Quick Reference Guide This story begins with a cool glimpse of light which easily burns into a creative mind. A story of timeless moments of a serious passion prepared to become a delicious art creation.
Индекс KK 3 Парағы
Tall 400 Built-in Fridge/Freezer Combination KK Қысқаша анықтамалық нұсқаулық This story begins with a cool glimpse of light which easily burns into a creative mind. A story of timeless moments of a serious passion prepared to become a delicious art creation.
Қысқаша Нұсқаулық KITCHENAID ӨНІМІН САТЫП АЛҒАНЫҢЫЗ ҮШІН РАҚМЕТ Толығырақ көмек алу үшін, құрылғыңызды www.kitchenaid.eu/register сайтына тіркеңіз Құрылғыны пайдаланбас бұрын Қауіпсіздік нұсқаулығын мұқият оқыңыз. Алғашқы рет пайдалану Құрылғыны орнатылғаннан кейін, қуат көзіне қоспас бұрын кемінде екі сағат күтіңіз. Құрылғыны желіге қосыңыз да, ол автоматты түрде жұмыс істей бастайды. Тағамға арналған тиісті сақтау температуралары зауытта алдын ала орнатылған.
Басқару Панелі Fresh control (Балғын күйде сақтау) Құрылғы автоматты түрде оңтайлы ішкі сақтау температурасына жылдам жетеді. Бұл функция сондайақ аспаптың ылғалдылығын басқаруға мүмкіндік береді. Осы мақсатта дұрыс жұмыс істеуі үшін, желдеткіш те іске қосулы болуы тиіс. Функцияны іске қосуға/өшіруге болады (Желдеткіш сипаттамасын қараңыз). Желдеткіш* Желдеткіш өнім ішіндегі температура таратылуын жақсартып, тоңазытқыштағы тағамның жақсырақ сақталуына және артық ылғал төмендетуге мүмкіндік береді.
Fast freeze (Тез мұздату) Мұздату аймағына тағамның үлкен мөлшерін салардан бұрын 24 сағат түймесін басыңыз. Функция іске қосылғанда белгішесі жанады. Функция 48 сағаттан кейін автоматты түрде немесе түймесін басқаннан кейін өшеді. Ескертпе: Жас тағам мен бұрын қатырылған тағамның бір біріне тікелей тиіп тұрмауын қадағалаңыз. Мұздату жылдамдығын оңтайлы ету үшін тартпаларды алып шығып, тағамды камераның ішіне салуға болады.
Тазалау Кез келген тазалау немесе қызмет көрсету жұмысының алдында құрылғыны электр желісінен немесе электр қуатының көзінен ажыратыңыз. Ысқыш заттарды ешқашан пайдаланбаңыз. Тоңазытқыш бөлшектерін ешқашан жанғыш сұйықтықтармен тазаламаңыз. Бу тазалағыштарды пайдаланбаңыз. Түймешіктер және басқару панеліндегі дисплей спиртпен немесе құрамында спирт бар заттармен тазартылмауы тиіс, тек құрғақ матаны пайдаланыңыз.
KK Италияда басып шығарылған 400011218674