору құрылғысымен жұмыс істеуді
бастамай тұрып, оның қызметі мен
қорғаныш жабдықтарының барын
күнде тексеріңіз . Басқа
жағдайда
құрылғымен жұмыс істеуге тыйым са-
лынады, электрқоректен ажыратыңыз.
• Техникалық қызмет көрсету немесе
сүзгіні ауыстыру кезінде құрылғыны
электр көзінен ажыратыңыз (тоқ айы-
рын розеткадан шығару).
• Сүзгіні ауыстырғанда немесе
тазалағанда бетперде кию керек
(Сүзгілеу бетпердесі).
• Жұмыс істеп тұрғанда немесе тоқтау
кезінде ешқашан құрылғының ортасы-
на кіруге болмайды.
• Қозғалмалы бөлшектерден
жарақаттанып қалмау үшін кіру
жалғағышы құбыршекке жалғанбаған
жағдайда жинақпен бірге келетін
қақпақпен жауып ұстаңыз.
• Электрқоректендіру сымы жұмыс
пен адамдардың қозғалысына бөгет
жасамайтындығына көз жеткізіңіз.
• Есірткі, алкоголь мен дəрілік
заттардың əсерінде станокта жұмыс
істемеңіз. Дəрілер де Сіздің іс
қимылыңызды өзгерту мүмкіндігін
ұмытпаңыз.
• Балалар мен келушілерді жұмыс
аймағына жақын жібермеңіз.
• Жұмыс істеп тұрған станокты қараусыз
қалдырмаңыз. Жұмыс аймағынан кет-
пей тұрып құрылғыны өшіріңіз.
• Газдан немесе сұйықтықтан
тұтанатын заттар жанында құрылғыны
пайдаланбаңыз. Өртті хабарлау мен
өшіру əдістерімен танысыңыз, мыса-
лы,
өртсөндіргіштің орналасқан жері
мен жұмыс істеу қағидатын түсініп
алыңыз.
• Сору құрылғысын дымқыл ортада
пайдаланбаңыз, жаңбырдың астында
қалдырмаңыз.
• Ұшпа буланулар мен түтінді сору үшін
құрылғыны қолданбаңыз.
• Ағаш жаңқалары өртке қауіпті жəне
денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін.
Тропикалық немесе қатты ағаштардың
жаңқасы, мысалы, емен онкогендік
заттар болып табылады.
• Электр жүйесіне қосу немесе
жөндеу
жұмыстарын жасау электр маманда-
рына ғана рұқсат етіледі.
• Электр сымы зақымданса немесе тоз-
са дереу оны ауыстыру керек.
1.3 Өзге қауіптер
• Құрылғыны дұрыс пайдаланған күннің
өзінде қауіп бар.
• Шаң денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін.
Назар аударыңыз!
• Сəйкес келмейтін элекртқорегін неме-
се зақымданған сымдарды пайдалану
тоқ ұру жарақатына алып келуі мүмкін.
• Жерге дұрыс тұйықтамаған кезде
тұтану қаупі бар
Құрметті сатып алушы,
• JET маркалы құрылғыны сатып алу
арқылы , бізге сенім артқандарыңызға
көп рахмет!
• Бұл нұсқау DC-2300 сору
құрылғысының иелері мен
пайдаланушыларының жинау, жұмыс
істеу жəне техникалық қызмет көрсету
барысында қауіпсіздігін қамтамасыз
ету үшін жазылған.
• Мұқият оқып нұсқау мен қосымша
құжаттардағы ақпараттарды түсініп
алыңыз.
• Сору құрылғысы максималды үзақ
əрі жоғары өніммен жұмыс істеуін
қаласаңыз
нұсқаумен мұқият танысып,
берілген нұсқауларды қатаң түрде
сақтуға кеңес береміз.
Мазмұны
1. Техникалық қауіпсіздігі
• Дұрыс пайдалану
• Негізгі қауіпсіздік ережелері
• Басқа қауіптілік
2. Техникалық сипаттамасы
• Мінездемелер
• Дыбыстық эмиссия
• Жеткізу жиыны
• Сору құрылғысының сипаттамасы
3. Жинау жəне іске қосу
• Жинау
• Қосылу
• Электрқосылу
4. Құрылғымен жұмыс істеу
5. Техникалық қызмет көрсету
жəне тексеру
• Сүзгі-қапшықты тазалау жəне ауысты-
ру
6.Ақауларды жою
7. Қоршаған ортаны қорғау
8. Жеткізілетін жабдықтар
Нұсқауда маңызды мəліметке на-
зар аудару үшін келесідей белгілер
қолданылған:
Назар аударыңыз!
Қауіп туралы ескерту
Ескерту
Маңызды қосымша мəлімет
Жалпы ережелер
Барлық нұсқаулар мен
ережелерді оқыңыз