Operation Manual

– 1
Бұйымыңызды алғаш рет қолдану
алдында осы іске пайдалану
нұсқаулығын және қамтылған
қауіпсіздік бойынша нұсқауларды оқып шығыңыз.
Оларға сай әрекет етіңіз. Кітаптардың екеуін де
кейінгі пайдалану үшін немесе осы бұйымды кейін
пайдаланатын тұлғалар үшін сақтап қойыңыз.
Бұйымдарымыз үшін әр елде жауапты өтім
серіктестеріміз тарапынан шығарылатын кепілдеме
шарттары күште болады. Егер материалдардың
ақаулығы немесе дайындау барысындағы
қателіктер табылса, біз ықтимал ақаулықтарды
кепіл мерзімі ішінде ақысыз жөндейміз. Кепіл мерзімі
ішінде наразылықтарыңыз болса, аспапты сатқан
сауда мекемесіне немесе жақындағы өкілетті
сервистік қызмет көрсету орнына сатып алу чегін
көрсетіп, хабарласыңыз.
Фирмалық тақтайша жапсырмасын бұйымнан алып
тастауға болмайды. Жапсырма алынғаннан кейін
кепілдік күші жойылады.
Қаптау материалдары екінші өңдеуге
жарамды. Қаптаманы үй қоқысына
лақтырмауыңызды сұраймыз, оларды екінші
өңдеу үшін бөлек қойыңыз.
Ескі құрылғыларда бағалы, қайта өңдеуге
болатын материалдар бар. Сондықтан ескі
бұйымдарды арнайы жинақтау жүйелері
арқылы қайта өңдеңіз.
Нұсқау
Керамикалық контактілі тығыздатқыш сақиналарды
герметизациялау үшін пайдаланатын май
биологиялық ыдырауға бейім келеді. Май жағылған
немесе аққан жағдайда, адамға немесе қоршаған
ортаға кері әсерін тигізбейді.
Құрамындағы заттар туралы анықтамалар
(REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы
мағлұматтарды астыда көрсетілген интернет
беттерімізде оқи аласыз:
www.kaercher.com/REACH
1 Ауыстыру (Автоматты / Қолдап орындау)
2 Тасымалдау тұтқасы
3 Электр тоққа қосу кабелі мен ашасы
4 Сырғытпа (Деңгей сенсоры)
5 Деңгей сенсоры
6 Автоматты желдету құрылғысы
7 Quick-Connect
8 Сорғы жалғағышы (1 ", 1 ¼" және 1 ½ " шланг
жалғауы және G1½ бұрандалы)
9 Кері клапан (SP 6 Flat Inox)
10 Жалғау бөлігі (G1½ - бұранда)
11 Бастапқы сүзгі (алынбалы SP 6 Flat Inox)
12 Тұғырлар (алынбалы SP 6 Flat Inox)
Бұл құрылғы жеке қолданысқа арналған және
өндірістік мақсаттармен қолданылуға арналмаған.
Бұйым шығарушы, мақсатына сәйкес келмеген
қолдану немесе қате қолдану арқылы пайда
болатын зияндар үшін кепілдеме бермейді.
Бұйым ең алдымен ғимарат бөліктерінде су
басылған жағдайда құрғатуға, сондай-ақ,
сауыттардан суды сорып кіргізу және сорып
шығаруға, шұңқырлар мен шахталардан су
шығаруға және қайық пен яхталардан су босатуға
арналған (тұщы су жағдайында).
НҰСҚАУ
Бұйымды үздіксіз сору жұмысы үшін (мысалы,
шығанақтағы үздіксіз су айналымы) немесе тұрақты
қондырғы (мысалы, көтеру жүйелері, бұрқақ сорабы)
ретінде пайдалануға болмайды.
Мазмұны
Мазмұны KK 1
Кепілдеме KK 1
Қоршаған ортаны қорғау KK 1
Бұйым сипаттамасы KK 1
Бұйымды мақсатына сәйкес қолдану KK 1
Рұқсат етілген айдап қотарылатын
сұйықтықтар . . . . . . . . . . . . . . KK 2
Бұйымды іске қосу KK 2
Қолдану KK 2
Жалпы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . KK 2
Автоматты желдету құрылғысы KK 2
Автоматты режим . . . . . . . . . . KK 3
Әдеттегі режим . . . . . . . . . . . . KK 3
Жалпақ сору (SP 6 Flat Inox) . KK 3
Жұмысты аяқтау KK 3
Жөндеу KK 3
Тасымалдау KK 4
Бұйымның сақталынуы KK 4
Сорапты сақтау. . . . . . . . . . . . KK 4
Арнайы жабдықтар KK 5
Кедергілер болғанда көмек алу KK 5
Техникалық мәліметтер KK 6
Кепілдеме
Қоршаған ортаны қорғау
Бұйым сипаттамасы
Бұйымды мақсатына сәйкес қолдану