Instruction for Use
10
Газға жалғау
ISO 7/1
ISO 228/1 (FR)
ЕСКЕРТУ! Бұл әрекетті білікті техникалық маман
орындауы тиіс.
• Газ жабдықтау жүйесі жергілікті ережелерге сай болуы
тиіс.
• Кейбір елдердің жергілікті ережелері “Жергілікті
ережелерге сілтеме” параграфында берілген. Егер
еліңізге қатысты ақпарат ұсынылмаса, толығырақ
ақпаратты орнатушыдан сұраңыз.
Пешті газ құбырына немесе газ құтысына қосқыштары
жергілікті ережелерге сай жасалған мықты қола немесе
құрыш түтік немесе үздіксіз тат баспайтын құрыш
шлангы арқылы жалғау қажет. Шлангының максималды
ұзындығы 2 метр болуы тиіс.
• Келте қосқыш жинағын пештің негізгі жабдықтау
түтігіне жалғап, EN 549 стандартты тығыздағышты,
суретте көрсетілгендей, салыңыз.
МАҢЫЗДЫ: егер тат баспайтын құрыш түтік
қолданылса, жиһаздың қозғалғамалы бөліктеріне
жанаспайтындай қылып орнатылуы тиіс. Ол бөгетсіз
аймақ арқылы жүргізіліп, оны ұзындығынан тексеру
мүмкін болатындай етіп орнату қажет.
• Газ құбырына жалғаған соң, сабынды сумен жылыстау
мүмкіндігін тексеріңіз. Жанарғыларды жағып,
түймелерді максималды күйінен минималды күйіне
қосып, жалын тұрақтылығын тексеріңіз.
Электр қосылымдарын ағымдағы заңнамаға сай,
білікті маман орындауы тиіс.
• Кернеу және қуат шығыны туралы ақпарат сериялық
нөмір тақтасында көрсетілген.
• Құрал жерге тұйықталуы тиіс.
• Құрылғыны орнатқанда, бұл пешті 3мм қос полярлы
қосқышпен қорғауға кеңес береміз.
• Егер зақымдалса, қуат кабелін дәл осындай қуат
кабелімен ауыстыру қажет. Бұл әрекетті сатып
алғаннан кейін қызмет көрсету орталығы
орындағаны дұрыс. Тұтынушыға қызмет көрсету
орталығына 00800-3810-4026 телефоны арқылы
хабарласыңыз.
• Ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Жоғарыдағы ережелерді орындамау нәтижесінде
болған адам жарақаты, жануар немесе мүлікке
зақым келу жағдайларына қатысты
жауапкершіліктен өндіруші бас тартады.
Электр қосылымы
L
Жер
(сары/жасыл)
N










