Installation

11
Панельдерің өлшемдері 18-21 беттер аралығында кестеде және суреттерде көрсетілген.
Соған қарамастан, өзге ас үй жабдықтарымен теңестіру қажеттілігіне орай, есік панелін тоңазытқыш
есігінің төбедегі қырынан жоғары орнатуға болады, ал тартпа панелін тартпаның төменгі қырынан
төмен орнатуға болады.
Панельдерді есіктер мен тартпаларда арнайы орнатылған бекіткіштерге арнайы тұтқалармен және
панельді бекітіп тік ұстап тұратын қапсырмалармен орнату керек.
Тұтқалар, қапсырмалар және бекіткіш бұрандалар құрылғымен бірге жабдықталады және оларды
панелге көрсетілгендей қолдану керек.
Келесі қадамдарды орындаңыз:
Құрылғыға панельдерді орнату үшін, панельдің
артқы жағында келесі жұмыстарды жасау қажет.
Есіктің Панелі
Панельдің енін жартыға бөлетін сызық сызыңыз 1.
Панельдің Төменгі жиектерінен бастап,
қапсырмалардың орнын белгілеңіз 2.
Тиісті кестеге сәйкес, алдымен сыртқы, сосын
ішкі саңылауларды белгілеңіз 3.
Әрленген есік және төменгі тартпа панельдерінің кіріктіріліп
орналасуы