Operating instructions

Table Of Contents
– 5
Бұйымыңызды алғаш рет қолдану
алдында осы түпнұсқа пайдалану
бойынша нұсқаулықты мұқият оқып
шығыңыз, нұсқауларды орындап,
кейін пайдалану үшін немесе осы бұйымды кейін
пайдаланатын тұлғалар үшін сақтап қойыңыз.
Бұл құрылғы жеке қолданысқа арналған жəне
өндірістік мақсаттармен қолданылуға арналмаған.
Бұл құрылғыны сатып алу арқылы сіз терең
тазалайтын қабілеті бар кілем төселген
едендерді түбегейлі тазалайтын жəне күтім
беретін бүріккіш экстракторға (жуу
шаңсорғышы) ие болдыңыз.
Жуу шлангісінің шүмегіне (жеткізу жинағында
қамтылған) арналған қатты еден саптамасының
көмегімен қатты едендерді тазалауға болады.
Тиісті керек-жарақтардың көмегімен (жинақта
қамтылған) оны əмбебап сорғыш ретінде де
қолдануға болады.
Қаптау материалдары екінші өңдеуге
жарамды. Қаптаманы үй қоқысына
лақтырмауыңызды сұраймыз, оларды екінші
өңдеу үшін бөлек қойыңыз.
Өз мерзімін аяқтаған құралдарда бағалы,
екінші өңдеуге жарамды материалдар бар.
Сондықтан қолданылған жəне ескі
бұйымдарды арнайы іріктеп жинау жүйелері
арқылы қалдықтарға тапсыруыңыз лазым.
Электрлік жəне электрондық бұйымдардың
құрамында қате қолдану немесе қате кəдеге жарату
нəтижесінде адам денсаулығына жəне қоршаған
ортаға қауіп төндіруі ықтимал бөлшектер жиі
кездеседі. Алайда аталған бөлшектер бұйымды
тиісінше пайдалану үшін қажет болады. Осы
таңбамен белгіленген бұйымдарды үй
қоқыстарымен бірге тастауға болмайды.
Сүзгі мен сүзгіш қап экологиялық таза
материалдардан жасалған.
Егер үй қалдықтары үшін рұқсат етілмеген заттар
жоқ болса, қалыпты үй қалдықтарымен бірге
тастауға болады.
Құрамындағы заттар туралы анықтамалар
(REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы
мағлұматтарды астыда көрсетілген интернет
беттерімізде оқи аласыз:
www.kaercher.com/REACH
Бұйымдарымыз үшін əр елде жауапты өтім
серіктестеріміз тарапынан шығарылатын кепілдеме
шарттары күште болады. Егер материалдардың
ақаулығы немесе дайындау барысындағы
қателіктер табылса, біз ықтимал ақаулықтарды
кепіл мерзімі ішінде ақысыз жөндейміз. Кепіл мерзімі
ішінде наразылықтарыңыз болса, аспапты сатқан
сауда мекемесіне немесе жақындағы өкілетті
сервистік қызмет көрсету орнына сатып алу чегін
көрсетіп, хабарласыңыз.
(Мекенжайы артқы жағында берілген)
Егер Сізде сұрақтар пайда болса немесе Сіз белгілі
бір кемшіліктерге тап болсаңыз, біздің KÄRCHER
бөлімшелеріміз Сізге құшырлана көмек көрсетеді.
(Мекенжайы артқы жағында берілген)
Тек түпнұсқа керек-жарақтар мен түпнұсқа қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз, себебі олар бұйымның
қауіпсіз жəне ақаусыз жұмысына кепілдік береді.
Керек-жарақтар мен қосалқы құралдар туралы
ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында
қолжетімді.
Қауіпсіздік ережесін Пайдалану нұсқауындағы
ережелермен қоса, жалпы заңды қауіпсіздік жəне
жазатайым оқиғаны алдын алу талаптарын
сақатаған жөн.
Осы нұсқаулықтарға қарсы жасалған кез келген
қолданыс кепілдің жойылуына əкеледі.
ҚАУІП
Құрылғыны тек жерге тұйықталған ашалы
розеткаға қосыңыз.
Бұйымды тек қана ауыспалы тоққа қосыңыз.
Тоқ кернеуі бұйымның түрі белгісіндегі
көрсетілген кернеуіне сəйкес болуы тиіс.
Кабель ашасы мен электр розеткасын
ешқашан ылғалды қолмен ұстамаңыз не
түртпеңіз.
Мазмұны
Жалпы нұсқаулар KK 5
Қауіпсіздік туралы нұсқаулар KK 5
Қолдану туралы нұсқаулықтағы
символдар мен белгілер KK 6
Бұйым сипаттамасы KK 7
Қолдану KK 7
Күту мен техникалық тексеру
жұмыстары KK 9
Кедергілер болғанда көмек алу KK 9
Техникалық мағлұматтар KK 9
Жалпы нұсқаулар
Бұйымды мақсатына сəйкес қолдану
Қоршаған ортаны қорғау
Сүзгіні жəне сүзгіш қапты тастау
Кепілдеме
Бұйым Қолданушыларға Қызмет Көрсету
бөлімі
Бұйым керек-жарақтары мен қосалқы
бөлшектері
Қауіпсіздік туралы
нұсқаулар
127KK