User Manual
21Қазақша Тіреуіші бар айналдыру-рейсмусты станок JPT-10B21
сенімді түрде қолдану үшін тиісті
қауіпсіздік техникасының ережелері мен
келесі ережелерді сақтау қажет.
• Станокты құру мен жұмыс істемес
бұрын нұсқаулықтың мазмұнын оқып
шығып, оны түсініп алыңыз.
• Нұсқаулықты ылғал мен ластан
қорғалған жерде станоктың қасында
сақтаңыз жəне келесі тұтынушыға
беріңіз.
• Станокта қандай да бір өзгертулер
жасауға болмайды.
• Станокпен жұмыс жасамас бұрын күн
сайын қорғаныш тетіктер мен олардың
қызметін тексеріңіз.
• Бұл уақытта станокты қосуға тыйым
салынады, оны кабель ашасын розет-
кадан суырып қана қорғау керек.
• Осы станокта жұмыс бастамас бұрын
кең киімді шешу, ұзын шашты жинау,
галстук, сақина, басқа да əшекей
бұйымдарын шешу жəне жеңдерді
шынтаққа дейін түру керек.
• Қауіпсіз аяқ киім киіңіз, үй аяқ киімі мен
сандалик киюге тыйым салынады.
• Əрқашан жұмыс экипировкасын киген
жөн:
Есту мүшелерін қорғайтын
құралды қолданыңыз
Қорғаныс көзілдіріктерін киіңіз
Шаңнан қорғайтын респиратор
қолданыңыз
• Қорғаныс көзілдірігі;
• Құлақтарға қорғаныс;
• Шаңнан қорғаныс.
Осы станокта жұмыс істегенде
қолғап киюге тыйым салынады!
• Станок тоқтау уақытын бақылаған жөн,
ол он минуттан аспауы қажет.
• Қысылып қалған немесе кесілген
бөлшекті тек қозғалтқыш сөндіріліп,
станок толық тоқтаған кезде алып
тастаған жөн.
• Станокқа қызмет көрсету мен матери-
алды енгізуге орын жеткілікті болатын-
дай етіп орнату керек.
• Жұмыс аймағын
дұрыс
жарықтандырыңыз.
• Осы станок жабық тұрғынжайлада
қолдануға арналған жəне оның
үстелдің қатты жəне тегіс бетінде
мықты орнатылуын қадағалаңыз.
• Электр желісі жұмыс процесіне кедергі
келтірмеуін қадағалаңыз.
• Станоктың жұмыс аймағын таза,
қоқыссыз, май жəне қою майлы
дақтардан ада ұстаған жөн.
Назар аударыңыз!
• Мұқият əрі жұмысыңызды ғана ойлап
тұрыңыз. Ақылды болыңыз.
• Денеңізді ыңғайлы жағдайда ұстаңыз.
• Құрылғы пайдаланылмай тұрған кезде
қорек кабелінің ашасын желі розетка-
сынан алып тастаған жөн.
• Кез келеген техникалық қызмет
көрсету мен пышақтарды ауысты-
ру жұмыстарының алдында қорек
кабелінің ашасын желі розеткасынан
алып тастаған жөн.
• Станокты қоспас
бұрын жұмыс жəне
өлшеу құралы станоктан алынып
тасталғанына көз жеткізу керек.
• Егер сіз шаршап тұрсаңыз станокта
жұмыс істемеңіз.
• Егер сіз ішімдік, есірткі, не дəрі
қабылдаған болсаңыз станокта
жұмыс істемеңіз. Дəрілердің сіздің
мінез құлқыңызға əсер ететінін есте
сақтаңыз.
• Станок жұмыс істеп тұрған кезде не-
месе тоқтағалы жатқанда оның ішкі
жағына
кол сұғуға болмайды.
• Қосулы станокты қараусыз
қалдырмаңыз.
• Жұмыс аймағынан кетер алдында оны
үнемі сөндіріп кетіңіз.
• Жұмыс аймағынан балалар мен бөтен
адамдарды алшақ ұстаңыз.
• Станокты тұтанғыш сұйықтық пен газ
жанында қолданбаңыз. Өрт туралы ха-
барлама мен өрт сөндіру əдістерімен
танысыңыз, өрт сөндіргіш құралдың
орны мен жұмыс істеу қағидаларын
зерделеңіз.
•
Станокты ылғалды ортада жəне
жаңбырдың астында пайдаланбаңыз.
• Өңдеу алдында дайындамадан
шегелер мен басқа да заттарды алып
тастаңыз.
• Ағаш шаңы жарылғыш қаупі бар болып
табылады., сондай ақ денсаулыққа
тигізер зияны да бар.
• Кейбір тропикалық ағаштардың не-
месе қатты ағаштың, мысалы, бүк
пен емен сияқты ағаш үгінділері
канцерогенді заттар болып табылады.
• Əрдайым шаңды жақсы соратын
құрылғы пайдаланған жөн.
• Бекітілген қорғаныс қоршаулары жоқ
болса, жұмыс істеуге тыйым салына-
ды, жарақат алу қаупі үлкен.
• Айналдыру үшін қоршау үнемі орнаты-
лып тұруы керек.
• Қолдарды əрқашан кескіш блоктан
қауіпсіз ара қашықтықта аулақ ұстаған
жөн.
• Өлшемге сай сүргілеу кезінде
өңделетін бөлшекке арналған қатты
тіректі
қамтамасыз ету үшін сүргілеу
қоршауын қолданған жөн.
• Жұқа немесе жіңішке материалды
сүргілеу кезінде қолдарды кескіш
құралдан қауіпсіз ара қашықтықта
ұстау үшін қосымша қоршау қолданған
жөн.
• Өңделетін бөлшекпен жабылмайтын
кескіш блоктың бір бөлігін əрқашан
кескіш құралдың қоршауымен жабу
керек.
• Кескіш блок қоршауының орналасуын
дəл өңделетін бөлшек өлшемімен
реттеген жөн.
• Өңделетін
бөлшекті жылжытқан кезде
кескіш құралдың қоршауының астына
қол сұғуға болмайды.
• Тек үстел үстінде берік жатқан матери-
алды ғана өңдеген жөн.
• 200 мм ден қысқа бөлшектерді
сүргілеу үшін беріп тұратын арнайы
құралдар қажет (мысалы, беретін үлгі).
• Егер де бөлшекті жеткілікті ара
қашықтықтан кескіш блокқа дейін
бағыттау мүмкін болмаса, оны
сүргілеуге тыйым
салынады.
• Өңделетін бөлшекті қоршаумен
жабылмаған блок арқылы артқа
шығаруға тыйым салынады.
• Өңделетін бөлшектің ең үлкен жəне ең
кіші өлшемдерін ұстап тұрған жөн.
• Қиқымдар мен өңделген бөлшек
бөлігін тек станок толық сөнгесін ғана
алып тастаңыз.
• Бөлшекті əрқашан ұзына бойы
сүргілеңіз.
• Əрқашан жақсы қайралған пышақтар
қолданған жөн.
• Ұзын бөлшектермен
жұмыс істеген
кезде станоктың екі жағынан тірейтін
аунақшалар қолданған жөн.
• Үстелдің барлық бетін таза ұстаған
жөн, əсіресе оны шайырдан тазартқан
жөн.
• Барлық автоматты түрде кері
серпілетін штифттер қайта өз орнына
келуі керек (төмен қарай бағытталып).
• Өңделетін бөлшекті сұрыптау немесе
бағыттау кезінде қолдарды станок
астына сұқпаған жөн.
• Станокқа қысқа бөлшектерді
бер-
ген кезде арнайы итергіш құралдар
қолданған жөн (итеру үшін ағаш
бөлігі).
• Өлшемге сəйкес сүргіленетін
бөлшектің ең кіші ұзындығы 160 мм
ден кем болмауы тиіс.
• Өлшемге сəйкес екі бөлшектен артық
сүргілеуге тыйым салынады.
• Беткі қабаттары параллель емес
материалдарды сүргілеу үшін сəйкес
беретін құрылғы қолданған жөн
(беретін үлгілер дайындап қойған
жөн).
• Станоктың үстіне тұруға тыйым салы-
нады.
• Станоктың электрлі бөлігін іске қосу
мен жөндеу жұмыстарын тек білікті