Instruction for Use

11
Температураны түрлі қажеттіліктерге сай реттеу
Әртүрлі бөлімшелердегі температураны реттеу
үшін, сол бөлімшеге арналған жоғары/төмен
түймесін қолданыңыз.
Егер “пернетақта бұғатталған” хабарламасы
пайда болса, Мәзір және Жоғары/Төмен
түймелерінбір уақытта 3 секунд бойы басып
тұрыңыз.
Шарап бөлімшесі
Әр үлгі өндіріс орнынан шығарарда мұқият
тексеріледі және өнімді түрде жұмыс істеуі мен
қуат тұтынуы төмен болу үшін, алдын-ала
реттеледі.
Шарап сақтау үшін алынатын мінсіз
температура сақталатын шараптың түрлері мен
сақтау әдістеріне байланысты болады (сақтау
мен тұтыну үшін Шарап Қоймасы, қымбат
құмыраларды жетілдіру мен сақтау үшін
Тағамдар Бары).
Ол, сондай-ақ, адамның жеке талғамына
байланысты әртүрлі болады.
Осы нұсқаушаның ішінде алда айтылатын
шарап сақтау ережелеріне жүгінуіңізге болады.
Қажет болғанда, температураларды
төмендегідей қайта реттеуге болады:
- Тағамдар Бары Бөлімшесі:
+10° C ан +18° C-ке (50° F -тен 53.6° F-ке).
Әдепкі температура +12° C (53.6° F).
- Шарап Қоймасы бөлімшесі:
+4° C ан +12° C-ке (39,2° F -тен 53.6° F-ке).
Әдепкі температура +10° C (50° F).
Көп температуралы бөлімше
Көп температуралы бөлімше әдепкіде мұздату
режиміне реттелген, бірақ, ол, сондай-ақ,
тоңазытқыш немесе Динамикалық 0° бөлімше
ретінде де жұмыс істей алады.
Оларды ауыстыру нұсқамалары ерекше
қызметтер мен реттеулер параграфында
берілген.
Қажет болғанда, температураларды
төмендегідей қайта реттеуге болады:
- Мұздатқыш бөлімшесі: -15° C-тен -22° C-ке
(5° F-тен -7,6° F-ке).
Ұсынылған әдепкі температура -18° (0° F)
болып табылады
- Тоңазытқыш бөлімшесі: +2° C-тан +8° C-ке
(35,6° F-тен 46,4° F-ке).
Ұсынылған әдепкі температура +5° C (41° F)
болып табылады.
- Динамикалық бөлімшесі: -2° C-тан +2° C-ке
(28,4° F-тен 35,6° F-ке).
Ұсынылған әдепкі температура 0° (32° F)
болып табылады.
Егер “пернетақта бұғатталған” хабарламасы
пайда болса, Мәзір және Жоғары/Төмен
(Төмен) түймелерін бір уақытта 3 секунд
бойы басып тұрыңыз.
Егер есіктер жиі ашылса, бөлме
температурасындағы тағам салынса немесе
тағам үлкен мөлшерде салынса, көрсетіліп
тұрған температура орнатылған
температурадан сәл өзгеше болуы мүмкін.
Таңдалған температураның орнығуына 6
сағаттан 12 сағатқа дейінгі уақыт қажет.
Кіріктірілген басқару жүйесі жарық сигналдары немесе дисплейде көрсетілетін мәтін
хабарламалары арқылы ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Ақпараттық сигнал әрқашан тұрақты мәтін хабарламасы ретінде көрсетілсе, ақаулық сигналының
мәтіні жыпықтап тұрады.
Кейбір ақаулық сигналдарымен бірге келетін акустикалық сигналдарды басты басқару панеліндегі
Дабыл түймесін басу арқылы өшіруге болады.
Ақаулықтар сигналдарының тізімі осы нұсқаманың артында орналасқан.
Дисплейдегі ақпарат және ақаулық сигналдары