User Manual

– 9
Ұзақ уақыт іске қосылмай
тұрған жағдайда жəне
пайдаланудан кейін
бұйымды негізгі қосқыш/
бұйым қосқышын басып
өшіріңіз жəне электрлік
ашаны ажыратыңыз.
Температура 0 °C-ден
төмен болғанда бұйымды
қолданбаңыз.
Бұйымды жаңбырдан
сақтаңыз. Далада ашық
аспан астында сақтауға
болмайды.
Суреттер бүктемелі бетте
қараңыз!
Суреттер бүктемелі бетте
қараңыз!
Сурет
Тұтқа жиегін негізгі бұйымға шерту дыбысымен
тірелгенше енгізіңіз.
Тұтқа жиегі бұйымға берік орнатылуы керек.
Сурет
Тік күйде тұрғанын қамтамасыз ету үшін,
бұйымды тазалау станциясына қойыңыз.
Сурет
Таза су багын тұтқасынан ұстап бұйымнан
шығарыңыз.
Сурет
Бак құлпын ашыңыз.
Таза су багын суық немесе жылырақ құбыр
суымен толтырыңыз.
*Қажетінше тазалағыш немесе күтімге арналған
заттарды қосыңыз.
Толтырған кезде "MAX" белгісінен асыруға
болмайды.
Бак құлпын жауып қойыңыз.
Сурет
Таза су багын бұйым ішіне салып қойыңыз.
Таза су багы бұйымға берік орнатылуы керек.
Нұсқау
*Оған қоса, KÄRCHER тазалағыш жəне күтімге
арналған заттарын таза су багына құюға болады.
"Тазалағыш жəне күтімге арналған заттар" тарауын
қараңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Тазалағыш жəне күтімге арналған заттарды
мөлшерлеу бойынша ұсыныстарды орындаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Сурет
Бұйым тек кір мен сұйықтықтарды (макс. 250 мл)
кетіруге арналған.
Сурет
Жұмысты бастамас бұрын, жарықшақтар,
шақпақтас, бұрандалар немесе ойыншық бөліктері
сияқты заттарды еденнен
кетіріңіз.
Бұйымды іске қоспас бұрын, еденнің елеусіз жерінде
су тұрақтылығын тексеріп көріңіз. Өңделмеген
тозды едендер сияқты суға төзімді төсемдерді
тазаламаңыз (ылғал еденге еніп, оған зақым
келтіруі мүмкін).
Назарыңызда болсын
Желілік кабельге сүріну жағдайларын болдырмау
үшін, тұтқаны бір қолыңызда, ал желілік кабельді
басқа қолыңызда ұстаңыз.
Сурет
Таза жуылған еденде аяқ іздерін қалдырмау үшін,
есікке қарай кері бағытпен жұмыс істеңіз.
Бұйымды тұтқасынан шамамен 60 градустық
бұрышпен ұстап тұрыңыз.
Еденді тазалау əрекеті бұйымды шаң сорумен
бірдей жылдамдықпен алға-артқа жылжыту
арқылы орындалады.
Қатты кірленген жерлерде бұйымды еден
бойынша баяу сырғытыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Бұйым іске қосылған соң, тазалағыш білікшелер
бірден айнала бастайды. Бұйымның өзінен-өзі
жылжып қалуына жол бермеу үшін, тұтқаны
берік
ұстап тұру керек.
Таза су багы сумен толтырылғанына, ал кір су
багы бұйымға орнатылып тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Бұйым сипаттамасы
1 Қосқыш/ажыратқыш
2 Ұстау тұтқасы
3 Кабель ұстағышы
4 Желілік кабелі
5 Кабель қысқышы
6 Тасымалдау тұтқасы
7 Кір су багының қақпағы / айырғыш
8 Кір су багы
9 Тазалағыш білікшенің тұтқышы
10 Тазалағыш білікшелер
11 Сорғыш бастиектің қақпағы
12 Сорғыш бастиектің құлпы
13 Таза су багы
14 Таза су багының тұтқасы
15 Тазалау / тұрақ станциясы
16 Өлшеуіш ыдыс
17 Сүзгіш элемент
18 Тазалағыш зат RM 536
Орнату
Бұйымды іске қосу
Таза су багын толтыру
Пайдалану
Қолдану бойынша жалпы
нұсқаулар
Жұмысты бастау
215KK