User Manual

23Қазақша Циркулярлық ара JBTS-1023
Маңызды!
Тасымалдау кезінде моторды сүйеуді
қамтамасыз ету мақсатында станок
ішіне төсейтін материал салынған.
Берілген материалды алып тастау
керек.
Ескерту
Осы нұсқаулықтың спецификациясы
жалпы ақпарат болып табылады.
Шығарушы станоктар құрылымына
өзгерістер енгізу құқығына ие,
бұл құрылғының техникалық
сипаттамасының, оның стандартты
жиынтығының, қосымша бөлшектері
мен сыртқы түрінің өзгеруіне əкеледі.
Сатып алушы құрылғыны баптау, рет-
теу, дайындау, техникалық қызметтерін
өзі жүзеге асырады.
4. Қауіпсіздік техникасы
бойынша ережелер
Қауіпсіздік техникасына өндірушімен
берілген пайдалану жəне техникалық
қызмет көрсету нұсқауын ұстану жа-
тады.
Нұсқауды əрдайым ластан жəне
ылғалдан қорғай отырып сақтаңыз,
кейінгі пайдаланушыларға тапсырып
отырыңыз.
Күнделікті араны іске қоспай тұрып,
қажетті қорғаныс құрылғыларының
жұмыс істеу қабілеттілігін тексеріп
тұрыңыз.
Араның немесе қорғаныс
құрылғыларының анықталған
ақауларын уəкілетті мамандардың
көмегімен тез жою
керек.
Мұндай кезде араны іске қоспаңыз,
электр желісінен ажыратыңыз.
Нұсқауларға сəйкес қажетті жеке
қорғаныс құралдарымен қолданыңыз.
Тығыз жабысып тұратын киім киіңіз,
əшекейлерді, сақиналарды жəне қол
сағаттарды шешіп тастаңыз.
Аралау дискісімен жұмыс жасау үшін
жұмыс қолғабын киіңіз.
Егер шашыңыз ұзын болса, шашқа
арналған торқапшығын немесе бас
киімді киіңіз.
Ұзын дайындамалармен жұмыс
істеген кезде сəйкесінше үстел
ұзартқыштарын, аунақша тіреулерін
қолданыңыз.
Жұмысты бастамас бұрын ара-
лау дискісінің айналыс бағытының
дұрыстығын тексеріңіз.
Аралау дискісі аралауды бастамай
тұрып, айналыстың максималды саны-
на жету керек.
Дисктің толық тоқтағанға дейінгі баяу-
лау уақытына назар аударыңыз, ол 10
секундтан аспау керек.
Аралау дискісін бүйір жағынан басып
өшіруге болмайды.
Дайындаманың керіс соғуына жол
бермеңіз.
Əрдайым аралау дискісінің сынаны
қағып түсіргіш пышағын жəне қорғаныс
қабын қолданыңыз.
Аралау дискісі мен сынаны қағып
түсіргіш пышағының арасындағы
қашықтығы 2-ден 5 мм-ге дейін болу
керек.
Домалақ дайындамаларды аралаған
кезде дайындаманы айналып кетпеу
үшін бекітіңіз.
Жұмыс кезінде барлық дайындама-
лар
берік бекітіліп, олардың қауіпсіз
қозғалысының қамсыздандырылуын
қадағалаңыз.
Дайындаманы ешқашан жай қолмен
ұстап қалмаңыз.
Көлденең аралауды тек қана тіреуіш
көмегімен орындаңыз.
Айналып жатқан аралау дискісін
ешқашан ұстамаңыз.
Қысқа дайындамаларды (120 мм-ден
кіші) ұзына бойы аралау барысында
итергішті қолданыңыз.
Аралап кесілген материал аралау
дискісінің тістеріне ілініп, жоғары ұшып
кетпеуін қадағалаңыз
.
Ойық, сонымен қатар ойық
жоңғыларын іріктемелеу үшін
қолдануға болмайды.
Циркулярлық дискілі араны тығындау,
ойық пен оймакілтектерді кесу үшін
қолданбаңыз.
Аралап кесілген, бекітілген дайын-
дамаларды тек өшірулі мотор мен
аралау дискісінің толығымен тоқтаған
кезінде ғана алып тастаңыз.
Мотордың желдету ойықшалары
əрдайым таза жəне ашық болуын
қадағалаңыз.
Қызмет көрсетуге дайындамалар
берісіне жеткілікті орын қалатындай
етіп, араны орнатыңыз.
Жақсы жарықпен қамтамасыз етіңіз.
Араның тегіс бетте сенімді бекітілуін
қадағалаңыз.
Электрөткізгіш сым жұмыс үрдісіне
кедергі жасамауын жəне оған ешкім
шалыныспайтынын қадағалаңыз.
Жұмыс орнын бөгде заттардан бос
ұстаңыз.
Қосылып тұрған станокты қараусыз
қалдырмаңыз, жұмыс орнынан кетер
алдында оны үнемі өшіріп тастаңыз.
Ылғалды бөлмеде арамен
қолданбаңыз, жаңбырдың астында
қалдырмаңыз.
Жанатын сұйықтықтар мен газдардың
жанында станокпен пайдаланбаңыз.
Қылшақтардың жай ұшқындануы
тұтануға алып келуі мүмкін.
Өрт қауіпсіздігі шараларының
сақталуын, мысалы, өрт сөндіргіштің
жұмыс орнында болуын қадағалаңыз.
Шаңның көп мөлшерде жиналмауын
қадағалаңызəрқашан сəйкесінше
сору құрылғыларын қолданыңыз.
Ағаш шаңы жарылыс қауіпі бар жəне
денсаулыққа
зияны бар болуы мүмкін.
Жұмыс алдында дайындамадан
шегелерді жəне басқа бөгде заттарды
алып тастаңыз.
Дайындамалардың минималды
жəне максималды өлшемі туралы
ережелерді ұстану қажет.
Араға шамадан артық жұмыс
артпаңызегер Сіз оның қуатына
сай қолдансаңыз, ол жақсырақ жəне
ұзағырақ қызмет етеді.
Станокты дайындаманың бөлшектері
мен жоңқалардан өшірулі тұрған кезде
ғана тазартыңыз.
Станоктың электр жұмыстары тек
электршімен жүргізілу керек.
Ұзартқыш кабельді əрдайым барабан-
нан толығымен тарқатыңыз.
Бұзылған желілік кабельді дереу
ауыстырыңыз.
Сөндіргішпен мəселелер туындаса,
араны ешуақытта пайдаланбаңыз.
Барлық орнату, монтаждау жəне
тазалау жұмыстары тек станок электр
желісінен ажыратылғаннан кейін ғана
жүргізілуі тиіс.
Тез кесетін болаттан (HSS) жасалған
аралау дискілерін
қолдануға болмай-
ды.
Бұзылған дискілерді дереу
ауыстырыңыз.
Тозған үстел ішпегін дереу
ауыстырыңыз.
4.1 Назар аударыңыз:
қауіпті
Араны дұрыс пайдаланғанның
өзінде де төменде көрсетілген
қауіптер төнуі мүмкін.
Еркін айналып тұрған аралау
дискісімен жаралану қауіпі
Аралау дискісінің сынығынан болатын
қауіп
Дайындамалардың ұшып түскен
бөлшектерімен жаралану қауіпі
Шу мен шаңнан болатын қауіп-қатер
Міндетті түрде жеке қорғаныс
құралдарын киіңіз (көз, құлақ жəне
тыныс алу жолдарын қорғау).
Сору құралдарын қоданыңыз
!
Кабельдің дұрыс орнатылмауынан
электр тоғымен зақымдану қауіпі.