User Guide

Table Of Contents
Қазақша 131
белгіленген бұйымдарды үй қоқыстарымен бірге
тастауға болмайды.
Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы
мəліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.kaercher.com/REACH
Керек-жарақ жəне қосалқы
бөлшектер
Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы
бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың
қауіпсіз жəне апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік
болады.
Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.
Жеткізілім жинағы
Бұйымның жеткізілім жинағы орауыштың үстінде
көрсетілген. Бұйымды орауыштан шығарғанда
жинақтың толықтығын тексеріп шығыңыз. Керек-
жарақтар жетіспеген немесе тасымалдау кезінде
зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге
хабарласыңыз.
Кепілдік
Əр елде жергілікті дистрибьюторлар берген кепілдік
шарттары қолданылады. Бұйымда материалдық
немесе өндірістік ақаулар анықталған жағдайда,
ықтимал ақауларды кепілдік мерзімі ішінде ақысыз
жөндейміз. Кепілдік мерзіміне наразылықтарыңыз
болса, бұйымды сатқан сауда мекемесіне немесе
жақындағы өкілетті қызмет көрсету орнына
түбіртекті көрсетіп хабарласыңыз.
(Мекенжайы артқы жағында берілген)
Қорғаныс құрал-жабдықтары
АБАЙЛАҢЫЗ
Жоқ немесе өзгертілген қорғаныс құрал-
жабдықтары
Қорғаныс құрылғысы сіздің қауіпсіздігіңізге арналған.
Қорғаныс құрылғысын ешқашан өзгертпеңіз
немесе ажыратпаңыз.
Құрылғыдағы белгілер
(Құрылғы түріне байланысты)
Қысым реттегіші
Жұмыс кезінде қысым реттегіші бу қазанындағы
қысымды мүмкіндігінше тұрақты ұстайды. Бу
қазанында максималды жұмыс қысымына жеткен
кезде, қыздыру өшіріледі, ал бу тару кезінде қысым
төмен түскен кезде қайта қосылады.
Сақтандырғыш қақпақ
Бу қысымы пайда болған кезде сақтандырғыш
қақпақ бу генераторын жабады. Егер қысым реттегіш
жарамсыз жəне бу генераторында артық қысым
пайда болса, сақтандырғыш қақпақта артық қысым
клапаны ашылады жəне келте құбыр арқылы бу
сыртқа шығады.
Құрылғыны қайта іске қосу алдында KÄRCHER
сервистік орталығымен кеңесіңіз.
Сақтандырғыш термостат
Сақтандырғыш термостат құрылғының қызып
кетуінің алдын алады. Қысым реттегіші жұмыс
істемей қалған жағдайда, сақтандырғыш термостат
құрылғыны өшіреді.
Сақтандырғыш термостатты өшіру үшін, KÄRCHER
өкілетті сервистік қызметіне жүгініңіз.
Құрылғының сипаттамасы
Осы нұсқаулықта құрылғының максималды
жабдықталуы сипатталған. Үлгісіне байланысты
жеткізілім жиынтығында айырмашылықтар бар
(қаптаманы қараңыз).
Суреттерді графикалық беттен қараңыз.
Сурет A
1 Индикатор (жасыл) - желіде кернеу бар
2 Бақылау шамы (сарғылт) - қыздыру
3 Сақтандырғыш қақпақ
4 Құрамдас бөліктер тұтқышы
5 Еден қондырмасын тұраққа қою тұтқышы
6 Желілік істікшесі бар желілік байланыстырғыш
кабель
7 Қалақты аспап
8 Бағыттауыш шығыршық
9 Бу тапаншасы
10 Құлыптан шығару түймесі
11 Бу мөлшерін ауыстырып-қосқыш (балалардан
қорғаныспен)
12 Бу тетігі
13 Бу беруге арналған шланг
14 Нүктелік шүмек
15 Дөңгелек щетка (шағын, қара)
16 ** Турбо қондырма
17 ** Дөңгелек щетка (үлкен)
18 Қондырма-щетка
19 Қол қондырмасына арналған микроталшықтан
жасалған қабықша
20 Ұзартқыш түтіктер (2 дана)
21 Құлыптан шығару түймесі
Күю қаупі бар, жұмыс кезінде
құрылғының беті қызады
Будан күю қаупі бар
Пайдалану нұсқаулығын оқып
шығыңыз