Жұмыс істеу және орнату нұсқаулықтары
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулықтары 4 Қоршаған ортаны сақтау 5 Қуатты үнемдеу кеңестері 6 Құрылғыны қолданар алдында 6 Сақтық шаралары және жалпы кеңестер 6 Мұз және/ немесе су диспенсерін (егер бар болса) тазалау, залалсыздандыру және күтіп ұстау 7 Орнату талаптары 8 Техникалық сипаттамалары 9 Орнату 9 Кіріспе 11 Алғашқы қолданыс 12 Ақаулықтарды жою нұсқаулығы 14 Кепілді қызмет көрсету 15
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулықтары Түпкі нұсқаулықтар ағылшын тілінде берілген. Басқа тілдегі барлық нұсқаулықтар түпнұсқалық үлгіден аударылған. • ЕСКЕРТУ: құрылғы тұрақсыздығынан болатын қауіпті болдырмас үшін, орнату немесе бекіту шаралары өндірушінің нұсқаулықтарына сай етіп орындалуы тиіс. • ЕСКЕРТУ: құрылғының желдету саңылауларына ешнәрсе кедергі келтірмейтіндей етіп ұстаңыз. • ЕСКЕРТУ: құрылғының тоңазытқыш затының айналым түтіктерін зақымдап алмаңыз.
стандарттарына сәйкес құрылған көп полюсты қосқыш арқылы ажыратылуы тиіс. • Құрылғыны жерге тұйықталған ұяшыққа қосыңыз: құрылғы рұқсат етілген жерге тұйықтау жүйесіне дұрыс қосылуы тиіс. • Жалғыз/көп көзді бейімдеуіштерді немесе ұзартқыш сымдарын қолданбаңыз. • Орнату барысында құрылғының тоқ сымына зақым келтірмеуін қадағалаңыз. • Құрылғының тоқ сымын тартпаңыз • Құрылғыны екі немесе бірнеше адам қозғауы және орнатуы тиіс.
Қуатты үнемдеу кеңестері • Құрылғыны құрғақ, жақсы желденетін, кез келген жылу көзінен алшақ (мысалға, радиатор, пеш және т.б.) және күн көзі тікелей түспейтін жерге орнатыңыз. Қажет болса, оқшаулағыш тілімшені қолданыңыз. • Жеткілікті желдетуді қамтамасыз ету үшін орнату нұсқаулықтарын орындаңыз. Құрылғыны қолданар алдында Құрылғыны мүмкіндігінше дұрыс пайдалану үшін, өнімнің сипаттамасы мен пайдалы кеңестері жазылған жұмыс істеу нұсқаулықтарын мұқият оқыңыз.
Мұз және/немесе су диспенсерін (егер бар болса) тазалау, залалсыздандыру және күтіп ұстау Зарарсыздандыруға қатысты нұсқауларды орындамау берілетін судың тазалық тұрғысынан қауіпсіз болуына кері әсер етуі мүмкін. • Құрылғыны алғаш рет пайдаланған кезде және сүзгіні ауыстырған сайын суды 6-7 минут ағызуға тең келетін алғашқы 9-14 литрін төгіп тастаңыз (міндетті түрде кезегімен емес, бірақ алғаш тұтынардан бұрын) да, алғашқы 24 сағатта қатқан мұзды төгіп тастаңыз.
Орнату талаптары Орналастыратын аймақ шарттары Мұз жасау машиналары бөлме температурасы 5ºC (41ºF) және 43ºC (109.40ºF) аралығында жұмыс істеуге арналған. Корпус көлемі Мұз жасағышты дұрыс орнату үшін жиһаз бөлігіндегі саңылаудың көлемі сызбада орнатылған көлемге сай болуы тиіс (560x440x560 мм). Ағызба сызбада көрсетілген орында болуы тиіс. Корпустың сол жағында және машинаның төменгі деңгейінің астында. Осылайша, иілгіш түтіктер машинаны суырып алуға кедергі келтірмейді.
Техникалық сипаттамалар - Өлшемдері: Сыртқы: 596x455x22 Корпус саңылауының өлшемі: 560x440x560 - Сырғымалы рельстерге орнату. - Өндіріс: Номиналды өнім: 10 кг/24сағ (Қоршаған орта температурасы 20°C / Су температурасы 15°C). - 12 текше/айналым - мұз текшесінің салмағы 22 гр - Мұз қоймасы: 8 кг - Қуат көзіне қосу: - Қуат көзі: 220 В / 50 Гц. - Қуат: 250 Вт - Кернеу: 1,8 A - Суға жалғау: - - Салқындату: - Тоңазытқыш зат: R134A - Ауа конденсациясы. Алдыңғы кіріс. Артқы шығыс.
2. Машинаның бекіткіш белдігін суреттегідей етіп бұраңыз. 3. Ағызба түтіктерінің бекіту сақиналарын бұраңыз. 4. Машинаны өткізгіштердің тірек бұрыштарына қойыңыз. Бұрандаларды бекітер алдында арнамен майда сырғи алатынын тексеру үшін оның енінің жалпақтығын келтіріңіз. Су Құбыры Жүйесіне жалғау Машинамен бірге жабдықталған екі сүзгіш торабы бар иілгіш түтікті қолданыңыз. Қысым 1 және 5 Бар аралығында болған дұрыс. Егер қысым ол мөлшерден асып кетсе, қажетті жөндеуші құралдарды орнатыңыз.
Кіріспе - Ауыз суын толтыру үшін құрылғыны су құбырына қосу қажет және қалған суды ағызу үшін құрылғыны ағызбаның қуысына жалғау қажет. - Құрылғы айналмалы түрде жұмыс жасайды: өндіріс айналымы науа толғанша жұмыс істейді; су қоймасы толған кезде мұз науасының астындағы термостат құрылғыны автоматты түрде тоқтатады. - Мұздың мөлшері белгілі бір деңгейден төмендеген кезде, қолдануға немесе жібітуге байланысты, осы термостат құрылғыны іске қайта қосады.
Алғашқы қолданыс Реттеулер Ескерту: реттеулер мәзірін ашпас бұрын, құрылғының өшіп тұрғанына көз жеткізіңіз. Келесі параметрлерді орнатуға болады УАҚЫТ ҚҰРЫЛҒЫНЫ БАҒДАРЛАМАЛАУ МҰЗ ТЕКШЕЛЕРІНІҢ САНЫ МҰЗ ТЕКШЕСІНІҢ ӨЛШЕМІ ТІЛ Уақытты орнату Бағдарламаны таңдау меңзерін қолданып, қажетті уақытты орнатыңыз (біріншіде сағат көрсетіледі, содан кейін минуттар көрсетіледі) және таңдауыңызды әр сатыда OK түймесін қолданып растаңыз.
Іске қосу Құрылғы зауыттағы мәндерге алдын ала орнатылып, реттелген болады. Ескерту: Электр қуаты жоғалған кезде барлық мәндер жоғалады, сол үшін оларды қайта реттеу қажет. Құрылғыны өшірмес бұрын, оны мұқият тазалап шығу керек; “Күтіп ұстау және тазалау” тарауын қараңыз. - Істекшені электр ұяшығына сұғыңыз. - ҚОСУ түймесін бірнеше секунд бойы басып ұстап тұрыңыз. - Құрылғыны қосқаннан соң екі минут өткеннен кейін су айналымының сорғышы және салқындату жүйесі іске қосылады.
Ақаулықтарды жою нұсқаулығы Егер құрылғы дұрыс жұмыс істемей тұрса немесе мүлдем жұмыс істемей тұрса, техникалық көмек қызметіне хабарласпас бұрын, келесі дабыл кестесіне жүгініңіз: Дабыл Ықтималды себебі Растау Қойманың толуы Себет Машина тоқтап тұр Термостаттың ақауы Сақтау себетіндегі мұз текшелері термостат таяқшасына тимей тұр Айналым термопіскісі.
Кепілді қызмет көрсету Кепілді қызмет көрсету орнына хабарласар алдында: 1. Ақауды өз бетіңізбен жөндей алмайтыныңызға сенімді болыңыз. 2. Ақаудың жөнделгеніне көз жеткізу үшін құрылғыны қайта қосып көріңіз. Егер жөнделмесе, құрылғыны қуат көзінен ажыратып, бір сағаттай күткен соң ғана қайта қосыңыз. 3. Егер ақаудан құтыла алмасаңыз, Кепілді қызмет көрсету орнына хабарлаңыз.
Printed in Italy r 09/16 400011026348 KK