Operating instructions

Table Of Contents
– 1
Бұйымыңызды алғаш рет қолдану
алдында осы түпнұсқа пайдалану
бойынша нұсқаулықты және қамтылған қауіпсіздік
бойынша нұсқауларды оқып шығыңыз. Оларға сай
әрекет етіңіз. Кітаптардың екеуін де кейін пайдалану
немесе кейінгі пайдаланушылар үшін сақтап
қойыңыз.
Бұл құрылғы жеке қолданысқа арналған және
өндірістік мақсаттармен қолданылуға арналмаған.
Бұйым шығарушы, мақсатына сәйкес келмеген
қолдану немесе қате қолдану арқылы пайда
болатын зияндар үшін кепілдеме бермейді.
Құрылғы үйдің суару жүйелеріне немесе сумен
жабдықтау жүйесіне (дәретхана, кір жуғыш машина
және т.б.) жіберуге болатын құдықтардан таза суды
(еріген газсыз) тасымалдауға арналған.
Құрылғы бассейндер, бақтағы тоғандар мен
бұрқақтарда пайдаланылуға арналмаған.
АБАЙЛАҢЫЗ
Бұл құрылғымен тасымалданған су ішуге
жарамайды!
0,9 мм дән мөлшеріне дейін ластанған су
Жуғыш сілті
ЕСКЕРТУ
Улы, тез жанатын немесе жарылғыш заттар
(мысалы, бензин, керосин, нитросілтілер),
майлар, мұнай өнімдері, тұзды су мен
дәретхана суы және суға қарағанда
аққыштығы төмен ластанған суды қотаруға
болмайды. Тасымалданатын сұйықтықтың
температурасы 35°C-ден аспауы
тиіс.
Құрылғыны үздіксіз сору үшін немесе тұрақты
инсталлация (мысалы, көтеру жүйелері,
бұрқақ сорабы) ретінде пайдалануға
болмайды.
Бұйымдарымыз үшін әр елде жауапты өтім
серіктестеріміз тарапынан шығарылатын кепілдеме
шарттары күште болады. Егер материалдардың
ақаулығы немесе дайындау барысындағы
қателіктер табылса, біз ықтимал ақаулықтарды
кепіл мерзімі ішінде ақысыз жөндейміз. Кепіл мерзімі
ішінде наразылықтарыңыз болса, аспапты сатқан
сауда мекемесіне немесе жақындағы өкілетті
сервистік қызмет көрсету орнына сатып алу чегін
көрсетіп, хабарласыңыз.
ҚАУІП
Бұл белгі тікелей түрде түсе алатын қауіпті
білдіреді, осы қауіп ауыр дене жаралануына және
ажалды апаттарға апаруы мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Бұл белгі мүмкін болып қалатын бір жағдайды
көрсетіп білдіреді, осы
қауіп ауыр дене
жаралануына және ажалды апаттарға апаруы
мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жеңіл жарақаттануға апарып соғатын ықтимал
қауіпті жағдайға нұсқау.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Материалдық зиянға апарып соғатын ықтимал
қауіпті жағдайға нұсқау.
Құрамындағы заттар туралы анықтамалар
(REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы
мағлұматтарды астыда көрсетілген интернет
беттерімізде оқи аласыз:
www.kaercher.com/REACH
Мазмұны
Мазмұны KK 1
Жалпы нұсқаулар KK 1
Қауіп деңгейі KK 1
Қоршаған ортаны қорғау KK 1
Қолдану KK 2
Тазалау KK 2
Жөндеу KK 2
Тасымалдау KK 2
Бұйымның сақталынуы KK 2
Арнайы жабдықтар KK 3
Кедергілер болғанда көмек алу KK 3
Техникалық мәліметтер KK 4
Жалпы нұсқаулар
Бұйымды мақсатына сәйкес қолдану
Рұқсат етілген айдап қотарылатын сұйықтықтар
Кепілдеме
Қауіп деңгейі
Қоршаған ортаны қорғау
Қаптау материалдары екінші өңдеуге
жарамды. Қаптаманы үй қоқысына
лақтырмауыңызды сұраймыз, оларды
екінші өңдеу үшін бөлек қойыңыз.
Ескі бұйымдарда қайта өңделуге
жіберілуі тиіс бағалы, қайта өңдеуге
болатын материалдар бар. Ескі
бұйымды қоршаған ортаға қауіпсіз
түрде кәдеге жаратыңыз.
46 KK