User Manual

26Тіреуіші бар айналдыру-рейсмусты станок JPT-10B Қазақша26
тексерген жөн.
Өңделетін бөлшектің неғұрлым қалың
жағын төменге қаратып берген жөн.
Егер мүмкіндік болса, ағаш
талшықтарының ұзына бойымен
сүргілеген жөн.
Егер де сіз бірнеше рет қиқымдап
сүргілейтін болсаңыз, беткі қабатты
анағұрлым жақсы сапада ала аласыз.
Келесі сүргілеу бірден жүргізілмейтін
болса станокты ағытып қойған жөн.
Кескіш блокты кескіш блок
қоршауымен жапқан жөн.
Қысқа бөлшектерді сүргілеу мен ай-
налдыру арнайы итергіш құралдар мен
үлгілер көмегімен орындалады.
5.2 Өлшемге сай сүргілеу
Реттеуді орындамас бұрын станокты
электр желісінен ажыратқан жөн.
Осы шарттың орындалмауы қауіпті
жарақатқа əкелуі мүмкін.
Егер дəл қазір станок сүргілеу ай-
налдыру операциясына бейімделген
болса, шаң мен қоқыс жою науасын
шешіп алған жөн (В, сур. 15).
Жоғарыдағы «Сүргілеу айналдыру
блогын баптау» бөлімін қараңыз.
Сур. 15
Кескіш блок (C) қоршауын қоршаудан
(A) шетке қарай итеру керек, бұл
жағдайда кескіш блок ашылады.
Кескіш блоктың пышақтары өте өткір.
Олардың қасында жұмыс істегенде
мұқият болған жөн.
Осы шарттың орныдалмауы салмақты
жарақатқа əкелуі мүмкін.
Шаң мен қоқыс жинау науасын (B)
суретте көрсетілгендей етіп бағыттау
керек. Бөлшектер шығатын үстелге
(F2) орнатып,
орналасу оқшаулау
тұтқасының қысқыштарымен (B4)
бекіту керек.
Реттеулер
Сур. 16
Өлшемге сай сүргілеуді реттеу үшін
үстел орналасу бұғаттау тұтқасын (A)
босатқан жөн.
Иінді тұтқасапты (C) сағат тілімен
бұрса, үстел (D) көтеріледі, ал түсіру
үшін сағат тіліне қарсы бұру қажет.
Шкала (E) таңдалған қалыңдықты
көрсетеді.
Үстел орналасуын бұғаттау тұтқасын
тарту қажет.
Дұрыс жұмыс жағдайы:
Бөлшектерді беру үшін бөлшектерді
беру үстелінің шетіне тұрған жөн.
Бөлшектермен жұмыс істеу:
Сатнок үстелін өңделетін бөлшек
қалыңдығымен сəйкес реттеу керек.
Сур. 17
Бөлшекті рейсмусты қосымшаға
ақырындап берген жөн.
Одан соң ол автоматты түрде рейсму-
сты қосымшадан өтеді.
Бөлшекті тіке рейсмусты қосымша
арасынан беру керек.
Бөлшекті сыртқа шығару үшін үстелдің
шығыс жағынан тұрған жөн.
Ұзын бөлшектерді аунақшалары бар
тіректерге салған жөн.
Жұмыс бойынша ескертпелер:
Əрқашан өте жақсы қайралған
пышақтарды қолданған жөн!
Бөлшектің анағұрылым қалың бөлігін
еденге төмен қарай алдымен берген
жөн.
Кесудің ең үлкен тереңдігі 2 мм.
Егер де бөлшек тұрып қалса үстелді
иінді тұтқасап бойымен жартысына
дейін түсірген жөн.
Егер мүмкін болса, ағаш
талшықтарының ұзына бойымен
сүргілеген жөн (сур. 18).
Сур. 18
Аз қиқым түсіре отырып бірнеше рет
сүргілесе, беткі жақтың сапасы өте
жақсы болып шығады.
Егер бірден келесі сүргілеу жоспарлан-
баса, станокты сөндірген жөн.
• 160 мм ден қысқа бөлшектерді өңдеуге
болмайды.
Бір мезгілде ең көп дегенде екі
бөлшекті өңдеуге болады. Екі сыртқы
жақтан берген жөн.
6. Баптау жəне реттеулер
Назар аударыңыз!
Баптау жəне реттеулер қорек
кабелінің ашасы розетка-
дан ажыратылғанда ғана
жүргізіледі!
Станоктың пышақтары өте өткір!
Олармен жұмыс істегенде өте
абай болған жөн. Кесу салдарынан
жарақаттану қаупі бар.
Осы шарттың орындалмауы салмақты
жарақатқа əкелуі мүмкін.
6.1 Пышақтарды шешу
Станокты қорек көзінен ажырату керек.
Пышақтарды шешкен кезде тиісті
қолғаптар киген жөн.
Кескіш блоктың (C) қоршауын
қоршаудан (A) шетке қарай жылжы-
ту керек, бұл жағдайда кескіш блок
ашылады.
Бөлшектерді беру үстелі (K) жағынан
қараған кезде пышақтың тіреуіш
планкасымен сағат тілімен бұра
отырып, алты қырлы бастары бар
бұрандамаларды (A) босату керек.
Қолғаптарды кию керек
.