Instruction for Use

13
Тазалау және/немесе жөндеуге дейін,
пешті алдымен қуат көзіне ажыратып,
әбден суығанша күтіңіз.
Пешті күтіп ұстау үшін, әр қолданыстан
кейін тамақ қалдықтарын алып, таза
күйінде ұстау қажет.
Пештің беткейін тазалау үшін:
эмаль және әйнек бөліктерін жылы су
және жұмсақ жуғышпен тазалап отыру
қажет.
тат баспайтын құрыш беткейі қатты су
немесе күшті тазалағыш өніммен ұзақ
уақыт бойы қатынасса, оған дақ түсуі
мүмкін. Шашырандыларды (соус, кофе,
т.б) жылдам сүртіп алыңыз. Жылы
сумен және жұмсақ жуғышпен жуып,
шайып, жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз
немесе тат баспайтын құрышқа
арналған сүрткімен сүртіңіз. Тат
баспайтын бөліктерін тазалау үшін
арнайы жуғышты ғана пайдаланыңыз.
Қатты өнімдерді немесе коррозияға
себеп болатын, хлорға негізделген
өнімдерді немесе ысқыштарды
қолданбаңыз.
Бумен тазалағыштарды қолданбаңыз.
Жалындағыш өнімдерді қолданбаңыз.
Сіркесу, қыша, тұз, қант немесе лимон
шырыны сияқты қышқылға немесе
сілтіге негізделген заттардың пештің
үстінде ұзақ уақыт қалуына жол
бермеңіз.
Жалпы тазалау және жөндеу
Тазалау үшін темір табандар мен
жанарғыларды алуға болады.
1. Ыстық су және сабынмен жуып, барлық
лас жерлерін тазалаңыз,
жанарғылардың саңылаулары бітеліп
қалмауын қадағалаңыз. 12-бетте
көрсетілген таратқыш (С) жезден
жасалған, қатты ысығанда күюі мүмкін.
Жезге арналған арнаулы   өнімді
қолданып, әрқашан тазалап отырыңыз.
Жылы су және жұмсақ жуғышты
қолданып, таратқышты тазалаңыз (12-
беттегі (C) элементі).   Күшті өнімдерді
немесе ысқыштарды қолданбаңыз,
беткейінің ерекше қабаттарын
бүлдіреді.
2. Шайып, жақсылап құрғатыңыз.
3. Жанарғылар мен қақпақшаларын
орындарына салыңыз.
4. Темір табандарды салғанда, әр
жанарғының табаны дұрыс салынуын
қадағалаңыз.
Ескеріңіз: Электронды тұтатқыштары мен
термажұптары бар пештердің
тұтатқышының ұшы мен термажұптарын
әрқашан және жиі тазалап отыру қажет.
Дымқыл шүберекпен абайлап тазалаңыз.
Тағам қалдықтарын тіс істіктер немесе
басқа үшкір затпен алу қажет.
Электронды тұтату жұмысына зақым
келтірмес үшін, жанарғылары мен
табандарын орындарына салмай
қолданбаңыз.
Газ жанарғыларын күту және жөндеу