User Manual

– 8
АБАЙЛАҢЫЗ
Қауіпті жағдайлар мен
бұйым зақымдалуының
алдын алу үшін бұйымды
пайдалану алдында
қауіпсіздік шараларын
сақтау қажет.
Ерітінділерді, ерітінді
қосылған сұйықтықтарды
немесе ерітілмеген
қышқылдарды (мысалы,
тазалағыш құрал, бензин,
бояғыш еріткіштер жəне
ацентон) су багына
ешқашан құймаңыз, себебі
олар бұйымда қолданылған
материалдардың
бұзылуына апарып соғады.
Бұйымды ешқашан қосулы
күйінде қалдыруға
болмайды.
Тұтқаны құрастырған соң
негізгі бұйымнан
бөлшектемеңіз.
Тұтқа мен негізгі бұйымды
бөлшектеу жұмыстары
тек өкілетті қызмет
көрсету орталықтарында
орындалуы тиіс.
Дене мүшелерін (мысалы,
шаш, саусақтар)
айналмалы тазалағыш
білікшелерден алшақ
ұстаңыз.
Сорғыш бастиекті
тазалаған кезде
қолыңызды қорғаңыз,
себебі өткір заттар
(мысалы, сынықтар)
жарақат алу қаупін
тудыруы мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Бұйымды тек
таза су багы
мен кір су багы
орнатылған кезде
қосыңыз.
Бұйым өткір немесе ірі
заттарды (мысалы,
жарықшақтар, шақпақтас,
ойыншық бөліктері) соруға
арналмаған.
Сірке қышқылын, əктас
кетіргішті, эфир майын
немесе ұқсас
материалдарды таза су
багына құймаңыз.
Сонымен қатар, аталған
материалдардың
сорылмағанына назар
аударыңыз.
Бұйымның желдету
саңылауларын бұғаттауға
болмайды.
Бұйымды
тек суға төзімді
жабыны бар қатты
едендерде (мысалы,
лакпен боялған паркет,
жылтырланған кафель,
линолеум) қолданыңыз.
Бұымды кілемдерді немесе
кілем төселген едендерді
тазалау үшін
пайдаланбаңыз.
Бұйымды еден торы
арқылы конвекторлық
жылытуға бағыттамаңыз.
Шығып кеткен су тор
арқылы бағытталған
кезде, оны бұйымнан
кетіру мүмкін болмайды.
214 KK