Instruction for Use

13
Іске қосу
Құрылғы зауыттағы мәндерге алдын ала орнатылып, реттелген болады.
Ескерту: Электр қуаты жоғалған кезде барлық мәндер жоғалады, сол үшін оларды қайта
реттеу қажет.
Құрылғыны өшірмес бұрын, оны мұқият тазалап шығу керек; “Күтіп ұстау және тазалау”
тарауын қараңыз.
- Істекшені электр ұяшығына сұғыңыз.
- ҚОСУ түймесін бірнеше секунд бойы басып ұстап тұрыңыз.
- Құрылғыны қосқаннан соң екі минут өткеннен кейін су айналымының сорғышы және
салқындату жүйесі іске қосылады.
Күтіп ұстау және тазалау
Кез келген күтіп ұстау немесе тазалау шараларына кіріспес бұрын құрылғыны электр
қуат көзінен әрқашан ажыратыңыз.
Жылы суға және бейтарап тазалау ерітіндісіне малынған матаны қолданып,
құрылғының ішін тұрақты түрде тазалап тұрыңыз. (Тазалау шарасын кем дегенде
алты айдың ішінде бір рет атқарып тұру қажет)
Абразивті тазалау заттарын ешуақытта қолданбаңыз.
Бумен тазалау құралдарын қолданбаңыз.
Түймелер панелін және дисплейді алкоголь негізіндегі немесе ұқсас заттарды
қолданып тазалауға болмайды. Тек құрғақ матаны қолданыңыз.
Ішкі қойманы тазалау
Құрылғыны электр қуат көзінен ажыратыңыз және қалып қалған кез келген мұз
текшелерін қоймадан алып тастаңыз.
Жылы суға және бейтарап тазалау ерітіндісіне малынған матаны қолданып тазалаңыз.
Қақ қалдықтарын арнайы қақ кетіру өнімін қолданып кетіріңіз. Өнім әсер еткенше күте
тұрыңыз, содан кейін құрғақ матамен сүртіп алыңыз.
Заласыздандыру
Залалсыздандыру шарасы білікті техникалық қызмет көрсетушілермен әр алты ай сайын
жасалуы тиіс.