Instruction for Use

23
Балғын тағамдарды сақтау кеңестері
Көкөністер
Көкөністерді суық сумен жуып, дұрыстап құрғатыңыз. Көкөністерді вакуум
сауыттарға, пластикалық сауыттарға, немесе көкөніс қаптарға салыңыз.
Жемістер
Балғын жемістерді жуып, құрғатыңыз. Аса хош иісті жемістерді пластикалық
қаптарға қаптаңыз. Жемістер
төмен ылғалдылықта Динамикалық 0° бөлімшесіне орналастырылуы қажет.
Қапталған ет
Тоңазытқыштың ішіне өзінің бастапқы қабымен орналыстырыңыз.
Ашылған соң, қалған тағамдарды пластикалық қаптарға немесе алюминий
қағазына ораңыз.
Балғын ет,
балық және құс
еті
Әуелгі қапшығын алып тастап, пластикалық қаптарға немесе сауыттарға салыңыз
да, дереу тоңазытқыштың ішіне қойыңыз.
Жұмыртқалар
Жұмыртқаларды өз қаптамасында немесе ыдысында тоңазытқыштың ішіне
жумай салыңыз. Жұмыртқалардың жарамдылық мерзімін тексеріңіз және оларды
сатып алғаннан кейін екі аптаның ішінде қолданыңыз.
Сүт, кілегей
және ірімшік
Бұл заттарды өздерінің түпнұсқалық жабық қаптамасында сақтау қажет. Оларды
тоңазытқыш сөрелеріне қойыңыз және сатып алғаннан кейін бес күн ішінде
қолданыңыз.
Ірімшіктер
Ірімшікті тоңазытқышқа өзінің түпнұсқалық қаптамасында салыңыз. Ашқаннан
кейін полиэтилен пакетіне немесе алюминий қақтамасына саңлаусыз түрде орап
қойыңыз.
Қалдықтар
Қалдықтардың салқындағанын күтіңіз, құрғап кетуді және исітердің шығуын
болдырмас үшін оларды алюминий қақтамасына ораңыз немесе жабылатын
ыдыстарға салыңыз.
Мұздатылған тағамдарды сақтау кеңестері
Мұздатылған
тағамдар
Мұздатқышқа қойғанда тағамдарды полиэтилен пакетіне салыңыз.
Ол пакеттерді ауа мен ылғалдылық кірмейтіндей етіп саңлаусыз түрде жабу керек.
Жібіген етті қайта мұздатпаңыз.
Электр тоғы ұзақ уақыт бойы жоқ болғаннан
кейін қосылғанда, дыбыс сигналы
температураның сақтауға ең қолайлы
температураға қарағанда жоғары екенін
білдіреді.
Осы температуралар дисплейде бір минут
бойы көрсетіледі. Бұл қолданушыға
сақталған тағамды пайдаланудың ең
қолайлы жолын таңдауға көмектеседі.
Бір минуттан кейін дисплейлер әдеттегідей
жұмыс істей бастайды, ал Дабыл түймесі
жыпықтай береді. Жазылып алынған
жоғарғы температураларды көру үшін
Дабыл түймесін түртіңіз.