User Manual

30Циркулярлық ара JBTS-10 Қазақша30
Нұсқау!
Күрделі қисық аралауды (аралау
дискісі бетінің көлбеуімен) орындаған
кезде қауіпсіздік қамсыздандыруын
арттыру үшін бұрыш астында аралауға
арналған құралды оң жағында
қолданыңыз.
Аралау дискісінің биіктігі араланатын
дайындаманың жоғарғы бөлігінің
үстінен 1,8'' (3мм) жуық болу керек.
Аралау дискісінің бұл нүктенің үстінен
орналасуы қауіпті болуы мүмкін.
Сур. 35
Шаң жинағыш
Егер Сіздің станогыңыз қиқымдарды
жинауға арналған қыптамамен
жабдықталған болса, жұмыс бары-
сында шаң жинағыш немесе сору
құрылғысы қолданылу керек.
Шаң жинау қаптамасының кіру
саңылауы 2,5-дюйм немесе 4-дюйм
құбыршектермен жабдықталуы мүмкін
(сур. 36а).
Сур. 36a
Қауіпсіздік Жүйесі
Сыналы тақтай
Сыналы тақтай (сур. 37) станок
көлеміне байланысты жуандығы ша-
мамен 1”(25 мм) жəне ені 4”-тен 8”-ге
дейін (100-200 мм) қатты тіктекшелі
ағаштан орындалу керек.
Ұзындығы болжалды қолдануға сəйкес
реттеледі.
Сыналы тақтайлар үстел бетіне не-
месе бағыттаушы тақтайшаға қысқыш
қапсырмалар арқылы бекітілуі мүмкін.
Егер бекітудің бұл тəсілі қолданылса,
сыналы тақтайда баптауға
арналған ұяшықтарды
алдын ала
ойластырыңыз.
Иллюстрацияда сыналы тақтайды
бекіту мен вертикальді тарақ ретінде
пайдалану тəсілі бейнеленген.
Жазықтық тұрысы да сондай,
айырмашылығы тек бекітілуі үстел
жұмыс бетінің жоғары жағына орында-
луында ғана.
Сур. 37
Бағыттаушы өзек
Бағыттаушы өзек станок жиынтығымен
бірге жеткізіледі.
Оның қолданылуы оператор
қауіпсіздігінің қосымша деңгейі ретінде
қажет.
Төсем
Төсем (сур. 38) жіңішке бөлшектерді
ұзына бойы аралау үшін қажет.
Ол аралау кенебінің қорғаныс
құрылғысын станок бетінде қалдыруға
мүмкіндік береді.
Сонымен қатар ол бағыттаушы өзекті
қауіпсіз қолдануға кеңістік қалдырады.
Сур. 38. Төсем
7. Техникалық қызмет көрсету
Жалпы ережелер
Техникалық қызмет көрсету, тазарту
жəне жөндеу жұмыстарын жүргізбес
бұрын станокты электр желісінен
ажыратыңыз!
Электр құрылғысын іске қосу мен
жөндеу тек білікті электриктерге рұқсат
етіледі.
Күнделікті сору құрылғысының
техникалық жағдайын тексеріңіз.
Станок корпусында дайындаманың
қиқымдары мен үзінділерінің жиналып
қалуына жол бермеңіз. Мотор желдетуі
қиқымдарға толып кетпеу керек.
Бірқалыпты белгілі
уақыт өткен сайын
станокты тазартып тұрыңыз.
Сүргілеу пышақтары, дайында-
ма қозғалысы жетегінің резеңкелі
біліктері, жазық, полисыналы, сыналы
жəне басқа белбеулер, сонымен қатар
станок құрылымында қолданылатын
шынжырлар тез тозатын бөлшектерге
(шығыс материалдары) жататыны
мен кезекті ауыстыруды қажет ететіні
жайлы ескеріңіз.
Мұндай бөлшектерге кепіл берілмейді.
Қорғаныс қаптамалар, станок
құрылымында пайдаланылатын
пластик
пен алюбминийден жасалған
бөлек бөлшектер сақтандыру функ-
цияларын атқарады. Ондай бөлшектер
кепіл бойынша ауыстырылмайды.
Егер қалыпты жұмыстан қорғаныс
құрылғылары мен аралау дискілерімен
қоса, циркулярлық дискілі арада
бұзылу мен ауытқулар пайда болса,
клиенттерге қызмет көрсету бойынша
сервистік қызметке немесе қолайлы
мамандырылған дүкенге барыңыз.
Коллекторлық қылшақтар
• 40 сағат жұмыстан кейін
қылшақтардың жағдайын бақылаңыз.
Қылшақ ұзындығы 3 мм-ден кем бол-
са, оны ауыстыру керек.
Бұрыштық қылшақтар тез тозатын
бөлшектерге жатады жəне оларға JET
компаниясының кепіл міндеттемелері
жатпайды.
Тапсырыс артикулы 708315-2E.
Аралау дискілері
Аралау дискілерін күту тек оқытылған
қызметкерлерге жүктелуі тиіс.
Тек қана қайралған аралау дискілерін
қолданыңыз.
Бұзылған аралау дискілерін дереу
ауыстрыңыз.
Тазарту
Аралауға арналған станокты төмендегі
тəртіп бойынша тазартыңыз.
Нұсқау!
Төмендегі техникалық қызмет көрсету
тəртібінде аралау дискісі күнделікті
қолданылады деп қарастырылған.